Қазақстан республикасының білімбұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
Әдістемелік нұсқау
«ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ 2020-2021 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 9-сыныптарында «Информатика» оқу пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына сәйкес жаңартылған мазмұны бойынша 5-9- сыныптарға арналған «Информатика» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады (№9 қосымша). 2020-2021 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 7 және 8-сыныптарында «Информатика» оқу пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 (12-қосымша), 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 (200-қосымша) бұйрықтарына сәйкес оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Осы оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі 49-кестеде көрсетілген.
Оқу жүктемесінің көлемі Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы компьютердің жұмыс істеу қағидаларын түсінуді, объектілер мен жүйелерді талдау қабілеттерін, алгоритмдер әзірлеу және бағдарламалауды, шешімдер мен программалық қосымшаларды модельдеу және жобалауды, сондай-ақ түпкілікті өнімді бағалауды білім алушылардың бойында қалыптастыруды көздейді. Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған: білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әртүрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру; ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану дағдыларын дамыту; білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеуде, программалық қосымшаларды дайындауда және өз өнімдерін бағалауда компьютер жұмысының негізгі қағидаларын меңгеру; талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту; білімалушылардың тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын логикалық, алгоритмдік, есептеу сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, ойлауды дамыту; білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу; білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету. Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми - зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек. Сонымен қатар, білім алушылар Интернет - қол жетімді ақпарат көздерінің бірі болып табылатынын, оларға қол жеткізе және әр түрлі көздерден деректер жинай алатынын, сондай-ақ интернет-кеңістікте жұмыс істеу ережелерін, киберқауіпсіздік негіздерін, сондай-ақ жұмыс барысында этикалық нормаларды сақтау ережелерін ұстануы тиіс екенін біледі. Білім алушыларда когнитивті қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше қолдану және оқу курсының мазмұны арқылы өз білімдерін толықтыру қабілетін дамытуға, проблемалы - бағытталған оқыту технологиясын пайдалануға, өнертапқыштық тапқырлық біліктерін дамытуға назар аудару қажет. «Информатика» оқу пәні7-8 сыныптарда «Информатика» пәнінің базалық мазмұны өткен оқу жылындағыдай, өзгеріссіз. 9 сыныптарда «Информатика» пәні жаңа оқу бағдарламасы бойынша оқытылады. «2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат,Нұр-Сұлтан қ. – 2020 жыл; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары; 2020-2021 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 9-сыныптарында «Информатика» оқу пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына сәйкес жаңартылған мазмұны бойынша 5-9- сыныптарға арналған «Информатика» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады (№9 қосымша). 2020-2021 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 7 және 8-сыныптарында «Информатика» оқу пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 (12-қосымша), 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 (200-қосымша) бұйрықтарына сәйкес оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Осы оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі 49-кестеде көрсетілген.
жүктеу/скачать 96,75 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |