Қазақстан республикасының білім


-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі96,75 Kb.
#93792
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау

8-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

  1. "Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары". Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану. Процессордың негізгі сипаттамалары. Желінің өткізу қабілеті;

  2. "Денсаулық және қауіпсіздік". Адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері, электронды құрылғылардың жағымсыз әсерінен қорғану тәсілдері. Желі қолданушыларының қауіпсіздігі: интернеттегі алаяқтық пен агрессия;

  3. "Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу". Электронды кестелердегі мәліметтердің пішімдері. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер. Берілген функция графигін құру. Кірістірілген функцияларды қолдану: математикалық (қосынды, көбейтінді, дәреже), статистикалық (егер, минималды, максималды, орташа мәні, есептеу), логикалық (егер);

  4. "Программалар жасаудың кіріктірілген орталары (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)". Программалық жасақтаманың міндетіне қарай жіктелуі. Программа құрудың кіріктірілген ортасының құрамдас бөліктері. Таңдау операторы. Цикл операторы (параметрлі цикл, алғы шартты цикл, соңғы шартты цикл). Алгоритмнің трассировкасын орындау;

  5. "Программа құрудың кіріктірілген ортасында тапсырмаларды шешу". Қолданбалы есептерді программа құрудың кіріктірілген ортасында модельдеу.

  6. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»


  7. Сынып

    Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

    1 тоқсан

    2 тоқсан

    3 тоқсан

    4 тоқсан

    5 сынып

    1

    1

    2

    1

    6 сынып

    1

    2

    2

    1

    7 сынып

    2

    1

    2

    1

    8 сынып

    2

    1

    1

    1

    9 сынып

    2

    1

    1

    1

  8. «Информатика» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында барлық мектептерде (штаттық режимде, қашықтан оқыту форматында, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ өткізіледі). 2020-2021 оқу жылының І тоқсанында ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына сәйкес аптасына 1 сағат жүргізілетін пәндер бойынша БЖБ өткізілмейді.


  9. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына 14-4 пункті енгізілген:

  10. 14-4. Оқу жүктемесі кезінде аптасына 1 сағат БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, төрттен екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.

  11. Осылайша, «Информатика» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша

  12. жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.

«2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат,Нұр-Сұлтан қ. – 2020 жыл;



  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
    3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет