Қазақстан республикасының білім


Абайдың жетінші қара сөзі



бет15/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118
Байланысты:
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы
Абайдың жетінші қара сөзі


(Үзінді)

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем,


жесем, ұйықтасам деп


тұрады. Бұлар – тәннің


құмары, бұлар болмаса,


тән жанға қонақ үй бола


алмайды. Һәм өзі өспейді,


қуат таппайды. Біреуі –


білсем екен демеклік. Не


көрсе соған талпынып,


жалтыр-жұлтыр еткен


болса, оған қызығып,


аузына салып, дәмін


татып қарап, тамағына,


бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге





АДАМДЫҚ КЕЛБЕТ

27

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Дүниенің көрінген һәм

көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды.

Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады.

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.


Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол


жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы,


тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?


Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» – дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.


Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз...





  • Мәтінде айтылған тән құмарларының қажеттілігі шектен асса не болады деп ойлайсыздар?




  • «Жан құмары» адамды қандай игіліктерге жеткізеді?




  • «Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ» дегенді қалай түсінесіздер?




  • Өздеріңіз жан мен тән сұраныстарын қалай реттеп отырасыздар? Қайсысын көбірек тыңдайсыздар? Неліктен?




  • Осы мәтінді оқығаннан соң өздеріңізге пайдалы қандай қорытынды жасайсыздар?

28 АДАМДЫҚ КЕЛБЕТ



*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




Шәкәрім

... Ерік адамзат баласына Жаратылыстан келетін қасиет. Мақсатың мен ындыныңды билеу сенің өзіңнің еркіңде. Еркіндік дегенді жүгенсіздік деме, екеуі екі түрлі нәрсе. Адам өзінің еркін белгілі бір тәртіптің тезіне сала отырып, дұрыс жолды, таза жолды таңдай алады. Немесе бұзықтыққа қызығу арқылы өзінің еркін адалдық жолына емес, арамдықтың жолына, дұрыс емес мақсатсыз жолға бағыттап кетеді. Еркіндікті жаратылыс береді, оны қалай ұстану адамның өз қолында.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет