Қазақстан республикасының білім



бет18/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   118
6-тапсырма. Жағдаяттарды оқып, шешіңіздер.


а) – Бір реттен ештеңе болмас.

Әлі жаспыз, өмір алда.


Үлкейгенде, азамат болғанда жасаймын.


Елдің бәрі осылай жасайды ғой.


Ештеңе болмас, бәрі өтеді.


Көп ойланудың, басың ауыртудың қажеті қанша?


Адам бәріне де үйренеді.


Үлкендер де солай істейтін.


Ешкімді тыңдама!




ә) Бір күні ұстаз оқушыларына өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға 1 санын жазады да, оқушыларына қарап «Мұны адамгершілігіміз дейік. Өмірімізде болуы керек ең маңызды қасиет»,

деді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: «Ал бұл болса жетістіктеріміз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам




30 АДАМДЫҚ КЕЛБЕТ

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 қояйық. Ол – тәжірибеміз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады» деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді. Зеректік, тәртіптілік, сүйіспеншілік… Қосылап тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде ұстаз сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 саны қалады. Ұстаз оқушыларына былай дейді: «Адамгершілігіміз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те болмайды». (https://angimeler.wordpress. com/).


б) Төсекте тәтті ұйқыда жатырсыз. Кенеттен сағаттың қоңырауы соға бастады. Тұрып, сабаққа дайындалатын уақыт болды. Осы сәтте бойымызда екі болмыс күресе бастайды. Оның бірі: «Тұр да, сабағыңды оқы» – десе, екіншісі: «Асықпа. Жата тұр. Әлі уақыт бар» – дейді. Бірінші болмыс: «Қазір тұрып кетпесең қайта ұйықтап кетесің – десе, екінші болмыс: «Жата тұрайын, әлі де уақыт бар ғой»

дейді. Осылайша екі болмыс өзара күреседі. Қайсысы күшті болса сол жеңеді.


«Мен» деген әр адамның адамгершілік қасиеті, рухы, мейірімі, ал «менікі» деген оның тәні, оның еңбегімен жасалған, артта қалар дүние-мүлкі. Біз материалдық құндылықтардың – уақыттың еншісі яғни олар бүгін бар, ертең жоқ екенін, ал адамның жақсы ісі, адамгершілігі руханилығы мәңгілік болатынын ұғынуға тиістіміз.


Материалдық дүние де адамға күнделікті өмірде қажет. Алайда оған қанағатшылықпен қарау, яғни барға риза болып, нәпсіге ермеу дұрыс әрекет. Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеу, одан шығу жолын ақылмен, сабырмен іздеу.


Күнделікті өмірде түрлі таңдаулар, жақсы да жаман да кездеседі. Осылардың аражігін ажыратып, тілек-қалауларды реттеп, тежеп отыратын – адамның руханилығы, ақыл-парасаты.


Ақыл-парасат адамдарды жаман істерден, өмірдің өткенші ләззатына берілуден тежейді. Адамгершілікке тән адал қасиеттерді айтып, біліп қана қоймай оны ісіне, күнделікті өміріне арқау еткендерді нағыз адам, жақсы адам деуге болады.





АДАМДЫҚ КЕЛБЕТ

31

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет