Инновациялық іс-әрекет: қалыптасуы,дамуы, үдемелілік өлшемі



Дата10.07.2017
өлшемі85,63 Kb.
#21018
Инновациялық іс-әрекет: қалыптасуы,дамуы, үдемелілік өлшемі.

27 жалпы білім беретін орта мектеп



Шалқарбекова Жібек Шактаевна

бастауыш сынып мұғалімі
Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар

жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

Елбасымыздың жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу- оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.



Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу

IV кезеңнен тұрады:

І. Жаңа идеяны іздеу

Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру



ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу

Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану



IV.Жаңалықтарды бекіту

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.



Мектептегі білім сапасын арттыру үшін:

• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.



Инновациялық технологиялар:

• Жобалау технологиясы;

• Саралап даралап оқыту;

• Дамыта оқыту технологиясы;

• Модульдік оқыту технологиясы;

• Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

• Сатылай комплексті талдау;

• Деңгейлеп оқыту технологиясы;



Инновациялық технология нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай алуға болады..

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар.

5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

6. Оқушылардың қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

• Тиімділігі, жүйелілігі .

Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.



Жаңа технологияларды енгізу кезінде мұғалім келесі іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра алуы қажет:

  1. Мұғалім жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді.

  2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.

  3. Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін.

  4. Жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді.

  5. Оқушылардың жұмыс әдісін.

  6. Оқушылардың жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін білу керек.

Білімді меңгерту-оқушының танымдық талдау жасай отырып оны орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл оқушылардың есте сақтау, ойлау, даму қабілеттерін арттырады.

Тіл сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Оқыту әдістерін тиімді пайдалану үшін шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың пәрменді ойлауын дамытудың негізі болып табылатын әдістеме теориясының тірегі – әдістерді анықтап алу басты міндет.Мысалы, анализ әдісі – ойлаудың логикалық тәсілі, ал синтез – таным деңгейін көтеру әдісі. Синтез – талдау барысында бөлшектенген ұғымдарды жинақтау, біріктіру деген сөз.. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеудегі білімдерін өзіндік таным тұрғысынан жинақтауға жетелейді. Сондай-ақ, шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінде индуктивті-дедуктивті, эксперимент әдісі, салыстыру, қатысымдық, проблемалық, жаттығу, интерактивтік әдістер қолданылады. Салыстыру әдісі – дамыта оқыту технологиясының белсенді әдістерінің бірі.

Сабаққа іріктелген жаттығу, тапсырма, ойындардың шығармашылық сипатта болуы өте маңызды. Оның маңыздылығы: оқушылар үшін практикалық құндылығының болуы; оқушылар өмірімен байланысты болуы; олардың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалуы; оқушылардың қызығушылығын туғызуы; оқытудың практикалық мақсаттарына сай болуы.



Шығармашылық жаттығулары мен тапсырмалардың және ойын түрлерінің кешені төмендегіше жасақталды:

1-кесте Жұмыс түрлерінің кешенді жүйесі

Енді осы әдіс-тәсілдері бойынша өткізілген сабағымның қысқаша нұсқасын ұсынбақпын.



Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов.Қартқожаның туған жері.

Мақсаты:-Қоғам қайраткері,атақты жазушы Ж.Аймауытов туралы жан-жақты білім беру.Оқушылардың қызығушылығын ояту,өз бетінше талдай жасай білуге,ой қорыта білуге дағдыландыру.

-Теориялық білімін одан әрі дамыта отырып,ізденгіштікке үйрету.

-Туған жерін,елін құрметтей білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Ж.Аймауытов портреті,кітаптары, компьютер, диапроектор /слайд үшін/

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,анализ-синтез

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.



2.Үй тапсырмасын тексеру.Тапқырлық ойындар негізінде жүзеге асырылады. Ж.Аймауытов өмірдерегіне байланысты берілген сұраққа бір дұрыс,бір бұрыс жауаптан беріледі.Оқушылар дұрыс жауапты табу барысында талдау, жинақтау,ойлау әрекеттерін жүзеге асырады.

Жаңа сабақ.

А\Қызығушылықты ояту:

-Отан тақырыбына арналған сөзжұмбақты шешу

-Ж.Аймауытов туралы білгендерін сызбаға түсіру

Б\ Мағынаны ашу:

-Мәтінмен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлу.Олар: шешен, сөздік танушы,топбасшысы.

-Шешен . Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтың шешені мәтінді мәнерлеп оқиды және өз тобына түсіндіреді.Өздігінен қосымша мәліметтермен толықтырады.Дауыс ырғағына назар аударылады.

-Сөздік танушы.\дәптермен жұмыс\

Жаңа сөздер: қотан, ашамай, шерсіз, жетесіз.

.Мәтінді талқылау.Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінетінін анықтау.Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіретін жерін тауып оқу. Сурет мазмұнының мәтіннің қай бөлігіне сәйкес келетінін табу. Топпен жұмыс ретінде туған жер туралы өлең жолдарын құрастыру .

Қорытынды. Бағалау.Үйге тапсырма:Мәтінді оқып келу.Жаңа сөздерді жаттау.Ж.Аймауытов туралы жаңа деректер жинақтау.Өз туған жерлерін бейнелеу.

Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар ұрпағын білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару ұстаздар алдындағы міндет болып табылады. Ал Қазақстанда білім беру үрдісі дүниежүзілік білім әлеміне кіруді көздейді.

Сондықтан қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту- оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игеруді қажет етеді. Жаңа инновациялық іс-әрекетпен қаруланған, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім ғана мақсатқа жете алады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика.Алматы,2007ж.

2.Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технология. Қазақстан мектебі

3.Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы.Білім-



Образование 2007 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет