Оқытушының ізденісі тыңдаушының талпынысы



Дата23.05.2017
өлшемі51,55 Kb.
#16705
ҚазҰУ-нің доценті, п.ғ.к Көккөзова М.Б.

Аға оқытушы Әмірова М.Ж.

Оқытушының ізденісі - тыңдаушының талпынысы

Республикамызда соңғы жылдары оқыту үрдісін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалуда. Оларды «инновациялық үрдіс» немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.

Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде оқытушы бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы тыңдаушыға білім берген. Екінші кезеңде кітап болып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді. Қазіргі кезеңде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске енді. Оқытушылар мен тыңдаушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді. Оқыту технологиясын қалыпты жағынан алғанда, оқу ақпаратын қалыптастыру, өңдеу, тарту, қабылдау, жете түсіну, есте сақтау және қайталап айтып беру сияқты мақсатты динамикалық үрдіс есебінде түсіну керек. Бұл технологиялық үрдіс – білімсіздіктен білімділікке, шорқақтықтан іскерлікке апаратын тура жол. Оқыту технологиясындағы оқыту және оқу қызметтері, оқыту әдістері мен тәсілдері оқытудың формасы мен техникалық құралдары арқылы байланысып жатады. Оқыту технологиясы – қолтаңбалы дидактика. Ол оқытудың ең маңызды үрдісін іс жүзінде асырады, оқыту мен оқудың нақты қызметін бейнелейді.

Оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технолияның қолданысқа енуі оқытушыдан көптеген жаңалықтарды талап етеді. Мұның өзі әдістемелік жұмыстарды жаңа талаптарға сәйкес жаңаша ұйымдастыруды қажет етеді. Әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыру оқытушылардың инновациялық даярлығын қалыптастыруға өз үлесін қоспақшы.

Оқытушы білімін, тәжірибесін үнемі ізденіс үстінде көтеріп отыруы керек, яғни әдістемелік, көмекші оқу құралдарымен, әдебиеттермен жұмыс, ғаламтор желісіне шығу, қажетті мағлұматтар жинау, әріптестерінің ашық сабақтарына қатысып, талдау жасау, бейнетаспаға түсірілген сабақтар көру, талдау, өздігінен қосымша білім алу.

Оқытудың дәстүрлі әдістері өз табиғатында тыңдаушының жеке белсенділігін ғана дамытатын күшті ұйымдастыруға тән екені белгілі, оны естен шығаруға болмайды. Топпен жұмыс істейтін оқытушы сабақ барысында әрбір тыңдаушымен жеке айналысады. Қандай да болмасын зерттеу жұмысы ұйымдық рөл атқаратыны даусыз. Оқытушы педагогикалық қарым-қатынас техникасын ең алдымен өзі өте жақсы білуі керек. Оқыту кезінде оқытушы тыңдаушының іскер серіктестігі, оқу үрдісі барысындағы міндеттелген істі шешуде белсенді қызметтесі болып табылады. Оқытушы тыңдаушының қабілетін қадағалау үшін психолого-педагогикалық диагностика негіздерін білу қажет. Тыңдаушының тіл үйренуі өте күрделі және ұзақ үрдіс екені жалпыға түсінікті.



  • оқу жұмысының табыстылығының алғы шарты ретіндегі тыңдаушы назарының қабілеттілігі, тіл үйренуге деген ынталылығы;

  • өткен материалды есте сақтау қабілеттілігі, екінші адамға ойын жеткізе білуі;

  • ойлау жұмысының түрі, маңыздылығы, жаттанды болмауы; ойдың ақылдылығы, шеберлігі, қызығушылығы.

Тыңдаушылардың ойлау қабілеттерінің алғырлығы жалпы білгірлік дағдымен тығыз байланысты. Басты қасиеттері - тарату, қорыту, жұмыс жоспарын жасау, оқу техникасы, өзін-өзі бақылауды іске асыру болып табылады.

Білім қабілеті - жұмсаудың мазмұны болса, үйренуді байланыс сапасы деп ұғыну керек. Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық салаларының үздіксіз өсу деңгейі тағы бір сапалық өзгерісті – ЭВМ компьютерлық біліктілікті дамытуды талап етіп отыр.

80-жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республиканың білім саласында білім берудің яғни тез оқыту –үйрету жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізіле бастады. Әсіресе халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдіске тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біраз, ең алдымен білім алушының ынтасы, зейіні, талабы қажет. .

Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкіндік болған жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негізі ретінде жаңаша оқыту жүйесі алынып отыр. Қазақ тілін оқыту-үйрету сабақтағы ерекше ахуал, оқытушы мен тыңдаушы арасындағы ерекше қарым-қатынас болып табылады.

Білім беру жүйесінің негізгі бағыты – сапалы білім, интеграциялық білім, іргелі білім, ақпараттық білім беру. Оқытушы мен тыңдаушыға жаңаша ойлау мәдениетін дамыту, білім, тәрбие, мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыру керек.

Оқытушы білім берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жаңаша құру, яғни құру оқу процесін технологияландыру қажет. Оқытуды технологияландыру – оқу үрдісін кепілді нәтиже беретін өндірістік-технологиялық үрдіске айналдыру.

« Метод» (әдіс) термині – гректің «methodos» деген сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау,күткен нәтижеге жету жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагог –ғалымдар білім беру үрдісін бақылау барысында сабақтағы оқытушы мен тыңдаушы қызметінің әр түрлілігіне назар аударған. Мұндай әрекет түрлерін оқыту әдістері деп атаған. Оқытушы жаңа материалдарды өз бетінше оқып үйренеді – бұл өздік жұмыс әдісі. Тыңдаушы практикалық тапсырманы орындайды – бұл практикалық жұмыс әдісі. Оқытушы сабақта көрнекілік материал қолданады – бұл иллюстрация әдісі, т.с.с. педагогикалық практикада оқытушының сабақ беру тәсілі мен тыңдаушы қызметінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты.

Тәсілдер саны оқу материалының мазмұнына, оқытушының шеберлігі мен шығармашылығына байланысты шексіз ұлғайып отыруы мүмкін. Көптеген тәсілдердің үйлесім табуы сабақ беру әдістемесін құрайды. Әдіс-тәсілдер оқытудың түрлі жолдары мен оқыту құралдары арқылы жүзеге асырылады. Әр түрлі қызмет түрлері арқылы оқу, ойын, еңбек, рухани мәдениет туындылары, сөз, сөйлеу т.б. сонымен қатар әдістер педагогикалық практикада түрлі формада жүзеге асырылады.

Тіл үйренемін, сапалы білім аламын деген тыңдаушыға немесе оқушыға оқудың әр түрлі әдістері қажет-ақ. Ол үшін ұстаз үзбей дайындық үстінде, ізденіс барысында өз ойын жүзеге асыра алады. Тек қана оқулыққа, кітапқа сүйенбей өз тәжірибесін, әдісін сан түрлі етіп, қызықты дәріс жүргізу -оқытушы міндеті, парызы. Оқытушы өз пәнін, өз кәсібін сүйе білсе, дәрісін дамыта білсе ғана жүргізгенде сабағы да , тыңдаушының да, тіл үйренушінің де ынта-жігері арта түспек. Жаңа технологиялық оқу түрін техника үйретпейді, адам, ұстаз, оқытушы, мұғалім үйретеді. Сондықтан сөзбен үйретпей, іспен, шеберлікпен, әдіс-тәсілдермен үйрету біздің, яғни оқытушының міндеті.

Тіл үйретуге оқытушының құлшынысы, талабы, таланты, қабілеті болса да ой өрісі, зейіні, тіл үйренуге деген қызығушылығы, талпынысы ерекше болады.



Қорыта айтқанда, білім беру - үйреніп отырған, білім алуға талпынып отырған тіл үйренушіге дұрыс жөн сілтеу – оқытушының міндеті.

Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды табу,зерттеу қолданысқа енгізу, іс жүзінде пайдалану сияқты үрдістермен сипатталады. Оқытушы міндеті – пәннің ғылыми сапасын арттырып, білім беруде тек мәлімет жиынтығын меңгертумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Осының бәрін жүзеге асыратын – оқытушы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет