Бақыт деген
Сөзі Мұқағали Мақатаевтікі
Әні Бақтығали Жұмалиндікі
Бақыт деген – сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
66 ӨНЕГЕЛІ ӨМІР
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Бақыт жайлы менің мынау білгенім. Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң. Бақытты сол – тәрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген – әркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір, Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала, Бірақ, балам, мынаны естен тастама: Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң, Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың – мен, бақытым деп біл мені, Мені білсең, бақытыңды білгенің. Ал мен үшін ең бақытты күндерім –
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!
-
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Халық әр уақытта
қарапайымдылықты,
сыпайылықты,
әдептілікті жақсы
көреді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Достарыңызбен бөлісу: |