Қазақстан республикасының білім


-16 АДАМДЫҚ БОРЫШ – АСЫЛ ҚАСИЕТ



бет46/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   118
15-16 АДАМДЫҚ БОРЫШ – АСЫЛ ҚАСИЕТ


... Адамдық борышың –


Халқыңа еңбек қыл.


Ақ жолдан айнымай,


Ар сақта, оны біл.


Шәкәрім



  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.




Жастарға хат


Ілияс Омаров

Біздің заманымыз адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Мұндай жағдайда адамның қоғам өміріндегі орны өз басының тіршілігіне, еңбегіне байланысты. Былайша айтқанда, бақыт кілті – әр адамның өз қолында.


Өмір жолы оңай жол емес. Әркімнің өз сүрлеуі бар. Бірақ та сол


сүрлеу жалпы адамдардың салған сара жолына ұласуы керек. Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп-жұлып күн көру – адамгершілік жол емес.


Адамның қоғамдық еңбегі алдымен оның адамшылық қасиеттеріне байланысты. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қоя білуі керек.


Сосын уақытты бағалауы басты шарт. Шығыстың ұлы ақыны Саади «Адам әрбір секундта бір дем алады...» деген екен. Ал сол дем алудың өмірде санаулы екенін ұмытпау керек.


«Мен әлі бұғанам қатпаған жаспын ғой», – деу балаларға келіспейді. «Болар бала он екісінде жастығын сылтау етпес, жүз жасында кәрімін деп қапа шекпес», – дейді халық.


Жас кездегі басты міндет – білім алу. Ілімге төте жол жоқ. Оған тек ұзақ еңбек жолы ғана апарады. Сондықтан да білімде шек жоқ дейді. Қанша білімді болсаң да, оған қанағат етпей, білген үстіне біле бер-ген жөн.


Өмірдегі ең жаман әдеттердің бірі – табысқа масаттану, менменсу. Халық әр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті


жақсы көреді. Кішіпейілділіктен адам кем болмайды, қайта тұлғалана


68


*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


түседі. Кішіпейілділік – адамның көркі.


Бейпілауыз жаман сөздерге әуестену, темекі тарту, арақ ішу сияқты жарамсыз қылықтар адамды тұрпайылыққа, тәртіпсіздікке, қылмысқа апарады.


Адам сыншыл, көңілі ашық, жігерлі болуы керек. Әрине, бұл қасиеттер жасанды бояулы болмай, табиғатына біткенде ғана сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман жоқ. Кішіпейілділік пен жағымпаздықтың арасы жер мен көктей.


Адамның қасиеттерін нәрлендіре түсетін нәрсе – өзін эстетикалық тәрбиеге бейімдеу. Музыкаға әуестену, музыканы сүйіп тыңдау, жақсы суреттердің мәнін түсіне білу, өлеңге, әдебиетке құлықтану, өткен тарихты білу – адам мәдениетін өсіре түседі. Мұндай адамдармен сөйлесудің өзі бір ғанибет әрі қызықты.


Өмір жолы жеңіл жол емес. Бұл жолда кедір-бұдыр аз болмайды. Табысқа мақтанбай, қайғыға бағынбай, қиыншылыққа мойымай, өзіңді-өзің ілгеріге тарту – адамшылық парызың.


Болмасаң да ұқсап бақ,


Бір ғалымды көрсеңіз.


Ондай болу қайда деп,


Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деген Абай сөзін естен шығармаңдар!





  • Мәтіндегі «Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп-жұлып күн көру – адамгершілік жол емес» деген ойды қалай түсіндіңіздер?




  • Мәтіндегі «Халық әр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділіктен адам кем болмайды, қайта тұлғалана түседі. Кішіпейілділік – адамның көркі» деген ойды түсіндіріп беріңіздер.




  • Автордың адам бойындағы жақсы қасиеттердің жасанды болмауы керек деуінен нені түсіндіңіздер?




  • Мәтінде айтылған жастық кезеңнің міндеттері өз ұстанымдарыңызға сай келе ме? Неліктен?




  • Өздеріңіз күнделікті өмірде талап қоя білесіздер ме? Ол не үшін қажет? Қойылған талап пен уақыттың қандай байланысы бар?

  • «Өзіңе сыни көзбен қарау» дегенді қалай түсінесіз?




  • Жас кезеңнің міндеті ретінде тағы нені қосуға болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет