Шынында, біз өмірлік тәжірибемізде ескі мақалдардың біршамасын қолдана білсек, көп нәрсені түйсінген болар едік. Тек түйсініп қана қоймай, оны өмірде жүзеге асыра да білу керек.
Мәтіндегі «Көпірге жетпей жатып, одан өттім деме», «Төгіліп қалған сүт үшін көз жасыңды төкпе» деген мақалдарды қалай түсінесіздер?
«Жонылған ағаш жоңқасын қайта жонамын деп әуре болмаңыз» деген ойдың маңыздылығын қалай дәлелдеуге болады?
Мәтінде жасалған түйіндермен келісесіздер ме? Өздеріңіз қандай түйін жасайсыздар?
Күнделікті өмірде өздеріңізге сабақ болған жағдайларды еске түсіре отырып, тағы қандай ереже қосуға болады деп ойлайсыздар?