Қазақстан республикасының білім



бет70/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118
2-тапсырма. Сөзтізбектегі сөздердің орнын дұрыс тапсаңыздар, американдық кәсіпкер, ірі болат өндіруші, мультимиллионер және филантроп Эндрю Карнегидің қанатты сөзін оқуға болады.



Барлығын

алмайды

барлық

,

бола

атына

келетін

адам

























өзі

көшбасшы

алғысы

өзінің

істеп

еңбектің

жемісін

.



























3-тапсырма. Төмендегі тізімді екі бағанға бөліп, бір бағанға басқарушының іс-әрекетіне тән нәрсені, ал екінші бағанға шынайы көшбасшының іс-әрекетіне тән нәрсені жазыңыздар. Өз таңдауларыңызды нақты мысалдармен дәйектеп, түсіндіріңіздер.

Басқарушы Көшбасшы





1.

Әкім.

14.

Қадағалайды.

2.

Жаңашыл.

15.

Кәсіби.

3.

Рухтандырады.

16.

Энтузиаст.

4.

Жүктейді.

17.

Істі дұрыс атқарады.

5.

Өз мақсаттары бойынша

18.

Шешімдерді шындыққа




жұмыс істейді.




айналдырады.

6.

Өзгелердің мақсаттары

19.

Шешімдер қабылдайды.




бойынша жұмыс істейді.

20.

Дұрыс істі атқарады.

  1. Дәлелдемелерді пайдаланады. 21. Сыйлы.




8.

Өзінің жеке тәжірибесін

22.

Ұнамды, құрметті.




қолданады.

23.

Көру, елестету – іс-әрекет

9.

Идеалдары іс-әрекетке




негізі.




бастайды.

24.

Жоспар – іс-әрекет негізі.

10. Шамдануы іс-әрекетке

25.

Жүйені арқа тұтады.




бастайды.

26.

Адамдарға сенеді.

  1. Жеке басының мүдделері бар. 27. Қозғалысқа серпін береді.

12. Риясыз. 28. Қозғалысты қолдайды.





  1. Сенеді.



4-тапсырма. Танымал заманауи көшбасшыларды атап беріңіз. Олардың өмірі мен адами қасиеттері туралы материалдар жинап, ойыңызды дәлелдеңіз.
104 КӨШБАСШЫ БОЛУ



*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.




Қаныш Сәтбаев жайлы екі әңгіме


Ерлан Төлеутайұлы

***

Қаныш Сәтбаев мысты Жезқазғанның қазба байлықтарын игеру керектігін айтқанда, талай адам қарсы шыққан. Мәскеуліктер: «Мұндағы қор мардымсыз, оны игеруге су да жоқ. Адам тұруға да қолайсыз», – деген. Бірақ Сәтбаевтың табандылығының арқасында кен орны ашылған.

Мен Сәтбаевтар әулетінің тектілігіне тәнті боламын. Бұл өзі Құдайдың назары түскен сәулелі әулет. Қазаққа бергені көп әулет. Мысалы, Қаныштың ағасы Әлкей


Сәтбаев Семейде педагогикалық училищенің директоры болған. Әлкей Марғұлан, Мұхтар Әуезовтерді алғаш оқытқандардың бірі. Әлкей Сәтбаев Алашордашылардың құрамында болып, сотталған. Бөкеш деген бауырын да бір түнде айдап әкеткен. Қаныш сонда да алған бетінен қайтпай, ғылымға адалдығын танытады.


Қаныштың екінші әйелі Таисия орыс ұлтынан. Ол бастапқыда Жезқазғанда тұрғысы келмепті. Қысы қатты. Жағатын отын жоқ. Пойыз қатынамайды. Таисия мұндай қиындыққа шыдамай, жылайды екен. Сонда Қаныш: «Таисия, бұл аймақта тіршілік әлі-ақ мидай қайнап жатады. Сонда көресің – мен сені пойыздың жұмсақ купесіне мінгізіп қыдыртамын. Осы жерді қимайтын боласың», – дейді екен. Сөйтіп жүргенде жалғыз ұлына суық тиіп, қайтыс болады. Қарсақбайда бір дөкейдің ғана үйінде көмір болыпты. Үсіп бара жатқасын Таисия Қанышты көмір әкелуге жіберіпті де, өзі сыртынан бақылап тұрыпты. Ешкімнің ала жібін аттап көрмеген Қаныш далада жатқан көмірден бір шелегін салып алуға қолы бармайды. Состиып тұрғанын үй иесі байқап қалып, Қанышқа көмірді өзі салып берген екен.


***

Бірде Қаныш түс көреді. Түсінде өлген әке-шешесінің көзін Қарашаңырақ деген қаршығасы шоқып жеп отыр екен. Сонда бір жағдайдың болғанын сезіпті. Бөкеш ағасынан хат келеді. Онда: «Қарашаңырақ иесіз қалды», – деп құпия сөз жазылыпты. Ол кезде хаттарды тексеретін болған. Асылында, Бөкеш біраз туыстарын алып, Омбыға көшіп кетіпті. Қаныш туған жерінде болып жатқан жайды



КӨШБАСШЫ БОЛУ

105

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


көзбен көру үшін машинаға азық-түлік тиеп, ауылына келіпті. Аш-жалаңаш халыққа талғажау болатын азық-түлік үлестіріпті. «Үлкендерді алып кететін жағдайым жоқ, балаларды алып кетейін», – деп, үй-үйді аралап, жүруге жарайтын балаларды машинаға салып алыпты. Өзінің туған әпкесі кезінде атақты бай болған, жайлауға жылқысы сыймаған Шорман әулетінің келіні екен. Ол да аштықтан көз жұмыпты. Әпкесінің көзіндей болып, құр сүлдері қалған екі жиенін көреді. Оларды жол жүруге жарамайды дегенге қарамастан, алып кетеді. Жалпы саны оннан аса шалажансар баланы құрым киіздерге орап, жолай ауыздарына су тамызып отырып, үйіне жеткізіпті. Таисия: «Бұл балаларды қайтеміз, қалай асыраймыз?» – деп үйінде ұрыс-керіс болады. Қаныш бұл балалардан бұрын да аштықта қалған біраз адамды үйіне алып келген екен. Адам кейпін жоғалтып бара жатқан адамдарды көріп Таисия да қажып кеткен ғой. Сонда Таисияның шешесі келіп қызына: «Қызым, қазақ жігітіне тұрмысқа шығарда, оның туыстарының көп болатынын баяғыда ойлауың керек еді. Енді неғып тұрсыңдар, моншаны жағып, жуындырыңдар. Қаныш, сен құр тұрма, мата алып кел. Өзіміз киім тігеміз», – депті. Сол балалардың барлығы Қаныштың арқасында аман қалып, оқып-жетілген. Соғысқа қатысқан. Соның бірі – Есіктегі «Алтын адамды» тапқандардың бірі, атақты археолог Кемал Ақышев. Ол Қаныштың аман қалған екі жиенінің біреуі. (Baq.kz сайтынан).





  • Мәтіндегі Қаныштың іс-әрекетінен нені аңғаруға болады?




  • Мәтіннен Қаныштың нағыз көшбасшыға тән азаматтық іс-әрекеттерін тауып, оқып беріңіздер.




  • Түрлі дерекөздерден Қаныштың Сәтбаевтың адамгершілігі мен азаматтығы туралы ақпараттар жинап, айтып беріңіздер.

  • Қаныш сияқты өздеріңіз білетін адамдар бар ма? Әңгімелеп беріңіздер.



5-тапсырма. Режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Елбасы жолы» фильмін көріп, төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар.



  • Фильмде қандай рухани құндылықтар ашылған?




  • Сіздің өміріңіздегі мақсатыңыз, жүрек қалауыңыз, таңдауыңыз қандай?




  • Өз мұратыңыз, арман-мақсатыңызға жетіп, қабілеттеріңізді ашу үшін сізге не қажет деп ойлайсыз?




  • Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер қандай?




  • Фильмдегі өз халқына, Отанының көркеюіне риясыз қызмет ету үлгісінен қандай сабақ алдыңыздар?



106 КӨШБАСШЫ БОЛУ

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ





  • Тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттері мен оның шынайы көшбасшы болуы арасында байланыс бар ма? Сіздің ойыңыз қандай?




  • Өзіңіздің ең асыл, маңызды арманыңызды атаңыз. Өмірде неге қол жеткізгіңіз келеді?




  • Өз өміріңізде үлгі алатын шынайы көшбасшыңыз (туыс-туғандар, мұғалімдер, достарыңның арасынан және т.б.) туралы айтып беріңіз.

В.Гюгоның «Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады» деген ойын тақырып етіп алып, пікір алысу ұйымдастырыңыздар.


Кез-келген қоғам жүрегі ашық, қоғамға адал қызмет ететін, білімді адамдарды қажет етеді. Ойлары, сөздері және істері ізгі, адал адам нағыз көшбасшы бола алады. Ондай адамдар қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті болады. Өйткені олар өзгелердің мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына адамдыққа лайықты қасиеттерді жия білген тұлғалар.




***


Қайрат Әлімбеков

Мен – өмірді жас зерттеуші, жас ғылым, Енді оянып, енді зерттей бастадым. Өмір – кітап, түсінуі тым қиын, Әрбір күнім – әрбір бетін ашқаным.


Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,


Ойланумен өтеді ылғи оңашам.


Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,


Жақсылықтар жасасам деп орасан.


Маржан іздеп терең теңіз түбінен,


Күн батарда атар таңға үңілем,


Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,


Жақсы адамға айналармын түбі мен!





КӨШБАСШЫ БОЛУ

107

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет