Қазақстан республикасының білім



бет9/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   118
Байланысты:
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөз сазы орфоэпия бн, 2 дәріс, 2 дәріс, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, РАДОСТНЕЙ СДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ, тест пн-30, Әліппеден кейінгі кезең, Әліппеден кейінгі кезең, ЖАзу, ЖАзу, Сөз сазы орфоэпия бн, Сөзжасамдық мағына түрлері мен лексикалық мағынаның арақатынасы
1-тапсырма. Берілген екі мәтінді оқып, салыстырыңыздар. Ондағы адамдардың қарым-қатынасы қандай құндылықтарға негізделгенін анықтап, дәлелдеңіздер.


а) Бір адам Ұстазға келіп: «Мен Адамзатты, бүкіл әлемді шын беріліп сүйгім келеді, маған соның жолын көрсетіңізші» депті. Ұстаз одан: «Сен бір адамды шын беріліп сүйіп көрдің бе?» деп сұрапты. «Бұл мені қызықтырмайды, маған күллі адамзатқа барар жолды көрсетіңіз» дейді ол.


Ұстаз: «Бұл жол сен үшін жабық. Сен әуелі бір адамды сүйе білуге тиіссің. Бір адамға, яғни ең жақыныңа деген махаббат – алғашқы баспалдақ. Алғашқы баспалдақты баспай жоғарғы сатыға қалай шықпақсың. Адамзат, бүкіл әлем – бұл жолдағы ең соңғы саты» деп жауап берген екен. (Өсиет әңгіме).


ә) Бір кісі баласымен тауда серуендеп жүр еді, баласы шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан «А-а-а!» деп айқайлап жібереді. Жандарындағы таудан «А-а-а!» деген дауыс естілгенінде бала таң қалады.


Ешнәрсені түсінбеген бала: «Сен кімсің?» деп айқайлайды. Алған


жауабы тағы да: «Сен кімсің?» болып келеді.


Бұл жауапқа ашуланып: «Сен қорқақсың!..» деп айқайлайды. Таудан



АДАМНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ

17

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




келген дауыс «Сен қорқақсың!» деп жауап береді.


Бала әкесінен: «Әке бұл не?» – деп сұрайды. Әкесі: «Балам тыңда да, үйрен!» деді де, тауға қарап: «Мен саған қайран қалдым!» деп айқайлайды. Қайтқан жауап тағы да: «Мен саған қайран қалдым!» деп келеді.


Әкесі қайтадан айқайлайды: «Сен өте әдемісің!..» Жауапта: «Сен өте әдемісің» болып келеді. Бала қатты таң қалады, бірақ әлі не болғанын түсінбейді.


Әкесі оған: «Балам, адамдар мұны «жаңғырық» деп атайды, бірақ негізінде бұл өмір. Өмір әрқашан сенің бергендеріңді өзіңе қайтарады. Өмір – жасаған ісіміздің айнасы. Өзіңді өзгелер жақсы көрсін десең, алдымен өзің жақсы көр! Саған өзгелер жақсы мәміледе болуын қаласаң, өзің басқалармен жақсы қарым-қатынаста бол! Адамдардан құрмет көргің келсе, адамдарды өзің құрметте! Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы болуды үйрен!


Бұл қағида өмірдің барлық кезеңі үшін бірдей.


Өмір кездейсоқтық нәрсе емес, жасаған әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы ғана». (Өсиет әңгіме).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет