Қазақстан республикасының білім



бет5/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
1-тапсырма. Сөздер мен олардың анықтамасын салыстырыңыздар. Әр сөздің өзiне сәйкес келетiн анықтамасын табыңыздар.






Ұғым

Анықтамалары

1.

Адам

а) Кісілігі, адамгершілігі бар парасатты адам.

2.

Азамат

ә) Жер бетіндегі дамудың ең жоғары сатысына

3.

Азаматтық

көтерілген, саналы қоғам мүшесі.







б) Адамның адамға, қоғамға қарым-қатынасы







барысында көрінетін жақсы қасиеті.










8




АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ




*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




2-тапсырма. Берілген мәтіндерді оқып, оған өз пікірлеріңізді білдіріп, ой қорытындысын жасаңыздар.

  1. Тобықты елімен көршілес төлеңгіттен шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, жиналған елге Абай:

Меңаяқ өзінің атын өзі алып жүре алатын адам еді, – дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы:


Абай ау, сен дана емес пе едің. Ол не дегенің?! Меңаяқ өз атын ғана алып жүрген емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған Абай:


Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын шашатындар көп. Меңаяқ содан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, – депті. (Ел аузынан).




2. ... Өмірдің алдында бәріміз шәкіртпіз.


Адам деген атқа лайық өмір сүру үшін адамға білім керек, ыждаhат керек, білік керек. Оны игеру үшін ғасырлар бойы аузы дуалылар жақ жаппай баршамыз үшін – бүгін жер басып жүргендеріміз үшін де, бұл дүниеге бізден соң келетіндер үшін де қапы жібермей қадағалай тыңдайтындай ғып айтып келе жатқан ғибрат сабағын бойға сіңіру керек. Есті құлақ замандастарының ауызына, есті көз бұрынғылардың жазуына үңіліп, оны талдап-түсіне білгенде жетілу келеді. Өмір ғибраттарын танып-білу арқылы өзін-өзі тану бір басын емес, көптің қамын қамдай жүретін қайырымды пиғыл иесіне тән келеді. (Әбіш Кекілбаев).


3-тапсырма. Айналаңызда өзіңіз «нағыз адам» деп санайтын жақындарыңызбен және таныстарыңызбен «Нағыз Адам болудың сыры» тақырыбында әңгімелесіңіз. Ойыңызды жазбаша түрде түйіндеңіз.


Сара Алпысқызы

... Өмірде әрбір адам ең алдымен өзін-өзі тануы керек. Өзін-өзі таныған адам өзгенің де жан дүниесін түсінетін болады. Ешқашан да біреуге жаманшылық ойламайды, жақсы адам болуға талпынады. Бұл өмірде – әрбір адам, қандай мамандық иесі болмасын, ең бірінші – адам болып қалу керек. Адамгершілік жолын ұстанып өту керек. Ізгілікке жақын болып, жүрегін, жан дүниесін махаббатпен нұрландыруы керек.





АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ

9

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.




Адамды сүйе біл


Сапар Байжанов

Біз жайшылықта көп нәрсені елемейміз. Көбіне мән бермейміз. Мысалы, күнде таңертең қызарып күн шығады, күнде кешкілікте қызарып барып батады. Оған, әрине, ешқайсымыз таңданбаймыз. Өйткені ол үйреншікті нәрсе. Ал енді біреулер сол күннің, қыр басынан қылтиып, қызарып шығуының өзінен аса бір сүйкімділік, сұлулық табады, ләззат алады. Сүйсініп, жырға қосады. Суретші сұлу күннің, көркіне табынып, тамсана отырып, сурет салады. Композитор сол Сұлу күннің, Мейірлі күннің аспан аясына көтерілуінен аса бір нәзік сырлы әуен сазын аулап, ән толғайды.


Әлгі адамдардың жазғанын оқып, салған суретін көріп, шығарған әнін тыңдағаннан кейін барып, күнде көріп жүрген елеусіз күнге қарап көрсем, күнім баяғыдай емес, сұлу да сымбатты, сырлы да сазды, қылықты да сүйкімді көрінеді. Тіпті өзіме қарап, күлім қаққандай, жымың еткендей болады. Мен де еріксіз езу тартып, өз-өзімнен жымиямын...


Немесе таңғы шық, сыңғырлаған бұлақ үні, сыбдырлаған жапырақ, ұшы-қиырсыз кең дала... «Иә оларда тұрған не бар?..» Ойсыз көзбен қараған жанға бәрі де елеусіз, жай ғана жапырақ, баяғы дала, бір дала... Ал енді бір адамдар солардың бәрінен сыр ұғады, әркім байқай қоймайтын үн, бояу табады. Солардың көзімен қарасаң расында да әлгі елеусіз құбылыстардан әсем сырлар ұғады екенсің. Бұл не керемет, мұнда не сиқыр бар?! Ойлап-ойлап келемін де, әр нәрсенің, қадіріне жетіп, көре білу үшін, бағалай білу үшін көреген болу керек екен-ау деп таң-тамаша қаламын, кейде.


Дәл осылай, кейде біз, адамдар, бір-бірімізді түсінбейміз, айналамыздағы адамдардың жақсысын көре білмейміз, асылын жасығынан, алтынын жезінен ажырата білмейміз бе деп ойлаймын. Олай дейтінім, сырт қарасақ, бәрі де адам баласы, бірінен-бірі асып, артып жатқан дәнеңесі жоқ сияқты. Бәлкім, біреуінің жүзі ажарлы, біреуінің шашы ұзын, біреуінің мойны ұзын, дене бітімі зор көрінер, онда тұрған не бар, сайып келгенде бәрі де екі аяқты пенде. Бәрі де нан жеп, су ішеді, еңбек етіп, дем алады, бәрі де қуанады-күледі, ұрсады-ренжиді, асығады-жүгіреді... Соқыр көңілмен қарағанда адамдар тап осындай, бірінен бірінің айырмасы жоқ, бірінен бірі айнымайды. Есіңде болсын, замандас бауырым, тек соқыр көңілмен қараған жанға ғана осылай көрінеді. Міне, осындай қыбырлаған адамдар мұхитынан да асыл мен масылды, алтын мен жезді, бұлбұл мен дүлдүлді ажыратып,




10 АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Расында, біздің арамызда

тамаша адамдар көп.

Мен солардың кез-келгенін тоқтатып, әрқайсысының бойынан асыл қасиеттерді тауып бере алар едім деп ойлаймын. Бірақ соларды көріп, тани білу керек, сүйе

білу керек.

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


тани білу үшін де көреген көз керек, өмір мұхитына үңіле қарай білетін, адам жанының сырсандығына, адам деген құдіретті жаратылыстың тұңғиық тереңіне сүңги білетін көреген көз, сезімтал жүрек керек.


Жақсы адам... Бақытты адам... Бақыт...


Қандай жақсы ұғымдар. Тек солар жайлы ойлағанның өзінде жаныңды әлде бір жылы сезімдер баурап өткендей болады.


Жақсы адам, бақытты адам деп кімдерді айтуға болады?


Былай қарасаң, бұл сұрақ өте оңай, қарапайым сияқты көрінеді. Бірақ ол алғашқы, алдамшы әсер ғана. Ойланып, толғанып, нақты жауап іздей бастасаң, бұлардың оңайлығы да, қарапайымдылығы да сағымдай бұлдырап, алуан ойлардың орманына әкетіп қалады. Кейде, біз, жақсы адам дегенде, айналамызға, төңірегімізге қарамай,


әлдебір алыстан, ғайыптан іздегендей, бөгде бөтен жаққа көз тігетініміз болады. Қасымыздағының бәрі қарапайым, елеусіз, ешқандай кереметі жоқ дегендей қомсынамыз ба, қайткенде, оны аттап өтуге бейім тұратынымыз бар. Расында, өмір барлық жерде өмір, өмірдің, елеусізі де, ерекше кереметі де кез-келген жерде, барлық жерде болып жатады. Шынтуайттап келсек, бағдарлап, бағалап көре білсек, әлгі біз іздеп жүрген кереметтердің бәрі тап өзіміздін, қасымызда, көз алдымызда болып жатады. Айтып жүрген жақсы, бақытты адамдарымыз да жанымызда, өз арамызда жүреді. Бұл пікірді дәлелдеу үшін мен өзім білетін біраз адамдардың өмірінен мысалдар келтірейін.


Мен олардың әрқайсысымен әр кезде әр түрлі жағдайда кездескенмін. Олардың әрқайсысы әр түрлі мамандықтың иелері. Ешқайсысы да елден ерекше туған жандар емес, қарапайым елеусіз көптің бірі. Бірақ әрқайсысының өзінше жақсы қасиеттері бар деп ойлаймын. Өз басым бұлардың қай-қайсысын болмасын тамаша адамдардың қатарына қосамын.


Бұл жерде менің айтайын деп отырғаным – біздің айналамыздың, өміріміздің тамаша адамдарға толы екендігі. Бұларды ажырату үшін айналамызға сәл ғана ойлана көз жіберсек болғаны, олардың қаптап жүргенін көреміз.


Расында, біздің арамызда тамаша адамдар көп. Мен солардың кез-келгенін тоқтатып, әрқайсысының бойынан асыл қасиеттерді тауып бере алар едім деп ойлаймын. Бірақ соларды көріп, тани білу керек, сүйе білу керек. Бұлардың бәрі дерлік асқақ арман, ізгі мақсат қуып өмір сүреді.





АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ

11

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Осыларды ойлай келе, мен, шынайы бақыт – ізгі мақсатты адамдардың ғана еншісі емес деген тұжырымға келдім. Бақытты болу үшін адам алдына асқар да зор, ізгі мақсаттар қоюы қажет. Асыл арман, ізгі мақсат көздеген адамның өмірі қызықты, әрі терең, мазмұнды болатыны сөзсіз.


... Міне, осындай ұлы адамдардың өміріне қарап отырып, мен жақсы адам, бақытты адам болу үшін адамның қиыншылықсыз-азапсыз, аста-төк молшылықта, рахат өмір сүруі міндетті емес деген ойға келемін. Себебі, өз басым, аталған адамдардың қай-қайсысын болсын тамаша, бақытты адамдардың қатарына қосамын. Олардың бақыты – мағынасыз-мақсатсыз өмір кешпегенінде, олардың бақыты – өздерінің өмірімен адамзат үшін игілікті, өнегелі өмір сүргендігінде. Олардың бақыты


– адам деген атты жоғары ұстап, адамзат алдында, болашақ ұрпақтар алдында құрметке ие болуында.


Кейбір тоғышарлар ойлайтындай, асыра ішіп, артық дәулет іздеп, ойын-сауықпен ғана дәурен сүру сияқты арзан бақытты алданыш тұтпайды олар. Сондайлық өмір қиындығы мен қысымын, азап-тақсіретін тартып өмір сүргеніне қарамастан, олар өмір зая кетті-ау деп әсте өкінбейді. Егер өмір екінші рет берілер болса, тап сондай соқтықпалы-соқпақсыз өмір жолын таңдауға әзір екендігін айтады олар. Міне, өмірдің мәнін, бақыттың мағынасын мен осы тұрғыда түсінемін:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет