Қазақстан республикасының білім



бет21/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118
1-тапсырма. Абайдың «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» деген нақыл сөзін басышылыққа алып эссе жазыңыздар.


34 ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ



*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




2-тапсырма. Өлеңдерден берілген үзінділерді оқып, одан ақыл мен сезімді қатар ұстап, адамды үйлесімділікке жеткізетін қасиеттерді іріктеп алып, олардың әрқайсысына сипаттама беріңіздер.


Шәкәрім


... Ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық, Талапқа алты түрлі ноқта17 тақтық. Алтауының ішінде ынсап18 әділ, Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.


Құтты білік


(Үзінді)


Жүсіп Баласағұн


Екі әлемде кісілерге, керегің –


ізгі қылық, түзу құлық – дер едім.


Екінші – ұят, үшіншісі – әділдік,


Осы үшеуі бақ-дәулетің бәріңнің.


Құлқы түзу болса елі сенеді,


Қылығы түзу төрден орын тебеді.


Ұят, намыс – абыройын сақтайды,


Ұятсыздық ердің басын таппайды.


Тағы бірі – түзу қылық қарымды,


Қос жалғанда сындырмайды сағыңды!


Ұят, шындық, ізгі құлық – үшеуі,


Қосылғанда құбылаң тең түседі.


3-тапсырма. «Ойы, сөзі, ісі ізгі жандар» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің бағдарламасын төмендегі қадамдарға сәйкес әзірлеңіздер:



  • тақырыпқа сәйкес кейіпкерлерді табу;




  • тақырыпқа сәйкес әңгімелесуге сұрақтар дайындау;




  • қатысушыларға сыйлық дайындау.

Адамның табиғатына тазалық, ізгілік, жақсылық жақын. Сондықтан да, адам табиғаты жақсылық жасауға бейім тұрады. Осы тұрғыда Шәкәрім Құдайбердіұлы «... Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ожданды ақыл-ой, шынайы жүрек.


Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды» дейді. Сондықтан да адамның ойы, сөзі, ісі ылғи да тек қана жақсылыққа бағытталса, өмірде игі істер жасалып, адам өзімен өзі және айнала қоршаған ортасымен үйлесімділікте өмір сүруге мүмкіндік алар еді.



17

Мал басына кигізілетін ер-тұрман жабдығының бірі.




18

Көңіл тоқтатудағы қанағат.







ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ

35




*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет