Құз басындағы аңшының зары
(Үзінді)
Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шаханов
... Естеліктерге құлақ ассақ, Қажымұқан – алып күштің ғана емес, биік адамгершіліктің де иесі.
Шіке, Қожамқұл сынды қырғыздың алыбымен Қажекең кездескен деген әңгіме бар...
Ш. Айтматов. Ол рас. Жастайынан жоқ-жітіктеу өскен Қожамқұл ер жете келе, күрес өнерінің нағыз майталманына айналады. Бойының биіктігі сондай, қатарласқанда, түйелі адамның иығынан келіп тұратын деседі көзін көргендер. Қоңқақ мұрынды, ат жақты, қара сұр келбетіне қыран қабағы сұс беріп тұрғандай. Ғасыр басында Бішкекте ұлы жиын өтіп, соңы палуан күресіне, ат бәйгесіне ұласқан. Қытайлар өздерінің өгіз палуанын әкеліпті. Әлгі палуанның үстін жабулап, басын ноқталап, төрт тағандатып, айналасына топырақты уыстап шаштырып, өкіртіп-бақыртып, ортаға алып шығыпты. (Ертеде палуандардың айбарын асыру үшін, әрқайсысын дене бітіміне қарай түйе, өгіз, қошқар палуан атандырып, үстін соған сай жабулап, ноқталап, ортаға жетелеп алып шығатын дәстүр болған). Мына психологиялық шабуылға шыдамаған қырғыздың небір апайтөс алыптары халық қолқалағанмен, жүректері дауламай, топқа түспей, сырт айналып қашыпты. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген ел аң-таң болып, абдырап, не істерін білмей, сасады. Бас жүлдені алыстан келген әлдекімге байлап жіберу – елге сын. Әр рудың аты аталып, қайта-қайта ұран шақырылады.
Осы кезде ортаға жардай боп Қожамқұл алып шықты дейді. Үстіндегі жабуы мен басындағы ноқтасын сыпырып тастаған қытайдың өгіз палуаны да өкіріп, тіке ұмтылыпты. Айласы басым қарсыласына бой бермей, арпалысқан Қожамқұл сүт пісірім уақыттан кейін әлгіні «ап» деп ақырып қалып, тас төбесіне көтеріп алған. Демдерін ішке бүгіп, тырп етпей тұрған қырғыздар да «уа, аруақ» десіп, шуласып қоя беріпті. Айғайға арқаланған Қожекең қарсыласын айналдыра үйіріп әкеліп, жерге бір-ақ соққан...
Көзі тірісінде жауырыны жерге тимеген палуанның даңқы осы белдесуден соң-ақ, күллі елге тегіс мәлім болған. Палуандарды замандастары мен кейінгі ұрпақ әрқашанда мифологияға бөлеп, дәріптеп отырған.
Қажымұқан мен Қожамқұлдың кездескені жайлы көне-көз қариялар қызықты баяндайды. Циркте өнер көрсетіп, бетіне жан қаратпай жүрген Қажымұқан бір сапарында Бішкектің мал базарына соқса керек.
36 ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Ойдан-қырдан жиналған ел-жұрт палуанды орталарына алып, жібермей, серіппедей шиыршық атып тұрған бұлшық еттерін тамашалап, оңаша үй тігіп, бие сойып, қымыз сапырыпты. Африкада қара зәңгімен белдесіп жыққанын, жапон палуаны Сар-Ки-Киді қалай жеңгенін тыңдап, айыздары қанып, желпінген топ тыныш тұра
ма, Қажымұқанды Қожамқұлмен күрестіріп, қызыққа батайық деседі. Орталарынан шығарып, үш тоғыз жүлде де тігеді. Ат шаптырып, аулынан алдырылған Қожамқұл алдымен аға палуанға барып, ізетпен көріседі.
Тамашаға жиналған көпшілік екі жаққа бөлініп, бұрын-соңды көз көрмеген үлкен күрестен дәмелі көңілмен қызыл өңеш боп жатады.
– Қажеке, – дейді осы кезде қырғыз палуаны. – Бір бастың екі көзіндей бауырлас егіз елдің азаматымыз. Сіз – аға, мен – інімін. Біріміз жығып, мақталып, екіншіміз жығылып, тапталып жатқанымыз жараспас. Әрі бізге меймансыз. Беліңізге жармассам, аруақ кешірмес. Жүлде сіздікі болсын!
Осыны айтып, Қожамқұл ұстаспай-ақ, кісілікпен жолын берген екен.
– Қайтер екен деп, сын көзіммен қарап тұр едім. Көрген-түйгенің көп,
-
қырғыз елінің абыройына туған
|
Бұлар – тек алып күш иесі ғана
|
ұл екенсің. Жұлдызың жансын!
|
емес, сонымен қатар зор адамдық
|
– деп, Қажекең інісін құшақтап,
|
парасат иелері. Туған топыраққа
|
бетінен сүйіпті. Жүлдеге алған
|
тамырын терең жіберген,
|
үш тоғызын сол маңдағы жетім-
|
халықтың салт-дәстүрін,
|
жесірге түгелдей таратып беріпті.
|
ибасын, рухани қазынасын бойына
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |