5-тапсырма. Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деген ойын басшылыққа алып, төмендегідей қасиеттері бар адамдарды қатыстыра отырып, жағдаят ойластырып, сахналаңыздар.
6-тапсырма. Мәтінді оқып, ойды, сөзді, істі үйлесімге келтіріп, жақсылыққа бағыттаудың жолын жасап, дәптерге жазыңыздар.
Бір күні бір адам данышпанға келіп, бақытты жан болғысы келетінін және оған жету жолын іздеп жүргенін айтады.
Сонда данышпан: «Біздің жанымыз бес арықтан су ағып құйылып жатқан бір тоғанға ұқсайды екен. Біріншісі – сенің көздерің, сондықтан көзің тек қана жақсыны көрсін. Екіншісі – сенің аузың, ол тек қана шындықты, жақсы сөзді айтсын және тек адал, таза асты қанағатпен ішіп-жесін. Үшіншісі – сенің миың, әділетсіздік пен зұлымдықтан, менмендік пен өркөкіректіктен арылсын. Төртіншісі – сенің аяқтарың. Тек жақсы жолға бассын. Бесіншісі – сенің құлағың. Өсек-аяңды, бос сөзді естімесін. Тек қана жақсыны тыңдасын. Сонда ғана сенің арықтарыңның суы тұнық болып, жаның мен жүрегің тазарады. Мен ешкімді бақытты ете алмаймын. Ол сенің өз қолыңда, өзіңді-өзі ғана бақытты етесің», – депті.
7-тапсырма. «Ойы, сөзі, ісі ізгі жандар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіңіздер.
Адамның ниеті жақсылыққа бағытталып, ойы, сөзі және ісі бірлікте болғанда үйлесімділік болады. Ондай адамға барлығы сеніммен, сыйластықпен, құрметпен қарайды. Өзімен өзі және қоршаған ортамен үйлесім тапқан адамның көңілі таза, пейілі ақ, пиғылы адал болады. Ондай адам өзгенің жетістігін, қуаныш, бақытын өз жетістігі мен игілік-бақытындай көріп, қуанып, басқаға көмектесуге дайын тұрады.
-
19 Алды-артын байқамайтын, аңқау.
|
|
ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ
|
39
|
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Өз елім
Сөзі Қадір Мырза-Әлидікі
Әні Нұрғиса Тілендиевтікі
Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі,
Жұлдызбен сырласқан.
Өз елім менің –
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін,
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
Қайырмасы:
Түлегі сендер,
Тілегі сендер.
Тірегі сендер сол елдің.
Назары сендер,
Базары сендер,
Ажары сендер сол елдің!
Ақ күмбез астығы,
Асқар боп өрілген.
Жалынды жастығы,
Жүлдені бермеген.
Өз елім менің –
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін,
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
Қайырмасы.
40 ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Достарыңызбен бөлісу: |