1-2 АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ
Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын.
Абай
Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Әділ – Мария
(Үзінді)
Шәкәрім
... Адам болған соң біреуге зорлық-зомбылықтан, әділетсіз арам пиғылдан, зиянды да кесірлі іс-әрекеттерден тиылуға бейім, ұстамды болса ғой... Керексізден аулақтанып, көңілін де, жүрегін де таза ұстап, тура жолды ұстанса деймін дағы. Ар білімі деп осыны айтпаймыз ба?
-
Біліп қана қоймай, білгенін өмірінің өзегі
|
Сол себепті жүрек
|
етіп, сол мақсатпен берік жол ұстанып жүре
|
арлылыққа толса,
|
білсе ғой... Ары ұдайы нәпсісін1 жеңер болса
|
оның жемісі де
|
ғой... Жүрек не нәрсеге толы болса, ауыз
|
игілікті болмақ.
|
соны сөйлейді, адам соны істейді ғой. Адам
|
|
өміріндегі сөзі, ісі, иманның, ардың қалыбы болған жүректің жемісі емес пе?! Сол себепті жүрек арлылыққа толса, оның жемісі де игілікті2 болмақ. Ал адамның ары нәпсіні жеңуі үшін адам көңіл қалауына шек қоя білуі тиіс. Өйткені нәпсі алған үстіне алсам, жеңген үстіне жеңсем деген тойымсыз нәрсе, ол адамды күнәһар3 іске итермелеуші күш. Оны шектеу ләзім4 дегенде осы жағын ойланамын... Нәпсісін арына, ақылына, рақымына5, әділетіне билеткен адам ғана адамшылық қалпын сақтайды, көпке өнеге болады. Адалдығыңа басшы болған арың нәпсіңді жеңсе қорлықтан құтыласың, азат боласың, еркіндікке иесің.
Маңдай тер, адал еңбек, жүректің шынайы қалауы білім алуға, ғылым үйренуге, оны еңбек етіп, өз өмірінде пайдалану арқылы жан құмарын тарқатуға пайдаланса дейсің де шіркін...Сонда өзара көре
Кісінің бір нәрсеге көңілі ауудағы тәбет құлқын.
2 Пайдалы, маңызды, жемісті.
3 Кінәлі.
4 Қажет.
5 Мейірім, жаны ашушылық.
6 Реніш, ыза, наразылық.
7
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
алмаушылық, күндестік, құр мақтан, кейіс6, алдап-арбау бәрі кетер еді, заман түзу жолға түсер еді. Білімді, ғылым үйренген ерді адалдықпен басқартса, ел де өзгерер еді, барлық адам таза еңбек жолына түсіп, өнер үйренер еді, сонда өз тірлігінің нәтижесін өзі көріп, бейбіт, мамыражай, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, елдіктің тұғырын биік ұстаған елге айналар едік. Адалдыққа бастайтын, арлылықты жастайтын, ар білімі оқылса, жайнаған көңілі бар, қайнаған өмірі бар, берекесі мерекесіне ұласқан ел-жұрт болар едік, қатарымыздан озық болар едік.
Мәтіндегі Шәкәрімнің «Адам болған соң біреуге зорлық-зомбылықтан, әділетсіз арам пиғылдан, зиянды да кесірлі іс-әрекеттерден тиылуға бейім, ұстамды болса ғой...» деген ойы іске асуы үшін адам бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болуы қажет?
Мәтіндегі «Біліп қана қоймай, білгенін өмірінің өзегі етіп, сол мақсатпен берік жол ұстанып жүре білсе ғой...» деген ойды адам берік ұстанса оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар? Неліктен?
Автор неліктен «Жүрек арлылыққа толса, оның жемісі де игілікті болмақ» дейді?
Мәтіндегі «Адамның ары нәпсіні жеңуі үшін адам көңіл қалауына шек қоя білуі тиіс. Өйткені нәпсі алған үстіне алсам, жеңген үстіне жеңсем деген тойымсыз нәрсе, ол адамды күнәһар іске итермелеуші күш. Оны шектеу ләзім дегенде осы жағын ойланамын... Нәпсісін арына, ақылына, рақымына, әділетіне билеткен адам ғана адамшылық қалпын сақтайды, көпке өнеге болады. Адалдығыңа басшы болған арың нәпсіңді жеңсе қорлықтан құтыласың, азат боласың, еркіндікке иесің» деген ойды қалай түсінесіздер?
Достарыңызбен бөлісу: |