5-тапсырма. Сократтың «Адам – құл, өзін жеңіп ұстамаған» деген ойын тақырып етіп алып, эссе жазыңыздар.
6-тапсырма. «Нағыз Адам болудың сыры» тақырыбында әңгімелесу нәтижесімен сыныптастарыңызбен бөлісіп, ортақ шешімге келіңіздер.
Ата-бабамыз күнделікті өмірде «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өту парыз», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген халық даналығын ұстаным етіп, «Адам» деген ұғымды құнды санап, соған лайықты болып өмір сүрген. Осы тұрғыда ғалым Зейнолла Серікқалиұлы «Адамның жалпы өмірдегі орны, бүкіл тіршілігінің мән-мағынасы, ең алдымен, оның не үшін туып, дүниеде не үшін жер басып жүргендігін, бүкіл болмысын қаншалықты сезіне білгендігіне тікелей байланысты» дейді. Сондықтан адам тек қана адамдығымен мәңгі жасай алады.
Көмегін, жәрдемін.
-
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Ырзамын
Мұқағали Мақатаев
Тағы да көрдім,
Тағы да көрем таң нұрын!
Аязын қыстың,
Аяулы жаздың жаңбырын.
Алтынға, мейлі, толмай-ақ қойсын сандығым, Ырзамын саған!
Ырзамын саған, тағдырым!
Шаршаған шақта,
Шақырып сені жекпе-жек,
Басыма менің,
Бақыттан басқа төкпе деп,
Тағдырым, саған
Жүріппін босқа өкпелеп.
Өшпестей етіп,
Өмірдің жазған бұл заңын,
Түсінбей кейде,
Тосырқап менің жүр жаным.
Кеудемде мына,
Өзің сыйлаған бір жалын,
Лапылдап жатыр,
Тағдырым, саған ырзамын!
14 АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Достарыңызбен бөлісу: |