Ары қарай не болады?
(Тәмсіл)
Жас жігіт қуана келіп әкесіне:
– Әке, менімен бірге қуан. Мен университетке түстім. Заңгер боламын! Бақытымды таптым-ау!
– Өте жақсы, ұлым, – деді әкесі, – сен енді көп оқитын боласың. Ары қарай не болады?
– Төрт жылдан соң университетті аяқтап, үздік диплом аламын.
– Одан ары қарай не болады?
– Содан соң мен бар күшімді жұмсап еңбек етемін, қорғаушы болып жұмыс жасаймын.
– Содан соң ше?
– Одан соң үйленемін, отбасын құрамын, балаларымды тәрбиелеймін, оларға білім беремін және жақсы мамандық таңдауына көмек беремін.
– Содан соң?
– Жетістіктерге қол жеткізіп, зейнетке шығамын – балаларымның бақытына қуанып, тыныш өмір сүремін.
– Ары қарай не болады?
– Содан соң ба? – деп жас жігіт бір сәт ойланып қалады. – Иә, бұл өмірде ешкім мәңгі емес. Сондықтан барлық адамдар сияқты мен де өмірден өтермін.
– Содан соң не болады? – деп сұрады дірілге толы даусымен әкесі.
– Қарағым, ұлым, содан соң не болады?
Ұлы ойланып барып, сенімсіздеу жауап берді:
– Әке, рахмет саған. Мен бәрін түсіндім. Мен ең бастыны ұмытқан екенмін...
Баласы нені ұмытты деп ойлайсыз?
Бұл сұраққа өзіңіз қалай жауап берер едіңіз?
Тәмсілден қандай ой түйдіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |