19-20 МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ
ЖАЛҒАСЫМЫН
Ата-ананың қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас. Бауыржан Момышұлы
Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ұлыма хат
(үзінді)
Немат Келімбетов
Ұлым менің!
Теңіз жағалауынан алыста жүзіп жүрген кемелер тұманды күндері адасып кетпеуі үшін порттағы биік бағаналар басына күндіз-түні өшпей, жарқырап жанып тұратын үлкен шамшырақтар іліп қояды.
Құлыным! Мені асырып айтып отыр деп ойлап қалма. Менің өз әкем өзіме сол шамшырақтар секілді көрінеді. Тұйыққа тірелген сәттерде мен: «Осындай кезде әкем не істер еді?» – деп өзіме-өзім сауал қоямын. Сол сұраққа әкемнің тұрғысынан жауап іздеп табуға өзімше әрекет жасаймын.
Менің әкем қол бастаған батыр да, сөз бастаған шешен де емес еді. Қарапайым бағбан болатын. «Қарапайым» деймін-ау, әкемнің бағбандық өнерін күллі Оңтүстік өңірі әлі күнге аңыз етіп айтады.
Әкем марқұм орта бойлы, мығым денелі, қапсағай, жалпақ жауырынды, ат жақты, кең маңдайлы, қастары қою біткен, бадана көз, қара кісі еді. Қап-қара сақалы өзіне жарасып тұратын.
Тегінде, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі де мейірімділіктен бастау алса керек. Әкем туралы ойлағанда ұдайы осындай тұжырымға келем.
Кешегі сұрапыл соғыстан әкем қос балдаққа сүйеніп оралды. Әкемнің балдаққа сүйеніп, кетпен шауып жатқаны әлі күнге көз алдымда тұр. Бұған бала кезде жете мән бермеген екем. Соның бәрін мен кештеу түсініп, әкемнің жойқын28 қайсарлығына қайран қалдым.
...Мен әкемнің сұлулыққа соншалықты құштар жан болғанын есейген шағымда ғана түсіндім. Мұндай құштарлық тек жаны мөлдір жандарға ғана тән қасиет шығар деп ойлаймын.
Оpасан мықты, күштi.
88
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
... Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім
бұтақтарын ашып, оны ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып
қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс. Қысымен жер астында жатқан
жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-бармақтай
бүртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды.
Әкем топырақ астында көзге көрінбей жатқан адам саусақтары секілді
жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай жатқанын алақанымен сипалап
білетін. Сол себепті көктемдегі
жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі
пендені жолатпайтын. Мұндайда
әкем жүзімнің әр бұтағын
қолымен сипалап, «Ә, оянып
қалдың ба, жарайды, сен де жарық
дүниеге шыға ғой», – деп өзінен-
өзі күбірлеп сөйлеп жүретін.
...Шілде айында өрік пен шабдалы уылжып тұрған кезде де, қазанда жүзім мен алма піскенде де әкем бүкіл ауыл адамдарын бауға шақырып, әрқайсысының үйіндегі адам санына қарай пәлен түп жеміс ағаштарын «мынау сенікі, анау сенікі» деп бөліп-бөліп беретін. Әрбір отбасы өзіне тиесілі ағаш басындағы
жемістерін бала-шағасымен жабылып жүріп лезде жинап
алатын. Колхоз берген арбаларға жәшік-жәшік өрік, шабдалы, алма, тағы басқа жемістерін тиеп алған ауыл адамдары әкеме алғыстарын айтып, құдды тойдан қайтып бара жатқандай мәз-мейрам боп тарайтын.
Менің әкем алғанына емес, біреуге бергеніне қуанатын адам еді. Ал, күзгі жеміс жинау кезеңі – әкемнің өміріндегі ең бақытты күндері болатын. Мәуе төккен күзгі ағаштар түбінде асығыс-үсігіс жеміс жинап жатқан балаларға мейірлене ұзақ қарап, іштей елжіреп, нұрланып, рухтанып, тіпті көрер көзге кәдімгідей жасарып кететін еді. Маған әкем өзінің бүкіл өмірін, күш-қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни адамдардың өзіне риза болған қуанышты жүздерін көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін.
Бүгін ойлап қарасам, әкем марқұм өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен. Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан шығар, әйтеуір ауылда біреудің пеші яки тандыры бұзылып қалса да, есік-терезесі қирап немесе
-
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН
|
89
|
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасына ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен мықтап дәріс беріп кеткен екен.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
құдығынан су шықпай жатса да әкемді шақырып әкететін. Өз үйіміздегі қыруар шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін. Түн ортасы болса да орнынан тұратын да, әлгі жәрдем сұрап келген адамға ілесіп, үн-түнсіз үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін, сірә. Ең бастысы – әкем өз еңбегі үшін әлгі адамдардан көк тиын алмайтын.
... Бір жолы әкем үйге өте кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір қалған бір көп балалы әйел бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл осы күні көрші ауылда тұрған ағам мен жеңгем қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі:
– Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда өзгенің шатырын жамап-жасқап жүргеніңіз қалай? – деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап бір күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап берді:
– Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген малдан қандай айырмамыз болмақ?
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған күлімсірей қарады.
Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасына ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен мықтап дәріс беріп кеткен екен. Құдайға шүкір, бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің өзінде ауылдастарым бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып
қалған көршісінің тозығы жеткен шатырын жөндеп, сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен.
Ұлым менің!
Әкемнің маған берген тәрбиесін мен саған толық бере алмаған шығармын. Кейде ол кісі маған бала бүркітті баулап жүрген саятшы секілді көрінетін. Мені қасынан тастамайтын. Жеміс ағаштарының жас көшеттерін отырғызып жатса да, қырға шығып шөп шапса да, арық қазып, көпір салып жатса да ұдайы мен әкемнің жанында жүретінмін. Әрине, қызықтау үшін емес. Әкемнің қалай кетпен шауып, қалай орақ орып, қалай балға соғып жатқанын көріп өстім.
Бертін келе әкем маған аса жауапты істерді сеніп тапсырып, өзі басқа шаруалармен айналысып кететін болды. Мұндай кезде «бір нәрсені дұрыс істемей, бүлдіріп аламын ба?» деп іштей қатты қорқушы едім. Талай рет бүлдіріп те қойдым. Бірақ әкем іштей қанша ренжіп тұрса да ашуға тізгін бермейтін. «Өзің бүлдірдің – өзің жөнде» дейтін де, кетіп қалатын.
Кейде әкем күні бойы кетпен шауып әбден шаршап, жеміс ағаш
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
көлеңкесінде шалқасынан аспанға қарап жатқан сәттерінде бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі хақында қызықты аңыз-хикаялар айтатын. Солардың бірі әлі есімде.
– Бүркіт көп өмір сүреді, – деп бастады әңгімесін әкем. Бірақ ол өзінің ұзақ өмірінде ұяда жатқан әр балапанын небәрі бір рет қана ұшырып үйретеді. Енді ғана темір қанат болып келе жатқан балапанын бүркіт тістеп алған күйінде көз жетпес биік аспан тұңғиығына самғап ұшып шығады да, кенет аузындағы балапанын төмен қарата лақтырып жібереді. Әлі бір рет те қанат жазып, ұшып көрмеген өз балапанын аямайды екен-ау деп қаласың. Бірақ қас-қағым сәтте әлсіз қанаттарын ашуға шамасы келмей, жерге қарай құлдырап бара жатқан балапаны соңынан ана бүркіт құйындай ағып келеді. Егер балапан жерге жақындағанша қанатын аша алмаса, онда ана бүркіт шүйіліп кеп оны қағып алады да, қайтадан биік шың басындағы өз ұясына апарып қояды. Бірақ ана қыран шексіз аспан әлемінде өз күш -қуатымен бірден самғап кете алмаған темір қанат балапанына қайта мойын бұрып қарамайды екен.
Енді әлгі балапан өзінің жер бауырлап жүретін жылан емес, аспан әлемінде құйындап ұшатын қыран екенін тек өз қайратымен, ерік-жігерімен ғана дәлелдей алады. Егер оған рухы жетпей қалса, онда қайырымсыз қанаттарына қарғыс айтып, үн-түнсіз мына жарық дүниемен мәңгілікке коштасады екен, – деп бітірді әңгімесін әкем.
Иә, қыран құстар хақындағы бұл аңызды әкем маған текке айтып отырмағанын ішім бірден сезді. Бұнда бір гәп29 бар деп түйдім. Ақыры әкемнің астарлап меңзеген30 ойын ұқтым. Ол маған: «Өмір сүргің келсе
– өз бетіңмен тіршілік етуді қазірден бастап үйрен. Өмір аспанында өз қанатымен ұша алатын қыран екеніңді балапан кезіңде көрсет. Мен сені сақалың шыққанша сүйрей бермеймін. Жетелеген ит ауға жарамайды. Өз әрекетіңді өзің жаса», – деп отыр.
Міне, содан бері арада талай жылдар өтті. Мен қыран боп өз күшіммен көкке самғап шықтым ба, жоқ па? Оны басқалар айта жатар. Бірақ мәңгі-бақи аспанға ұша алмай, темір қанат күйімде қалып қоймау үшін барымды салып, жан аямай әрекет жасап келе жатқаным даусыз. Ешкім ешқашан қолтығымнан демеген емес. Өз биігіме өзім ұшып шықтым. Саған да соны тілер едім, ұлым.
|