қағидасы. Онсыз адам өмiр
бiздiң көбiне ер дейтiнiмiз кеселдi
|
сүре алмайды.
|
iске жүрек жұтқандар. ...Ал рухани
|
|
ерлiктi қайтемiз? Мәселен, өз мiнiңмен
|
|
қателiгiңдi мойындаудан қорықпау, өзгеге қаталдық емес (одан оңай не бар), өзiңе қаталдық көрсете бiлу, өзiңдi жазалай бiлу, қысқасы, ең алдымен өзiңдi өзiң жеңе бiлу – мұның бәрi ерлiкке жатпай ма? Өзiнен әлеқайда күштi жаудың аузына өз еркiмен түсуге жүрегiн даулата бiлген жаңағы торғайдың ерлiгiн арыстанның қайталай алмауы әбден мүмкiн. Бәлкiм, осы тұрғыдан кейбiр ұғымдарды қайта қарауға тура келетiн шығар. Сiздiң бүкiл идеяңыз «iзгiлiк мұраттары жер бетiндегi адамдардың кемелденбеген өмiрiне сәйкес келмейдi» деген тұжырымға негiзделген. Рас, анық өмiрде кемелiне келген мүлтiксiз ештеңе жоқ. Бар болса, ол әрi қарай дамымас та едi. Жер бетiндегi тiршiлiктiң мәңгiлiгiнiң өзi мәңгi дамуға негiзделген. Сондықтан кемелiне жеткен мүлтiксiз ештеңе болуға тиiстi емес. Бiрақ суретшi иә мүсiншi өз туындысын жасағанда мiндетті түрде жаңағы өмірде жоқ кемелдікке ұмтылады. Оған ешқашанда жете алмасын өзi де бiледi. Алайда соның арқасында талай тамаша өнер туындыларының дүниеге келетiнi белгiлi.
Емделмейтiн ауруларды емдеу арқылы, алынбайтын қамалдарға жасалған шабуылдар арқылы, сол жолдағы жеңiске бергiсiз жеңiлiстер арқылы адамдар ғажайып рухани биiктерге көтерiледi, адами мүмкiндiктiң көкжиегiн кеңейтедi.
Ендеше мұраттың қарабайыр тiршiлiкке сәйкес келмеуi оның
кемшiлiгi емес, керiсiнше, артықшылығы болмақ.
Өмiрдi жақсартуға болатын iзгi сезiмдер мен iзгi шарттарды құдай
146 АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
бәрiмiздiң бойымызға берген. Ендi сол шарттар мен ойға алған ниеттердiң iске аспағанын өзiмiздiң табансыздығымыз бен жiгерсiздiгiмiзден көрудiң орнына, ар-ұяттың құдiретiмен жасалған қасиеттi ұғымдарды тәрк етiп, бүкiл адамзаттың парасатын жоққа шығарғымыз келедi.
Адами өмiрдiң заңын адам жасайды. Ол заңның iске асуы өзiмiздiң құлқымызға байланысты. Рас, табиғаттың iрге тасында бiздiң қасиеттi сезiмдерiмiздi қорлайтын қатал заңдар көп. Бiрақ, табиғаттың ол заңдарымен өмiр сүретiндей, оны өзiмiзге тiршiлiк шарты етiп алатындай – бiз хайуан емеспiз ғой.
...Кіршіксіз тазалықты талап ететін ұғымдар бар. Мәселен: махаббат, арұждан, мұрат, әділдік, адалдық т.с.с. Сәл-пәл арамдық араласқан адалдық, сәл-пәл әділетсіздік араласқан әділдік, сәл-пәл алаяқтау махаббат болмайды. Олар я бар, я жоқ. Мұны абсолют десең де, демесең де, негізгі мағынасы осы. Ал ізгілік мұратының табиғаты туралы өткен хатта өз дәлелдерімді толық келтірген болатынмын. Оны қайталап жатпаймын. Айтарым, ізгілік мұраты күн сайын өзінің орындалуын талап етіп отыратын заң емес, ол заң секілді жағдайға қарай өзгеріп, кезең сайын толықтырылып отырмайды.
Мұрат – баратын жерді емес, жүретін бағытты көрсетуші темір қазық іспетті рухани жұлдыз. Сондықтан адамның өзінің кемшілігінен туындайтын жердегі берекесіздікті көктегі жұлдыздан көрудің реті жоқ.
-
Жердегі өмірді
|
жақсарту
|
үшін
|
Мұрат – баратын жерді
|
мұратты емес, адамды жөндеу керек,
|
емес, жүретін бағытты
|
адамды.
|
|
|
көрсетуші темір қазық
|
Екіншіден, ізгілік пен зұлымдық
|
іспетті рухани жұлдыз.
|
атауын өзгерту тек
|
күнәһарлар
|
мен
|
|
қылмыскерлерге ғана тиімді болуы мүмкін. Өйткені бұл оларды маңдайларына басылған қара таңбадан бір-ақ сәтте құтқарар еді. «Мейлі, ақтай беріңдер, мейлі, жазаламай-ақ қойыңдар, бірақ зұлымдықты зұлымдық деп өзінің атымен атаңдаршы», – дейді Федор Достоевский. Осы кісінің айтқаны дұрыс секілді.
... «Күнәһәрмен емес, күнәнің өзімен күресу керек», – деген М.Ганди.
Күнәдан жиіркенбейтіндер күнәмен ешқашанда күреспейді.
Адамның ар-ұятына байланысты ұғымдардың мойындалмай, тіпті мүлде керісінше сипат алуы мені ұзақ ойландырды. Ақыры бір тоқтамға келгендей болдым...
Мәселен, ұрлық жасау барлық елдің ұғымында масқара болып есептеледі. Бірақ ұрлықтан дәм татып дәніккен адамға ол ешқандай да масқара емес... Яғни белгілі бір табалдырықтан аттағаннан кейін, саған әлдебір хайуани бостандық келеді, жиіркенуден арыласың. Бәрі де бой үйренуден басталады: темекі де, маскүнемдік те, нашақорлық
-
АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ
|
147
|
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
та. Әлдебір қылмысқа батыл қадам жасасаң болды, әрі қарай өзінен-өзі майға түскен пышақтай жылжып кете береді екен. Өйткені ар табалдырығынан аттағаннан кейін-ақ, жамандыққа бой үйренеді. Табалдырықтың ар жағында тұрған адамға ештеңе де ұят емес. Ештеңеден де қысылмайды. Өйткені басқа территорияда тұр. Ол тек осыны неге ертерек жасамадым деп өкінуі мүмкін. Алайда, бір затты естен шығармаған жөн. Табалдырықтан аттау – аттамағаннан жүз есе жеңіл. Аттау үшін үлкен күш жұмсаудың қажеті жоқ. Iшкі жеңілтек (хайуани) сезімдеріңе ерік берсең болды. Ал аттамау үшін үлкен қайрат керек... Ондай жігерің болмаса, «табалдырықтан аттай салғанда тұрған ештеңе жоқ» деп өзіңді-өзің алдап, жұбатқаннан басқаға шамаң келмейді. Олай болса, адамгершілік деген қалаған кезде кіре салатын есігі ашық тұрған иесіз үй емес, үлкен рухани жігерді, төзімді қажет ететін, шарты қатал, кіруі қиын сәулетті ғибадатхана. Ал қиындыққа төздіретін, жігеріңді құм қылудан сақтайтын жалғыз нәрсе өмірге рухани мән-мағынаны ізгілік қана бере алатынын арыңмен, жаныңмен сезінуің ғана.
Мәтіндегі «Iзгiлiкке сенiм артпаған адам ешқашан да жақсылық жасай алмайды» деген сөзді қалай түсіндіңіздер?
Автордың «Шын бостандыққа рухани кемелдену арқылы ғана жетуге болады» деген ойын қалай түсіндіңіздер?
Адамды жамандыққа не итермелейді? Ал жамандаққа қадам бастырмайтын не деп ойлайсыздар?
Ар-ұяттың адамның адал күзетшісі болуының себебі неде?
Осы мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?
Достарыңызбен бөлісу: |