Қазақстан республикасының білім


Саңылауы47 жоқпен Сабақтас48



бет99/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118
Саңылауы47 жоқпен


Сабақтас48 болма.


Байлауы49 жоқпен















47

Түйсік, сана, ақыл, ой.




48

Бір болу, бірге болу.




49

Тоқтамы, негізі, ақылы.










АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ

149




*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




Санаттас50 болма.

Тілегі жаманмен




Қапаға51 түспе.


Тегі52 жаманмен

Ортаға53 түспе.





  • Бөлтірік шешеннің баласы неліктен келеңсіздікке душар болды?




  • Бөлтірік шешеннің ұлына айтқан сөзінен не ұқтыңыздар? Қандай сабақ алдыңыздар?




  • Ата-аналарыңыз немесе үлкендер айтқан қандай ақыл-кеңесті өзгелерге сабақ ретінде айтар едіңіздер?Неліктен?




  • Қарамен берілген сөздерді түсініп алыңыздар.




Шәкәрім

Ұждан ілімі рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі. Адамның тұлға боп қалыптасуына ата-анасы, айналасы, замандасы, тәлім берер қылған ісі. Сенім белгілерін негізгі басшылыққа ала отырып ұят, шыдамдылық, аяушылық, ізгілік, әділеттілік сияқты қасиеттердің иесі бола алмақ.


Шынайы адам өзіне ғұмырлық даналық жинаған адам. Мәңгілік – не ексең, соны орасың деген өмір тәжірибесінің жемісі. Адам жанының жетістігі рухани әлемнің қазынасына құйылады. Әр адам ұждан білімін оқыса, адамгершіліктің биік шыңына жете алады.




3-тапсырма. Шәкәрімнің «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім – үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады...

«Адамшылық арым соны істеуді ұнатады» деген «ұжданың солай қылғанды ұнатады» дегендік болып шығады. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар.



  1. Қатар, бірге.

  2. Реніш, кейіс.

  3. Арғы атасы, шыққан жері.

  4. Адамды қоршаған әкімшілік тұрмыс жағдай, сол жағдайға байланысты қатынас жасайтын адамдар тобы.



150 АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




4-тапсырма. Өлеңді оқып, ондағы ар-ұжданға байланысты түйген ойларың туралы қысқаша ақпарат әзірлеңдер.


Құтты білік


(Үзінді)


Жүсіп Баласағұн

Ұятты біл, ұятсыздан қашық бол,


Парасатқа, пәк көңілге асық бол!


Ар-ұятың жаман істен сақтайды,


Бұзықтарды ұят түзеп, ақтайды.


Кісілікті ұят сақтап қалады,


Ұяты бар кісі – адамның адамы.


Іс берсең бер ұятты – арлы адамға,


Намысты жан ашпайды есік арамға.


Ұятсыздың ұятсыз, нас тілі де,


Жөн сөзі жоқ, кісі қоры тіріде.


Тыңда адамды ұяты – көз, жолы хақ,


Ақыл айтқан ақ жүрегін қолына ап:


«Ұятсызға жақындама, жырақ тұр,


Ұятсыздың көзі ұятсыз, құлақ түр».


Ақ көгершін


Сөзі Нығмет Баймұхамедовтікі Әні Ахмет Жұбановтыкі

Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт, ел үшін. Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан, Ұшырамын қолымнан.


Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына.


Көзін сенен алмайды, Ақ ниеті бар адам. Ақ қанатың талмайды, Әділеттен жаралған. Тыныш бейбіт өмірдің, Белгісі боп қанат қақ. Әлемге ортақ көңілдің, Қайт шыңына қонақтап.


Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына.






АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ

151

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет