БІЛІМДІ БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕУ
1-тест
Адам виртуалды кеңістікті өз игілігіне жарату үшін:
а) Нақты ізгі мақсаттың болуы, жақсы мен жаманды, уақытша мен мәңгілікті ажырата алуы, өзіңе шек қою білу, виртуалды өмір мен нақты өмірде дұрыс таңдау жасай алуы тиіс.
ә) Достарымен кеңесуі қажет.
б) Виртуалды кеңістікке көп уақыт бөлуі керек.
2-тест
«Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» болса, адам қандай еңбекте болсын өзін де өзгелерді де қуанышқа бөлейді» деген ойға сенің көзқарасыңыз?
а) Адамды «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» қандай іс-әрекетте болса да оң нәтижеге жеткізеді.
ә) Бүкіл адамзаттың игілігі үшін өлшеусіз еңбек етіп, үлкен мәселелерді шешетін еңбек қуаныш әкеледі.
б) Барлық еңбек түрі адамды қуанышқа бөлейтіні мүмкін емес.
3-тест
Адам адамзаттың бөлшегі екенін түсінесіз бе?
а) Әрине, бізді қоршап тұрған шексіз кең, әрі мәңгі дүниенің бөлшегімін, бүкіл адам баласының бірімін.
ә) Адамзат менсіз де шексіз.
б) Жоқ. Мен өзімше әлеммін.
4-тест
Ар-ұждан дегенді қалай түсінесіздер?
а) Адамдардың сүйіспеншілікпен, қиянат жасамай өмір сүруі.
ә) Адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы.
б) Адамға тән ізгі қасиет, намыс, ұят. Рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі.
155
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
Достарыңызбен бөлісу: |