Жайдары – жарқын жүзді, ақ көңіл, ашық, кішіпейіл, мейірімді, мейірбан.
Жанашырлық – бір адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, тілектес, ниеттес, ерекше көңіл-күйі, қамқорлығы.
Жасампаз– шығармашылық жолмен белгілі бір нәрсені жасаушы. Жол беру – қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпындағы этикалық жоралғы. Дәстүрлі әдет нормалары бойынша жасы кіші үлкен кісіге бөгет жасамай, жол босатады, үй ішінде ол төрге отырғанша түрегеліп
тұрады, астан дәм татар кезде де осы жоралғы сақталады.
Зиялылық, зияткерлік, интеллигенттік(ағылш. Intellectualism) – адамның жоғары мәдениеттілігінің, ақыл-парасаты мен адамгершілік қасиеттерінің жиынтығын білдіретін ұғым.
Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.