Қазақстан республикасының білім


-34 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ



бет100/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118
33-34 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ


Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табармыз.


Платон



  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.




Мағыналы өмір сүрудің сыры неде?


Сағындық Ордабеков

Не үшін өмір сүресің? Осы бір сұрақ төңірегінде ой қозғасақ, кім не


айтпайды, тәйірі. Сұрақ біреу болғанымен, әркім өзінің сана түйсігіне,


ой-қиялына қарай жауабын сан жаққа жүгіртіп, әрқалай жауап беретіні


белгілі. Ия, сонымен кім, не үшін өмір сүреді?


Есімі тарихта қалған австриялық психоаналитик Виктор Франкл «Біз өмірге айналадағы жұртты қуанту үшін ғана келдік. Қасыңдағы адамның түріне, жынысына, мәртебесіне, әлеуетіне қарамастан оған шаттық сезім сыйлау үшін ғана туылғанбыз», – дейді.


В. Франкл дәрігер болып жүргенде мынадай сезімнің соңына түседі. Ол ақша табу үшін байларға ақылы қызмет көрсететін. Ал, түстен кейін жағдайы жоқ кедейлерге тегін қарасады. Яғни, оларды емдегені үшін ақы алмайды. Кедейлер оған риза болып, алғысты жаңбырша жаудырады. Франкл олардан алғыс алған сайын бақытқа бөленетін. Кеудесі шаттыққа толып, бейне бір бұлттың үстінде қалқып жүргендей болады. Әрине, қалталы пациенттер де алғыс айтуды ұмытпаған. Бірақ, еңбегіне ақы алған соң жанды балқытып тұратын ләззатты таба алмай, өмір сүруге деген ынтығы азаяды. Клиникасының ақшаға тәуелді екенін біліп тұрса да, адамдардан алғыс есту үшін ақысыз қызмет көрсетуге құмартып алады. Жағдайы жоқ мұқтаж жандарға тегін қарасқан сайын оның өмірге құштарлығы арта береді. Осылайша Франкл шыбын жанға толассыз шабыт сыйлайтын шаттық сезімді кеудесінен шығарып алмау үшін барлық адам ұрпағына риясыз қызмет ету керектігін ұғына түседі.


…Сонымен, «Өмірдің мәні не?», «Бізді тіршілікке ғашық етіп, ажалмен айқасуға батылдық беретін қандай күш?» деген сұраққа, Франкл: «Өмірдің мәні – өзгеге қуаныш сыйлау. Өмір жолында саған серік болған адамды қуанту. Оның көңіл күйін шаттық сезімге толтыру.


152


*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


Адамдарға риясыз қызмет ету арқылы өзіңді де, оны да шаттыққа бөлеу» дейді.





  • Ал ұзақ өмір сүрудің құпиясы мынада: жапондықтар қарым-қатынас кезінде бір-бірін ренжітпеуге, көңіліне қаяу салмауға тырысатын халық деседі. Нақ осындай қадамы құтты елді әлем картасынан табу қиын. Экономиканың кереметін біз солардан көріп отырмыз. Күріш егетін, қала салатын ұлтарақтай жері де қалмады. Оларда табиғи байлық дегеніңіз атымен жоқ. Осыған қарамастан жапондықтар жаһандағы ең бай ұлт саналады. Байлыққа жеткізген де – ақыл-парасат пен ғылым-білімі. Ал енді осы ғажайып жетістіктерді ежіктеп айтып отыруымыздың себебіне келейін.

Гәп жоғарыда айтқан ұлт қазынасында жатыр. Тұтас елдің табыстылығының құпиясы сол, жапондықтар өз ой-пайымдарын тізгіндеп ұстауды үйренді. Теріс ойлар әңгімелесіп отырған адамның көңілін бұзып, жүйкесіне тиіп қана қоймай, оның денсаулығына, болашағына нұқсан келтіретінін жақсы білгендіктен, олар балағат, дөрекі сөздерді өз тілдерінен мүлдем тыйып тастапты. Жапондықтардың көп жасауының ақиқат сыры, міне, осында. Бір-біріне деген ілтипат-ізгілікте, сыйластықта.


Ізет пен ілтипат, сыйлағанның құлы болу, шынына келгенде, қазақтан қалған. Даладай дарқандық та, кең пейіл де, ер көңіл де, жалғыз атын жолаушыға сойып салар қонақжайлық та, зият тектілік те қазақтың сүйегіндегі қазыналы қасиеттері екендігі бүгінде төрткүл дүниеге түгел мәлім-ау. Бағзыдан бергі салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүр-жоралғысы, тәлім-тәрбиесі, даналық сөздері – бәрі-бәрі қазақтың азбас-тозбас, сарқылмас асыл қазынасына жатады. Осының бәрі, сайып келгенде, Елбасы айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізі, адам капиталының алтынға айырбасталмас әзиз құндылықтары болып табылады. Олай болса, қазақ қазынасын игерейік, ағайын! Ұзақ ғұмыр да, ырыс-береке де ұлт рухынан, ұлттың ақыл-парасаты мен жан-жүрегінің қайнарынан шығатынын әсте қаперден шығармайық», – дейді журналист Қорғанбек Аманжол.





  • Автордың «Не үшін өмір сүресің?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңіздер?




  • Мәтіндегі Виктор Франклды бақытты еткен не деп ойлайсыздар?




  • Қазақ халқының жасампаздығының себебін немен байланыстырар едіңіздер?




  • Сіздерді бақытты етуге тырысып жүрген жандар жайлы не айтар едіңіздер? Әңгімелеп беріңіздер.




ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ

153

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет