«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі
Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу
2. ҚР әнұраны
3. Ауыл әкімінің құттықтауы
4. Мектеп директорының құттықтауы
5. 1 - сынып оқушыларының тақпақтары
6. Ата-аналар атынан құттықтау сөз
7. Алғашқы қоңырау салтанаты
8. Қорытынды сөз
9. Оқушыларды мектепке кіргізу
1 - Жүргізуші:
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!
ІІ жүргізуші:
Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсың!
1 - Жүргізуші:
Жаңа оқу жылына қадам басарда алдағы оқу жылында болатын негізгі оқиғасын еске түсіріп қойғанымыз абзал Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ел рәміздерінің 30 жылдығы алғашқы оқу жылының тақырыптарына сай келіп отыр..
ІІ-Жүргізуші:
олай болса құрметті ұстаздар қонақтар , көрермендер бүгінгі мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған Бірінші сынып оқушыларын қарсы алайық
1 сыныбын білім әлеміне бастайтын алғашқы ұстаздары Сагындыкова З.Е
Каплюк Жансая Қуанышқызы
Қуат Төре Сұңғатұлы
Жасұлан Асылай
Халелхан Расул Серікұлы
Ермұхан Сырғалым Сансызбайқызы және де биылғы түлектер 9 сынып оқушылары жетекшісі Салыкова А.К. 11 сынып оқушылары Сынып жетекшісі Капенова Б.К қошеметпен қарсы алайық!
Білім есігін ашар жас бүлдіршіндер, алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын!
2-жүргізуші: Мурат Тлегенович
ҚР гимні орындалсын
1-Жүргізуші
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем
2-Жүргізуші
Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен, бүгінгі іс-шараны бастаймыз!
1-Жүргізуші:
Мереке зор қуаныш – Білім күні,
Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар – өмір гүлі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қадірлі ата – аналар! Алғашқы қоңырауға арналған « білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық» салтанатты жиынға арнайы келіп отырған қонақтар, Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен және білім күнімен құттықтаймыз! Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры : Таменов Р.Каматайұлына беріледі
2-Жүргізуші:
1-жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл – фараби, Омар, Ғалым АБАЙ да.
2-жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
сынып оқушыларына кезекті береміз.
1.Жүргізуші:
Сөз кезегі: Оқу ісінің меңгерушісі Сагындыкова Л.А беріледі.
2- Жүргізуші
Ата-ана болу үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл өрер
1 сынып ата-аналарының құттықтау сөзі
1-жүргізуші:
Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.
.
Ән « » Орындайтын 1 сынып оқушылары
2 жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына. Құттықтау сөз кезегі 11сынып оқушыларына беріледі.
1-жүргізуші
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына
Алғашқы қоңырау салтанаты
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.
Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11 сынып оқушысы
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
2-жүргізуші
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің
І - жүргізуші:
Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған мерекелік кешіміз өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
2021-2022 оқу жылының бітіруші түлектері атынан 1-сынып оқушыларына
Арнау хаты.
Құрметті жас достар!
Мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабақтарың «4» пен «5»-ке оқуларыңды тілейміз.
Ата-аналарыңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүріңдер. Барлық ізгі армандарың орындалып, өмір жолдарың ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматтары мен азаматшалары болып өсе берсін.
Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |