1-сабақ
Білім күні. Фонетика.
Тыңдалым. Оқылым.
Білім күні
1984 жылдың 1-қыркүйегінде ҚСРО Жоғары Кеңесімен Білім күні ресми мереке ретінде тағайындалды. 1қыркүйекті бүкіл адамдар асыға күтіп, қуана мерекелейді. Бұл күні оқушылар мен студенттерде жаңа оқу жылы басталады. Таңертең ерте тұрып, жарасымды киінген оқушылар қолдарына бір-бір шоқ гүлін ұстап мектепке барады. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол, әсіресе, 1-сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Ел аумағында білім күніне арналған салтанатты линейкалар барлық мектептерде өткізіледі. Күміс қоңырау сыңғыры барша оқушыларды мектепке шақырады.
Сөздік:
Ресми - официально
Тағайындалды - признан
Шоқ - букет
Маңызды - важно
Сыңғыр - звонок
Айтылым.
1. Мәтінді оқып, Білім күні туралы өз ойларыңды айтыңдар.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Сұрақтар: 1. Білім күні ресми мереке болып қашан тағайындалды?
2. Оны кімдер мерекелейді?
3. Оқушылар, студенттер қайда барады?
4. Білім күні, әсіресе кім үшін аса маңызды?
5. Біздің мектепте ол қалай тойланады?
Тілдесім:_«Оқу_инемен_құдық_қазғандай»_дегенді_қалай_түсінесіңдер'>Жазылым.
1 тапсырма. Оқу-білім туралы мақал-мәтел жазыңдар.
Тілдесім: «Оқу инемен құдық қазғандай» дегенді қалай түсінесіңдер?
2-сабақ
Біздің отбасымыз.
Тыңдалым. Оқылым.
Біздің отбасымыз
Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда 4 адам бар. Олар: әкем, анам, ағам және мен. Біз Алматыда тұрамыз. Менің атым – Ерасыл. Мен 12 жастамын, 7- сыныпта оқимын. Әкемнің мамандығы – қаржыгер. Оның жеке меншік фирмасы бар. Анам – балалар дәрігері. Ол №1 емханада жұмыс істейді. Менің анам 42 жаста, әкемнен екі жас кіші. Ағамның аты – Дәулет. Жасы 22-де, ол студент. Дәулет оқуын бітірген соң заңгер болады. Біздің отбасымыз өте тату. Мен өз отбасымды жақсы көремін.
Айтылым: Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сенің отбасың үлкен бе?
2. Отбасыңда қанша адам бар?
3. Сенің ата-анаң қай жерде жұмыс істейді?
4. Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?
5. Олар неше жаста ?
6. Олар не істейді?
Жазылым:
1. Сөздерді құрамына қарай талда: отбасымызда, дәрігері, балалар, әкемнің.
2. «Біздің отбасымыз» деген мәтіндегі бірінші үш сөйлемді орыс тіліне аудар.
3. «Отбасы» сөзін септе.
Тілдесім: Өз отбасың туралы әңгімеле.
3-сабақ
Менің отбасым. Фонетика
Тыңдалым. Оқылым.
Менің отбасым
Менің атым – Марат. Фамилиям - Алтынбеков. Мен 7- сыныпта оқимын. Жасым он үште. Менің отбасымда 4 адам бар. Олар: әкем, шешем, қарындасым және мен. Шешемнің аты – Айман. Ол 39 жаста. Анам дәрігер болып қызмет етеді. Әкемнің аты – Саят, ол 40 жаста. Әкем зауытта инженер болып жұмыс істейді. Қарындасымның аты – Сәуле. Сәуле 5 сыныпта оқиды. Ол 11 жаста. Тағы менің 2 атам, 2 әжем бар. Олар зейнеткерлер, ауылда тұрады. Біздің отбасымыз тату. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін.
Сөздік:
Зейнеткер - пенсионер
Тату - дружно
Қызмет етеді - работает
Қарындас - сестренка
Айтылым.
1. Мәтін бойынша өз ойларыңды айтыңдар.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Марат нешінші сыныпта оқиды?
Оның шешесі қайда жұмыс істейді?
Мараттың әкесі нешеде, ол қайда жұмыс істейді?
Әжелері мен аталары кімдер?
Мараттың отбасысы қандай?
Жазылым.
1 тапсырма. Төменде берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Отбасы, зейнеткер, қарындас, инженер.
2 тапсырма. Төменде берілген сөздердің аудармасын тап және осы сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.
Ақкөңіл, шағын, тәрбиелі, мінез, қария, адал, үлгілі.
3 тапсырма. Мәтіннен үндестік заңына бағынатын сөздерді теріп жаз.
Тілдесім: Сурет бойынша диалог құрастыру.
(сурет қайда?)
4- сабақ
Менің туыстарым.
Тыңдалым. Оқылым.
Менің туыстарым
Біздің туыстарымыз өте көп. Шешем жағынан – нағашыларым бар. Олар Қарағанды облысында тұрады. Біз Павлодарда тұрамыз. Біз отбасымызда төрт ағайындымыз. Менің үш ағам бар. Екеуі үйленген, бір ағам тұрмыс құрмаған, бойдақ. Менің жеңгелерім Семей облысынан. Құда-құдағиларымыз да Семей жақта тұрады. Бір-бірімізбен жақсы араласып тұрамыз. Қиыншылық болсын, қуаныш болсын, бірге бөлісеміз. Біз бүкіл туыстарымызбен татумыз.
Сөздік:
Нағашы - родственник по материнской линии
Үйленген - женатый
Тұрмыс құрған - женатый, замужняя
Бойдақ - холостой
Жеңге - жена старшего брата
Құда - сват
Құдағи - сватья
Айтылым.
1. Туыстық қатынас туралы өз ойларыңды айтыңдар.
2. «Менің туыстарым» тақырыбына өзара сөйлесіңдер.
Жазылым.
1 тапсырма. Төменде берілген сөздерді сөздік дәптерлеріңе жазып, аударыңдар. Оларға тәуелдік жалғауларын жалғаңдар.
Жезде, күйеу бала, келін, әйел, іні, сіңлі, әпке, күйеу, нәресте, немере, жиен.
2 тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңдар.
..... отбасым, ..... әке-шешең, .....туыстарыңыз, ..... ағайындары, ..... жеңгесі, ..... әйелін, ..... күйеуіңіз, ..... қарындасым, ..... сіңлің, ..... жиендерің.
Тілдесім: Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |