Этиологиясы. Қоздырғышы - Salmonella typhi –ішек тұқымдастығына, сальмонелл тегіне, серологиялық Д тобына қатысты. Морфологиялық жақтан бір-бірінен ажыратылмайды, оның 0,5-0,8х1,5-3 мкм мөлшеріндегі таяқша түрі бар. Бактерия барлық анилин бояуларымен боялады, олар кәдімгі құнарлы ортада өседі. Іш сүзегінің бактериялары L-формаларын құруы мүмкін, олар сезімталдық және типті бактериофагтар бойынша бөлінген. Salmonella typhi - грам (-) аэроб. Лимфотропты қасиетімен сипатталады. Қоздырғыш ыдырағанда ендотоксин бөлінеді. Эндоксиннің әсері іш сүзегінің клиникалық және лабораторлық белгілерін түсіндіреді. Олар: айқын интоксикация, қызба, салыстырмалы брадикардия, ішектің парезі, метеоризм, лейкопения.
Құрамында О- , Н-, Vi – антигендері бар. О-антигеніне қарсы түзілген антиделер аурудың өршу кезеңіне сәйкес, Н-антигеніне қарсы – аурудың айығу кезеңіне сәйкес, ал Vi-антигеніне қарсы – бактериотасымалдаушылыққа сәйкес болып табылады. Қазіргі уақытта латын әріптерімен белгіленген іш сүзегі бактериясының 72 фаготиптері белгілі.
Өт қосылған коректі орталарда жақсы өседі. Сыртқы ортада сүзек-парасүзек бактериялары біршама тұрақты. Су мен топырақта олар бірнеше күннен, бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін. Бактерия үшін жағымды орта –азық-түлік өнімдері (сүт, қаймақ, ірімшік, ет фаршы), мұнда олар тек сақталып қоймай, сонымен бірге көбейеді. Микробтар қыздырғанда тез жойылады (60°С-30 мин, ал 100°С –тіптен тез). Дезинфекциялаушы ертінділерге сезімтал.
Эпидемиологиясы. Іш сүзегі мен тек қана адамдар ауырады. Бұл таза антропоноз. Инфекцияның көзі - науқас адам немесе бактериятасымалдаушы. Қоздырғыштың бөлінуі жасырын кезеңнің соңында басталып, аурудың барлық ағымында жалғасады, ал кейде жазылу кезеңінде де тоқтамаған. Сондай-ақ адамның өмір бойына бактерияның бөлінуі жалғасып отыруы да мүмкін.
Сүзек-парасүзек қоздырғыштары әсіресе азық-түлік өнеркәсібінде, көпшілік тамақтанатын және балалар мен сауықтыру мекемелерінде істейтін қызметшілердің арасында қауіпті.
Іш сүзегі мен парасүзектер үшін жұғудың фекальды-оральды механизмі тән. Аурудың жұғу жолдары: су арқылы, азық-түлік өнімдері арқылы (алиментарлы) және тұрмыстық- контактілі.
Егер ауру залалсызданған құдықтан суды пайдаланумен байланысты болса, онда ауру ошақтық сипатқа ие болады.
Ауруға барлық адамдар сезімтал. Іш сүзегіне қабілеттілік жоғары, ол адамның жасы мен жынысына байланысты емес. Ауруды бастан кешкеннен соң тұрақты иммунитет дамиды. Бұл ауруларға жыл мезгілдері әсер етеді. Аурудың әсіресе өршу мезгілі - шілдеден бастап, қыркүйек-қазан айларында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |