Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет24/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au
Идрисов Ә.А. КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯ, 12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы, Patofiziologiya (1)
Созылмалы дизентерия. Қазіргі ауқытта 0,5-1% жағдайда кездеседі. Созылмалы дизентерия рецидив беруші немесе ағымы үздіксіз болуы мүмкін. Жедел дизентериямен ауырғаннан кейін 2-5 айдан соң рецидив болуы мүмкін. Ауруда жиіленген ботқа тәрізді үлкен дәрет пайда болады, шырыш және қан аралас. Ішек дисфункциясы тұрақты сипатта болады. Ремиссия ұзақ уақыт бойы болмайды. Созылмалы дизентерия ерекшелігі: инфекциялық токсикоз әлсіз болады, дене қызуы жоғарламайды, жүрек-қан тамыр жүйесінің жетіспеушілігі болмайды. Салыстырмалы диагностиканы ең алдымен созылмалы энтероколитпен, туберкулезді этиологиялы энтероколитпен, арнайы емес ойық жаралы колитпен жүргізіледі.
Диагностикасы: 1) клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер
2) лабораторлық диагностикасы
1)Қазіргі дизентерияның симптоматикасының әр түрлілігіне байланысты ауруларды кешенді түрде тексереді. Аурудың колиттік түрінде негізгі симптомдарға сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі, жиі іш өту, шырышпен қан аралас аз мөлшерлі нәжістің пайда болуы, дене қызуының 38-390С көтерілуі, тығыздалған ауру сезімді сигма тәрізді ішектің анықталуы жатады.
Салыстырмалы диагностиканы өткізу қажет: салмонеллезбен, тағамдық токсикоинфекциялармен, тырысқақпен, амебиазбен, балантидиазбен, лямблиозбен, жедел хирургиялық аурулармен және гинекологиялық патологиясымен.
2)Лабораторлық диагностикасы :
а)копрологиялық зерттеу –нәжіс жағындысын микроскоп арқылы тексергенде лейкоциттерді, эритроциттер,эпителиальды жасушаларды, шырыштың ошақтарын анықтауға болады. Лейкоциттердің 80% нейтрофильдер құрайды.
б) RRS – ректороманоскопия: тоқ ішектің дистальды бөлігін (тік ішекпен сигма тәрізді ішекті) ректоскоп арқылы зерттеу. Жедел дизентерия кезінде катаральды, катаральды-эрозивті, катаральды-жаралы, фибринозды–некрозды проктосигмоидит, ал созылмалы дизентерия кезінде ішектің шырышты қабықшаларының әлсіз қабынуымен бірге атрофия ошақтары, крипталардың деформация анықталады.
а) бактериологиялық зерттеуге алынады: нәжіс
серологиялық зерттеу: дизентериялық антигенмен ТеГАР (РНГА), жұпты сарысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет