Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Емдеуі. Лямблиозға қарсы препараттар



бет52/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au

Емдеуі.
Лямблиозға қарсы препараттар:

  1. Метронидазол 0,25 г. х 3 рет, 5-10 күн.

  2. Тинидазол 2 г. ауыз арқылы бір рет, балаларға 50-75 мг/кг

  3. Макмирор 400 мг х 2-3 рет, 7 күн, балаларға 15 мг/кг х 2 рет, 7 күн.

  4. Альбендазол (немазол) балаларға 10 мг/кг, 7 күн, ересектерге 400 мг х 2 рет, 7 күн.

  5. Тиберал 1,5 мг 2 күн.

  6. Нимморазол, орнидазол, секнидазол.

Профилактикасы. Эпидемиологиялық қадағалау, індетке қарсы және алдын алу шаралары амебиаздағыдай. Хлорлы дезинфекциялық заттар лямблияның цистасын өлтіре алмайды, 3% лизол өте тиімді. Суды қайнату арқылы цистаны өлтіреді.
Санитарлық ағарту жұмысы.
III ТАРАУ. АУА-ТАМШЫЛЫ ИНФЕКЦИЯЛАРЫ


ТҰМАУ
Син.: инфлюэнца
Анықтамасы. Тұмау (Grippus)ауру қоздырғышы аэрогенді механизм арқылы берілетін, клиникасында жалпы улану белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының зақымдалуымен, әсіресе трахеит белгілерімен көрінетін, эпидемия түрінде кең таралатын жедел вирустық инфекция.
Тақырыптың өзектілігі. ДДҰ мәліметтері бойынша бүкіл әлемде 40 млн. адам жұқпалы аурулармен ауырады, оның 90%-н тұмау мен басқа жедел респираторлы-вирусты инфекциялар құрайды. ЖРВИ тобында тұмау маңызды орын алады. Эпидемия кезінде тұмау көбінесе ауыр ағымды өтеді, сондай-ақ әртүрлі созылмалы аурулардың өршуі тән. Қазіргі кезде де тұмаудың диагностикалық қателіктері жоғары пайызды құрайды. Осы мәселелер тұмаудың ерте диагностикасының аса маңыздылығын көрсетеді.
Тарихи мәліметтер. Тұмау эпидемиялары туралы деректер ертеден белгілі. Еуропалық елдерде ол «инфлюэнца» деп аталатын, қазіргі кездегі жалпы атауы - «грипп». XIX ғасырдың соңынан бастап адамзат тұмаудың ауыр төрт пандемиясын басынан өткерді: 1889-1890, 1918-1920, 1957-1959, 1968-1969 жылдары. 1918-1920 жылдардағы «испандық» пандемия 20 млн. адамның өмірін қиса, 1957-1959 жж. «азиялық тұмау» кезінде 1 млн.-ға жуық адам өлімге ұшырады.
Тұмаудың ауру қоздырғышы вирус екендігі 1933 жылы У.Смитпен, К.Эндрюспен, П, Лейдлоумен анықталған, кейін ол тұмаудың А типінің вирусы деп аталды. 1940 жылы Т.Френсис пен Т.Меджилл грипптің В типін шақыратын вирусты, ал 1947 жылы Р.Тейлор С типті вирусты анықтады. тұмаудың А түрі В, С түрлеріне қарағанда өте кең таралған.
Этиологиясы. Тұмау қоздырғышы – құрамына РНҚ кіретін Orthomyxoviridae тұқымдастығына жататын пневмотропты вирус. Сыртқы қабықшасында гемагглютинин және нейраминидаза деп аталатын гликопротеидтері бар. Ішкі нуклеопротеидтің антигендік сипаты (S-антиген) бойынша тұмау вирустары А, В және С типтеріне бөлінеді.
Тұмау вирустары сыртқы ортада тұрақты емес. Төменгі температурада жақсы сақталады, ал қыздырып, қайнатқанда тез жойылады. Бұл вирустардың ультракүлгін сәулелеріне және әдеттегі залалсыздандыратын заттарға сезімталдығы өте жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет