Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет114/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au

Эпидемиологиясы. Пастереллезтабиғи ошақты зоонозды ауру. Қоздырғыштың резервуары болып жабайы жануарлар, кеміргіштер табылады. Жабайы және үй жануарлары, адамдар көбінесе бактериятасымалдаушылар болып табылады, пастереллалар олардың тыныс жолдарында, ауыз қуысында орналасады. Бұлар аурудың резервуары. Жануарлардың пастереллезі – эндогендік инфекция: жануарларда иммунды тапшылық қалыптасқанда пастереллалар қанға түсіп аурудың клиникалық көріністері пайда болады. Бұл жағадайда жануарлардың арасында эпизоотия басталады.
1.Аурудың көзі – ауру жануарлар. Жабайы жануарлардың арасында – қояндар, сайғактар, жабайы шошқалар, тышқандар. Үй жануарлары: ірі және ұсақ қара мал, ит, мысық. Иттер мен мысықтарда – бактериятасымалдаушылық және инаппаранттық (субклиникалық, жасырын) түрлері кездеседі. Сырткы ортаға қоздырғыш нәжіспен және тыныс жолдарының бөлінділерімен шығады.
2.Берілу жолдары:
1. контактілі-жарақатты ауру жануарларды және құстарды сойғанда, ет бөлшектегенде, және жануарлар тістеп, тырнап алғанда. Қоздырғыштың ену қақпасы - жарақаттанған, тілінген, кесілген тері;
2. трансмиссивті кенелер, шіркейлер арқылы, олар адамды шаққанда қоздырғышты тура тамыр ішіне енгізеді;
3. аэрогенді
4. алиментарлы
3. Қабылдаушы макроорганизм. Қауіпті топқа малшылар, аңшылар, ет өндірістеріндегі жұмысшылар жатады.
Иммунитет стерилді емес, жануарлар мен құстар көп жыл бойы бактериятасымалдаушы болып қалады. Гуморалді және антитоксикалық иммунитет қалыптасады. Бірақ иммунитет типоспецификалық – тек гомологиялық типтерге қарсы дамиды.
Патогенезі.
1 сатысы – жұқтыру сатысы. Организмге енгеннен соң пастереллалар фагоциттермен қоршалып ыдырайды. Ауру дамуы үшін қоздырғыш фагоциттердің ішінде тірі қалып, көбейіп, фагоциттерді бұзып шығуы керек. Бұл организмге енуі және адаптация сатысы, аурудың жасырын кезеңіне сәйкес келеді.
2 сатысы – біріншілік ошақтық сатысы- регионарлы көріністерімен сипатталады. Қоздырғыш енген қақпаның аймағында (тері, көмекей бездер, тыныс, ас қорыту жолдарының шырышты қабықшалары) қабыну өзгерістер пайда болады. Иммунокомпетентті жасушалардың күшімен ыдыраған кезде эндотоксин бөлінеді, организмде үлану симптомдары қалыптасады. Пастереллездің ерекшелігі – ерте геморрагиялық көріністер басталады, себебі эндотоксиннің әсерінен гемостаз жүйесінің (тромбоциттер, қан жасушалары, тамырлардың эндотелиі) бұзылыстары, ТШҰ–синдромы қалыптасады. Аурудың жеңіл түрінде тек қана коагулограмманың өзгерістері болады. Региональді лимфаденит қалыптасады.
3 сатысы – біріншілік жайлмалы сатысы. Қоздырғыш қанға өтіп бактериемия пайда болады.
4 сатысы – екіншілік ошақтық сатысы. Гематогенді диссеминация арқылы қоздырғыш өкпе, бауыр, көкбауыр, ми, буындар және басқа ағзаларға тарайды. Бактериемия мен гематогенді диссеминация бір неше рет қайталанып ауру ұзақ уақытқа созылып толқын тәрізді ағымымен сипатталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет