Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Генитальды листериоз жағдайын анықтау



бет151/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Генитальды листериоз жағдайын анықтау:
Күмәндану жағдайы:
Жыныс мүшелерінің қабыну процесі кезінде анықталады (себебі, жыныс мүшелерінің қабыну процестері генитальді листериоз кезінде бақылау тобымен салыстырғанда нақты жиірек тіркеледі)
Күмәндану жағдайды анықтау біріншіден листериозға зерттеу мүмкіндігін, екіншіден күдікті инфекция жағдайында шұғыл хабарлама беруге мүмкіндікті береді.
Ықтимал жағдай:
күмәндану жағдайда және келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:
- анамнезде жүктілік немесе босану патологиясы туралы мәлімет болса (себебі, листериозбен ауырған жүкті әйелдердің 37%-ы ғана өз уақытында қалыпты босанды, сау әйелдердің қалыпты босанған 65%-мен салыстырғанда нақты жиірек);
- анамнезде түсіктердің, өлі туылған нәрестелердің болуы Сонымен қатар, листериоз кезінде сиректеу кездесетін жүктіліктің қолайсыз нәтижелері:
- анамнезде нәрестенің туа пайда болған патологиясының болуы;
- анамнезде ерте жастағы балалар өлімінің болуы.
Немесе
- «оң» агглютинациялық тесттер (ТГАР және т.б.), титрі 1:200-ден төмен
Немесе
- жыныстық серіктесте дәлелденген листериоздың болуы (генитальді листериозбен ауырған әйелдердің жыныстық серіктестерін тексеру барысында генитальді листериоз 100%-да бактериологиялық жолмен дәлелденген).
Дәлелденген жағдай
Келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:
- жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарынан листерия дақылының бөлінуі
- жыныс жолдарының шырышты қабатынан алынған жағындының «оң» ПТР-сы
- жыныс жолдарынан алынған листериялар антигеніне ИФА-ң «оң» болуы
- «оң» ТГАР
- жұп сарысудағы антиденелер титрінің төрт есе және одан жоғары болуы
- серологиялық реакцияның 1:200 және одан жоғары титрде бір рет болуы
- серологиялық реакция титрі 1:200-ден төмен болып, бірақ нәтиже спецификалығы басқа серологиялық реакциямен дәлелденуі
Листериоздың барлық клиникалық түрлерінің ықтимал жағдайы
Листериоздың күмәндену жағдайына сәйкес келетін және келесі келтірілген эпидемиологиялық факторлердің біреуі:
- жеке үйде тұру,
- жануарлармен жанасу,
- шикі жеміс-жидектерді, көк өністерді қабылдау,
- жерде жұмыс істеу (сая бақта және т.б.)
- ашық суаттарда шомылу.
немесе
келесі лабораторлы тестілердің оң нәтижелі болуы
- ауыз –жұтқыншақтың жағындысында грам оң таяқщалардың анықталуы;
- агглютинация реакциясының бірінші титрінің 1: 100 ден жоғары емес нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет