Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет88/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

ПАРОТИТТІК ИНФЕКЦИЯ
Анықтамасы. Паротиттік инфекция – Mumps virus қоздыратын, қызбамен, ағзаның улануымен, бір немесе бірнеше сілекей бездерінің, жиі басқа бездік ағзалармен орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын жедел вирусты ауру.
Тарихи мәліметтер. Паротиттік инфекция Гиппократ кездерінен бері белгілі (бұдан 2400 жыл бұрын Гиппократ мысқыл ауруының эпидемиясы туралы жазған). Бұрын паротит ауруы әскерлер арасында жиі кездескен, сондықтан оны «әскерлер ауруы» деп атаған. Аурудың вирусты этиологиясын 1934 ж. K.Johnson және R.Goodpasture анықтаған.
Этиологиясы. Қоздырғышы Mumps virus короновирустарға жатады. Вириондары полиморфты, дөңгелек вириондардың диаметрі 120-300 нм. Вирус тауықтың, үйректің, теңіз шошқасының, иттің және т.б. эритроциттерін жалғайды. Лабораториялық жануарлардың паротит вирусына сезімталдығы төмен, тек қана маймылдар ауруға қабілетті. Вирус қыздыруға, ультракүлгін сәулелеріне тұрақсыз. Вирустың аттенуирлі штаммдары (Л-3) тірі вакцина ретінде пайдаланылады. Вирустың антигендік құрылымы тұрақты. Онда антигендер бар, ол нейтрализациялаушы және комплемент байланыстырушы антиденелердің түзілуін тудырады, сондай-ақ аллергендік қасиеті бар.
Эпидемиологиясы. Инфекцияның көзі тек қана науқас адам. Клиникалық нышандардың пайда болуына дейінгі 1-2 күнде және аурудың алғашқы 5 күнінде науқас жұқпалы болады. Ал аурудың белгілері жойылғаннан кейін пациент қауіпсіз, яғни жұқпалылығы болмайды. Вирустың берілуі жолы - ауа-тамшылы. Инфекцияға қабілеттілік өте жоғары. Контагиозды индексі – 30-50%. Көбінесе балалар ауырады. Әйелдерге қарағанда, ер адамдар паротитпен 1,5 есе жиі ауырады. Ауру мезгілдік көрініспен сипатталады. Аурудың ең жоғарғы деңгейі наурыз-сәуір айларында, ал төменгі деңгейі тамыз-қыркүйек айларында байқалады. 1-2 жыл сайын аурудың кезеңдігінің өршуі көрінеді. Аурудың кездейсоқ пайда болатын түрі (спорадикалық) және эпидемиялық өршу түрлері кездеседі. Балалар мекемесінде аурудың өршуі 70-110 күнге созылады. Ересектердің 80-90% қанынан паротитке қарсы антиденелерді табуға болады. Тірі вакциналардың иммунизациясын практикаға енгізгеннен кейін, эпидемиялық паротитпен ауыру едәуір төмендеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет