Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


ПАСТЕРЕЛЛЕЗ Син. геморрагиялық септицемия. Анықтамасы



бет113/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

ПАСТЕРЕЛЛЕЗ
Син. геморрагиялық септицемия.
Анықтамасы. Адамдардың пастереллезі – Pasterella тобына жататын микроорганизмдермен қоздыратын, жедел немесе жеделдеу түрінде өтетін, теріні, лимфа түйіндерді, көзді және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, жалпы улану және геморрагиялық синдромдарымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Пастереллез барлық континеттерде кездесетін зоонозды ауру. Жануарлардың арасында жиі ірі эпизоотиялар ретінде өтеді. 1984 жылы Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарында сайгактардың арасында пастереллездың эпизоотиясының әсерінен олар қырылып қалды (А.М.Айкимбаев, 1985). Пастереллалардың токсині оксигемоглобинді метгемоглобинге алмастырып құстар ұшыпбара жатқан жерде құлап өледі. Сол себептен бұл ауруды «құстардың обасы» деп атаған. Адамдардыңда аурғандары кездесіп жатыр. 1993-1994 жж. Алматы қаласында пастереллезбен бірден 59 адам ауырып Алматы қалалылық жұқпалы ауруханада емделіп щыққан. Аурудың көзі ауру ірі қара мал мен жылқылар болған. Ауырғандардың ішінде малшылар және ауру малдың етін сатып алып үйлерінде қолданған қала тұрғандары болған. Олар ауруханаға «Түйнеме» диагнозымен түскен, себебі дәрегерлердің көбі бұл ауру жайлы білмейді. Пастереллездің клиникалық көріністері полиморфизмен сипатталғаннан соң бұл ауру басқа диагнозбен өтіп, толық тіркелмей жатыр.
Этиологиясы. Пастереллездің қоздырғышы Pasterella алғашкы рет тауықтардың қанынан Е.Перрончито және К.Земмер 1878 ж бөліп алды, сосын Л.Пастермен 1879-1880 жж зерттелді. Бұл қоздырғышты ветеринарлар геморрагиялық септицемияның қоздырғышы деп атайды. Қоздырғыш сиырдан бөлінсе – Р. boviseptica, Р.avisseptica, шошқадан - P.suisseptica деп аталған.
Соңынан С. Розенбух, Ж. Метхант – Р. multocida деп атады.
1939 ж В.Фредериксен пастереллаларды биохимиялық қасиеттері бойынша 4 топқа бөледі:

  1. P. multocida 1-5-ші биоварлары – pig –түрі шошқаларда, 6-шы биовар – dog- түрі иттерде

  1. P. pneumotropics

  1. P. urea

  2. P. haemolitica- АбТб 3 биовары және avis түрі, Actinobacillus.

Пастереллалар – ұсақ қысқа «эллипс» тәрізді таяқшалар, грам «теріс», спора түзбейді, қозғалыссыз, Романовский-Гимзе бойынша биполярлы боялады. Өлген жануарлардан, адамдардан бөлінген пастереллалар морфологиялық қасиеті бойынша оба қоздырғышына ұқсайды.
Пастереллалардың құрамында 2 антиген бар: капсулалық (К-антиген), соматикалық (О-антиген). О-антигені – эндотоксин.
Пастереллалар кептіргенге, күн сәулесіне төзімсіз. Жоғары температурада 58-60º С - 20 мин.; 70-90ºС – 5-10 мин. арасында, ал 100ºС тез тіршілігін жояды. Төменгі температурада ұзақ сақталады, аязға қатыпқалған құстардың өліктерінде, мұздатылған етте жылдар бойы сақталады. Топырақта 30 күн, құстардың нәжісінде 2 айдан аса сақталады.
Дезинфекциялаушы ертінділерге (фенол, крезол, формалин, хлорлы әк) жоғары сезімталдылығы бар. Пенициллинге, тетрациклинге жоғары сезімтал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет