Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет48/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Этиологиясы. қоздырғышы Balantidia тұқымдастығына, Ciliata класына (кірпікті инфузориялар), Protozoa (қарапайымдар) типіне жатады.
Тіршілік циклы 2 кезеңнен тұрады: вегетативті, цисталы.
1) Вегетативті түрі – 50-80 мкм ұзындығы, ені – 35-60 мкм. Денесі пеликуламен және спиральды кірпікшелермен жабылған. Екіге бөліну жолымен көбейеді, бірақ конъюгация типі бойынша жыныстық жолмен көбеюі мүмкін. Қолайсыз жағдайда бірден жойылады. Нәжісте 5-6 сағатқа дейін сақталады.
2) Цисталар – дөңгелек пішінді, 50-60 мкм диаметрі. 2 контурлы қабаты және ядролы аппараты бар. Сыртқы ортада бірнеше апта сақталады.
Эпидемиологиясы. Бұл ішектік зооноз. Қоздырғыш резервуары – шошқалар, барлық жағдайда дерлік инвазияланған. Сирек егеуқұйрықтар, иттер залалданады, бірақ олардың эпидемиологиялық ролі маңызды емес. Өте сирек жағдайда адам балантидиаздың резервуары болуы мүмкін.
Жұқтыру механизмі – фекальді-оральді.
Негізгі берілу жолы – су арқылы (шошқаның нәжісімен ластанған су). Көкөністер, топырақ аурудың берілу факторлары болуы мүмкін.
Балантидиаз шошқа ұстайтын ауыл тұрғындардың арасында кең таралған.
Патогенезі. Жұтылған цисталар тоқ ішектің жоғары бөлігіне дейін жетіп, көбінесе соқыр ішекте вегетативті түріне ауысып көбейеді. Бұл процесс әлсіз деңгейдегі улану симптомдарымен сипатталады.
Балантидиялар гиалуронидаза түзуге қабілеттілігіне байланысты тоқ ішектің шырышты қабатына енуге, шырыш асты қабатына миграциялауға бейім, нәтижесінде тоқ ішекте терең жаралар, микроабсцесстер түзіледі. Жаралар негізінен ішектің иілген жерлерінде, көбінесе соқыр, сигматәрізді және тік ішектерде орналасады. Жараларға тән сипаттама: орналасуы қыртыс айналасында, шеттері тегіс емес, түбі некроздалған массалармен жабылған, олар көбінесе желе тәрізді, қара түсті. Жараларды қоршаған шырышты қабықшалар ісіңкі, гиперемияланған болып табылады.
Іріңді, некрозды аппендицит дамуы мүмкін. Өте сирек миокард, бауыр, ащы ішек патологиялық үрдіске ұшырауы мүмкін.
Balantidia coli-ң тіршілік ету әсерінен, сонымен қатар тоқ ішектегі қабыну, іріңді некрозды үрдістер дамуының әсерінен токсикалық субстанциялар түзіліп, улану синдромының пайда болуына себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет