бет 45/251 Дата 05.01.2023 өлшемі 4,97 Mb. #165022
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b Этиологиясы . E.hystolitica Entamaebae тұқымдастығына , Sarcodinae (жалғанаяқтылар) класына, Protozoa типіне жатады.
Амебаның тіршілік циклы 2 кезеңнен: вегетативті (трофозоит) және тыныштық (циста) тұрады. Олар иесінің организмінде орналасу жағдайына байланысты бір-біріне ауыса алады.
Амебаның даму кезеңдері:
Тіндік түрі (эритрофаг);
Қуыстық (коменсальді) түрі;
Циста (сыртқы ортаға төзімді , ылғал нәжісте сақталады , құбыр суында 1 айға дейін сақталуы мүмкін).
Тіндік түрінің сипаттамасы:
Пішіні үлкен (20-25 мкм), цитоплазмасы анық эктоплазма мен эндоплазмаға бөлінген ;
Инвазивтілігі бар;
Жақсы қимылдайды;
Жедел амебиазда және сирек нәжісте анықталады.
Вегетативті түрі (үлкен):
ұзындығы 30-80 мкм;
қимылдайды;
эритрофаг (10-20 жұтылған эритроциттер);
тек қана ішектік амебиазда жаңа нәжісте анықталады (себебі 30 минуттан кейін өледі).
Қуыстық түрі:
ұзындығы 10-20 мкм;
аз қимылдайды;
тоқ ішек қуысында мекендейді және созылмалы ағымдағы реконвалесценттер мен амеба тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.
Цистаалды түрі:
ұзындығы 12-20 мкм;
аз қимылдайды;
реконвалесценттер мен тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.
Тыныштық кезеңі:
әртүрлі дәрежеде дамыған цисталар түрінде
өлшемі 9-14 мкм;
реконвалесценттерде созылмалы амебиазда және тасымалдаушыларда анықталады ;
өте төзімді болады ;
жоғары температура , кептіру, эмитин ерітіндісі өлтіретін әсер етеді. Басқа дез.ерітінділерге төзімді.
Достарыңызбен бөлісу: