Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет41/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

Этиологиясы. Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша. Антигендік құрылымы бойынша токсиннің 7 түрін ажыратады А, В, С, Д, Е, Ғ, С. Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана - А, В, Е, Ғ.
Өсуі мен токсин түзуінің оптимальді температурасы 28-35°С. Споралар өте төзімді: 100°С температурада 5сағаттан кейін, ал 120°С температурада 30 минут ішінде өледі. Клостридияның вегетативті түрі ботулотоксин бөледі. Қоздырғыштың вегетативті түрлері кайнатқаннан кейін 2-5 минутта жойылады.
Ботулотоксин – нейротоксиннен, гемагглютининнен және токсикалық емес белоктан тұратын комплекс. Ол табиғаттағы өте күшті улардың біріне жатады.
Эпидемиологиясы. Ботулизм сапрозооноздарға жатады. Ботулизм кезінде қоздырғыштың негізгі резервуарлары:
а) жылықанды жануарлар (көбінесе шөпқоректілер)
б) салқынқанды (балықтар, шаян тәрізділер, моллюскалар)
в) сыртқы орта (жер қыртысы, көлдердің, теңіздердің лайы).

Ботулизмнің 3 түрі бар:


1.тағамдық ботулизм
2. жарақаттық ботулизм
3. нәрестелердің ботулизмі
Тағамдық ботулизм организмге токсин түскенде, ал жарақаттық және нәрестелердің ботулизмі споралар түскенде дамиды.
Ең жиі кездесетін түрі - тағамдық ботулизм. Жұғу жолы: алиментарлы, токсин дамыған тағамдық
азықтар арқылы (үйде консервіленген ет, көкөністер, саңырауқұлақтар, үйде тұздалған сан еті (окорок), тұздалған және қақталған балық.
Жарақаттық ботулизм әртүрлі жарақаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін. Топырақпен бірге түскен споралар шартты анаэробты жағдай туылған кезде вегетативті түріне ауысып токсин түзеді.
Нәрестелердің ботулизмі - емшектегі баланың асқазан - ішек жолына қоздырғыштың споралары түскен жағдайда дамуы мүмкін. Нәрестелердің ас қазанының микрофлорасының ерекшелігіне байланысты споралар вегетативті түріне ауысып, олар токсин түзеді.
Патогенезі. Тағамдық ботулизмнің даму механизмі:

  1. Ботулотоксин асқазан-ішек жолына түседі. Протеолитикалық ферменттердің әсерінен ботулотоксиннің күші жоғарылайды.

  2. Токсин қанға өтіп, қанқа бұлшықеттерінің парезін, қан тамырларының парезін шақырады, капиллярлардың сыңғыштығын жоғарылатады;

  3. Ботулотоксиннің әсеріне жұлынның алдыңғы мүйіздерінің үлкен
    мотонейрондары өте сезімтал: бульбарлы және паралитикалық синдромдар дамиды (әртүрлі бұлшықеттердің, соның ішінде қолайсыз кездейсоқ жағдайда - тыныс мускулатурасының парездері және параличтері).

  4. Шеткі моторлы жүйке-бұлшықеттер приборларына әсер етеді (ацетилхолиннің өндіруін тежейді);

  5. Токсинмен парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің
    төмендеуі, гиперкатехолемияның дамуы (тамырлардың зақымдануы және олардың тарылуы; бозару, бас айналу, көздердің алдында "тор" және "шіркей", АҚ жоғарылауы, шырышты қабықтарының құрғауы, іштің қатуы) .

  6. Гипоксияның барлық түрлері (гистотоксикалық, циркуляторлы, гипоксиялық және гемиялық) дамиды. Тыныс алу бұлшықеттерінің парезінен тыныс алудың жедел жетіспеушілігі дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет