Жаңа туылған нәрестенің терісінде және шырышты қабаттарында сары түстің пайда болуы билирубин алмасуының бұзылуына байланысты.
Дені сау нәрестенің физиологиялық сарғаюы бауырдағы ферменттік жүйенің дұрыс дамымауына байланысты. Сарғаю, әдетте туғаннан кейін, сирек екінші тәулікте пайда болады және қарқынды тез өршиді.
Паренхиматоздық сарғаю. Бауыр клеткалары зақымдалғанда, яғни вирусты токсикалық гепатит, бауыр циррозы, сепсис ауруларында пайда болады. Баланың терісі, кілегей қабықтары сарғайып, лимон тәрізді немесе қызғылт түсті болады. Нәжісі ағарып, зәрі қара-қоңыр түстенеді.
Паренхиматозды сарғаюда қанда байланыспаған билирубиннің есебінен, жалпы билирубин көбейеді. Зәрдегі уробилиннің мөлшері көбейіп, нәжістегі стеркобилин азаяды.
Механикалық сарғаю- өт жолдары ісікпен немесе лимфа түйіндерімен басылып қалғанда, өт жолдарында ұсақ тастар қалғанда өт қабы қабынғанда байқалады.Қанда байланысқан билирубин көбейеді. Несепте байланысқан билирубин пайда болады да, уробилин болмайды. Нәжісте стеркобилин болмайды, не өте аз болады.