Лабораторлы анықтауы.
Стрептококк қоздырғышын қаннан және жергілікті қабыну ошақтарынан бөліп алу мүмкіндік жағдай емес, сондықтан бұл ауру кезінде бактериологиялық зерттеулер қолданылмайды. Сонғы жылдары ауруды анықтау барысында ПТР қолданылып жатыр.
Гемограммада нейтрофилді лейкоцитоз, формуланың солға жылжуы, ЭТЖ ның жоғарлауы анықталады. Жиі рецидивтер дамитын науқастарда лейкопения дамуы мүмкін.
Іріңді асқынулар қалыптасқан жағдайларда гиперлейкоцитоз, нейтрофилдердің калық түйіршектенуі дамуы мүмкін. Реконвалесценция кезеңінде шеткі қандағы өзгерістер қалыпқа келеді.
Т- және В-лимфоциттердің төмендеуі аурудың иммунотапшылық жағдайына сәйкес болады. Геморрагиялық тілме кезінде гемостаз және фибринолиз көрсеткіштері өзгереді, олардың бұзылыстары ауруларда әр түрлі деңгейінде болуы мүмкін.
Емдеуі.Тілмемен ауырған науқастардың емі амбулаторлы, сонымен қатар стационарда жүргізіледі. Ауруханаға жатқызудың көрсеткіші: айқын интоксикациямен, жоғары қызбамен, үлкен аймақтық зақымдалумен жүретін ауыр ағымды, жиі рецидив беру, лимфа айналымының тұрақты бұзылу көрінісіндегі тілме дамуы, басқа да қосымша ауыр аурулардың қосылуы.
Этиотропты терапия. Тілмемен ауырған науқастарды емдеу әдетте, антибиотиктер -бензилпенициллин және осы уақытқа дейін комплексті терапия басты орын алады (әр күнде 4-6 млн бірлік 7-10 күн). Бастапқы кезде тілменің қайталамалы түрінде және оның кеш рецидивінде пенициллинмен емдеу өте нәтижелі. Сонымен қатар, 2-3 буынды цефалоспориндер (1 гр-нан, тәулігіне 3-4 рет), гликопептидтер, фторхинолондар қолданылады (орташа терапевттік мөлшерде, 7-10 күн). Эритромициннің, олеандомициннің, сульфониламидтік препараттардың және нитрофурандық препараттардың әсері төмендеу.
Тілмеде макролидтер кең қолданылады - макропен, фрамилид, рокситромицин (800 мың бірлік, 7-10 күн). Терапиялық концентрацияда макролид бактериостатикалық әсер етеді. Жиі рецидивтер дамыған кезде екі-курсты антибиотикотерапия жүргізіледі: β – лактамды препараттар курсынан соң 2-3 күндік үзілістен кейін линкомицин тағайындалады (0,6 г-нан) күніне 3 рет, бұлшық етке, 7 күн бойы).
Линкозамидтерден - линкомицин (30% 8 сағ. сайын 0,9 - 1.5 г. 7 -10 күн). Антимикробты әсерге линкомицин макролидке жақын, бұл препарат тілмеде рецидивті формасында жиі колданылады.
Ауыр ағымда кешенді антибиотикотерапия қолданылады: бензилпенициллин + аминогликозидтермен бірге (гентамицин, канамицин, амикацин, стрептомицин), эритромицин + гентамицин, бензилпенициллин + рефампицин.
Антибиотикотерапия әдістерінің қолданылуында қанағаттанбаушылық нәтижелері сақталады, өйткені аурудың рецидивті ағымының дамуы маңызды орын алады. Сол себепті, рецидивті тілменің этиотропты емі үшін кешенді антибиотикотерапия (кем дегенде 2 антибактериальды препараттар) тағайындалады. Ең тиімді қосылыстарды цефалоспориндер және фторхинолондар (қосылған антибиотикотерапияда гентамицин және амоксициллинді қолдануға болады).
Патогенетикалық терапия. 1.Тілменің патогенезінде екіншілік иммунды тапшылықтың ролін ескеріп комплексті емдеу кестесіне міндетті түрде иммунокорректорлар қосу қажет. Олар: интерлейкин – 2 (ронколейкин), интерферонның индукторлары (циклоферон, интерферонның индукторы бактериальды сұйық
2. Витаминотерапия - аскорбин қышқылымен бірге В топ дәрумендері 15 - 20 күн тағайындалады.
3. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (реопирин, индометацин, диклофенак).
4. Антигистаминді препараттар.
5. Интоксикациямен күресу барысында (5% глюкоза ерітіндісі, 5 - 10% аскорбин қышқылының ерітіндісі, натрий хлорид изотониялық ерітінді) қолданылады. Тәуліктік диурез көрсеткіші бойынша қабыну ошағында сулы сұйықтықтың мөлшерін қадағалап отыру керек.
Жергілікті терапия.
Тілмеде тек дененің соңғы бөліктерінің кең буллезды элементінде жергілікті ем колдану керек. Жедел тілме кезінде ошақты тітіркендіріп, бірден экссудацияны күшейтетін және репарацияны баяулататын Вишневский майың қолдануға тиым салынған. Эритематозды түрінде бриллиант көгімен, булланы жарғанда фурациллин ерітіндісі, іріңді асқынулары кезінде хирургиялық ем тағайындалады.Ашылған көпіршіктердің бетіне 0,1% риванол ерітіндісін немесе 0,02% фурацилин ерітіндісін тәулігіне бірнеше рет ауыстырып қояды. Ұзақ эрозия сақталған жағдайда эрозия үстіне винилин (Шостаковский бальзамы) тағайындаймыз. Жергілікті ем көпіршік пайда болғаннан бастап, репарация үрдісі - қабыршықтанғанға дейін жүреді.
УКС (УФО), УЖЖ (УВЧ), лазермен емдеу қолдануға болады
Тілмемен ауырған науқастарды бақылау және тексеру, стационардан шығару.
Тілменің жеңіл ағымындағы науқастарды үй жағдайында емдеуге болады. Тілменің рецидивті ағымына (бұрынғы қабыну орнындағы тері инфильтрациясы, тұрақты ісіну синдромы, лимфостаз, ұлғайған және ауру сезімді лимфалық түйіндер) әкелетін қолайсыз қалдық белгілердің болмауымен көрінетін клиникалық сауығудың нәтижесінде стационарда емделген науқастарға шығарылу ұсынылады.
Келесі бақылау және диспансерлеу тұрғылықты орны бойынша жұқпалы аурулар емханалық кабинетінде жүргізіледі.
Науқастың күтімі. Науқас терісінің таза болуын, дәретке отыруын қадағалау. Науқастарға жартылай сұйық диета, көп сұйықтың ішуі тағайындылады. Тілменің гангренозды және буллезды түрінде жақсы күтім және гигиенаны сақтау керек, ал сонымен қатар іріңді асқынуларды асептикалық ережелерді сақтау қажет. Тілменің бу ллезді түрінде жарылмаған көпіршіктерді абайлап кесіп, эксудатты шығарып, қабыну ошағына 0,1% ривонол ерітіндісін немесе 0,02% фурациллин ерітіндісімен күніне бірнеше рет өндеу жасап ашық ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |