232
«бауыр иісі» байқалады. Науқас қайта-қайта есінеп, бірнеше рет құсады. I- прекоманың
басты белгісі – күндізгі кезде көп ұйықтау. Бұл белгілер терінің сарғаю дәрежесінің
артуымен, бауыр көлемінің кішіреюімен, геморрагиялық белгілермен, лабораториялық
көрсеткіштердің нашарлауымен жүреді.
В гепатитінің ауыр түрінде бауыр энцефалопатиясының дамығанын көрсететін ең
алғашқы белгілер – протромбинді индекстің төмендеуі, психикалық жағдайының
нашарлауы.
ЖБЭ-II-ші дәрежесінде
қозу белгілері сопорозды жағдайға ауысады. Науқастың
есі есеңгіреген, уақыт пен кеңістікті дұрыс айырмайды. Бірақ жұту және көз рефлекстері
сақталған. Бұлшық еттердің құрысулары, әсіресе құстың қанатының қағысына ұқсас
«шапалақтаушы» қол ұштарының дірілі байқалады. Брадикардия тахикардиямен ауысады.
Кейде дене қызуы жоғарылайды. Кейбір науқастарда қан кету белгілері «кофе тәрізді
құсық массалары», қара түсті нәжіс байқалады. Сопорозды жағдай біртіндеп комаға
айналады. Электроэнцефаллограммада (ЭЭГ) альфа-ритмнің төмендеу көрінісінде тета-
толқындар анықталады.
ЖБЭ-ң III-ші дәрежесінде
науқас сұрақтарға жауап бермейді, ауру сезіміне
адекватты жауап қайтармайды.
Патологиялық рефлекстер анықталады (Бабинский, аяқ ұшының клонусы және
т.б.), оральды автоматизим белгілері (хобаттың, Маринеску-Радовичи және т.б.) көрінеді.
Дефекациямен зәр шығару өздігінен жүреді.
Кома дами келе (
Достарыңызбен бөлісу: