Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет70/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
Клиникасы
.
 
Инкубациялық (жасырын) кезеңі 1-10 күнге (жиі 5-7 күнге) созылады. 
Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуіне байланысты келесі түрлерін 
ажыратады:
1.
 
Біріншілік-ошақты түрлері:
а) менингококк тасымалдаушы;
б) жедел назофарингит;
в) пневмония;
2.
 
Гематогенді-жайылмалы түрлері:
а) менингококкемия - типті, «жәй оғындай», созылмалы;
б) менингит;
в) менингоэнцефалит;
г) аралас (менингококкемия+менингит);
д) сирек түрлері: эндокардит, артрит, иридоциклит.
Жас адамдардың арасында аса кең таралғандары – менингит пен аралас 
(менингококкемия+менингит) түрлері, ал сирек кездесетін түрі - менингитсіз 
менингококкемия, сондай-ақ менингоэнцефалит.
Жедел назофарингит
 
- іріңді менингиттің басталу кезеңі болуы мүмкін немесе 
менингококкты инфекцияның дербес клиникалық білінуі болуы ықтимал. Ол дене 
қызуының орташа көтерілуімен (38

С дейін) және 1-3 күндей сақталуымен, ағзаның әлсіз 
улануымен (шаршағыштық, бас ауыруы, бас айналу) және назофарингитпен сипатталған
.
Менингит
жедел басталады. Науқастардың жартысында ғана (45%) 1-5 күндей 
назофарингит түрінде басталып, менингитке ұласуы мүмкін. Ауру ағзаның улануымен, 
көз алмаларының ауыруымен, әсіресе қозғалғанда, содан кейін маңдай-самай 
тұстарындағы, сирек-желке тұсындағы бастың ауыруымен ерекшеленген. Бас ауруы 
азапты түрде тез үдейді. Науқастың тәбеті жойылып, жүрек айнуы білінеді. Ал ауыр 
түрлерінде ақыл-ес бұзылады (сомноленция, сопор, кома). Ауру басталғаннан кейінгі 12-
14 сағаттан соң ми қабықтарының қозуының объективті симптомдары пайда болады 
(желке еттерінің сіреспелігі, Керниг, Брудзинский, Гийон, Бехтерев, Мейтус 
симптомдары). Қанда-жоғары нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. 
Менингококкты 
менингоэнцефалит
ауыр 
ағыммен 
сипатталған. 
Ми 
симптоматикасы тез күшейеді. Бірінші тәуліктің соңы мен 2-ші тәуліктің басында терең 
сопор түріндегі ақыл-естің бұзылуы дамиды. Онымен қатар менингеальды белгілер де 
үдейді. Аурудың басталуынан 1 тәуліктен соң көпшілік науқастарда менингеалды қалып 
байқалған (науқас бір бүйіріне қарай аяқтарын бүгіп, басын шалқайтып жатады). 
Науқастарда тез арада психикалық бұзылыстар, толық немесе жарым-жартылай амнезия, 
көру және есту галлюцинациялары, эйфория немесе депрессиялық жағдай дамиды.
Менингитсіз менингококкемия
сирек тіркелген. Аурудың жеңіл ағымында дене 
қызуы –38-39

С жоғарылайды. 1-ші сағаттарында-ақ аяқ-қолдың терісіне, кеудеге 
мардымсыз жұлдызша түріндегі қанталаған бөртпе шығады (диаметрі 2-3 мм). Аурудың 
орташа түрінде дене қызуы - 40

С тез арада көтеріледі. Геморрагиялық көп бөртпелер 
сирақ, жамбас, шап және қолтық асты терілеріне, ішке және кеудеге шығады. 
Бөртпелердің көлемі 3-7 мм-ге дейін өсуі мүмкін. Ал ауыр түрінде бұл бөртпелердің 
көлемі 5-15 см дейін үлкейеді. Көз шеліне, көздің дәнекер қабығына, мұрын 
жұтқыншағының шырышты қабықтарына қан құйылулар байқалған. Сондай-ақ мұрыннан, 
асқазаннан, жатырдан қанның кетуі мүмкін. Ересектердің ауыр және өте ауыр 
менингококкемиясы менингитпен сәйкес келеді. Науқастарда эндокардит, миокардит


70 
перикардит типтері бойынша жүректің зақымдануы, ірі қан тамырларында қанның 
ұйысуы, токсикалық-инфекциялық шок сияқты асқынулар байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет