Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет72/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Емдеуі.
Ерте басталған және адекватты терапия науқастың өмірін сақтауға 
мүмкіндік бермек. Аурудың жедел кезеңінде этиотроптық және патогенетикалық емдерді 
қоса отырып, комплексті терапияны жүргізеді. Этиотропты терапияның негізгі препараты 
-бензилпенициллин, оны тәулігіне науқастың дене массасының 1 кг-на 200-300 мың 
бірліктен есептеп тағайындайды. Препаратты 4 сағат аралығымен бұлшықет ішіне 
енгізеді. Бір мезгілде кофеин бензоат натрийді (1 реттік дозада 4-5 мг/кг), лазикс (15-20 
мг/кг), натрий хлориді мен глюкозаның (15-20 мл/кг) ерітінділерін белгілеу тиімді болып 
саналады. Бұл препараттарды 8 сағат аралығымен күре тамырға енгізеді. Терапияның 
ұзақтығы 6-7 тәулік. Емдеу барысында пенициллиннің тәуліктік мөлшерін төмендету, 
сондай-ақ көрсетілген патогенетикалық емді қайта-қайта ауыстыру жарамайды.
Левомицетин-сукцинатты 1,0-1,5 г күре тамырға немесе бұлшықет ішіне 8 сағат 
сайын, рифампицинді пероральды 0,6 г-нан 8 сағат сайын қолданады. Менингококты 
инфекцияның жайылмалы түрлерінде таңдаулы антибиотиктерге бензилпенициллин, 
ампициллин, цефотаксим, цефтриаксон, цефтазидим сияқты препараттар жататын болса, 
ал альтернативті топқа рифампицин, левомицетин, меропенем қарастырылады.
Күре тамырдың қысымы бірден түсіп кеткен жағдайда қосымша күре тамырға 1 
мл 1% мезатон ерітіндісі, 500 мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі енгізіледі. Ауыр 
түрдегі науқастарға кең спектрлі этиотропты препараттарды (цефалоспориндер, 
фторхинолондар, аминогликозидтер және т.б.) тағайындайды. Пенициллинді тәулігіне 32-
40 млн. бірлікте қолдану керек. Токсикалық-инфекциялық шок дамығанда немесе ми 


71 
ісігінде қанда едәуір гипопротеинемия байқалса, 1-ші тәулікте күретамырға альбумин 
(20%, 10%, 5%) ерітіндісін енгізу керек.
Денсаулығын қалпына келтіру ұзаққа созылған кезде науқастар дәрумендерді 
(ундевит, гексавит), глицерофосфат кальцийді 0,5 г-нан күніне 2 рет және глютамин 
қышқылын 1г-нан күніне 2 реттен алуы қажет.
Жедел назофарингит кезінде мұрын- жұтқыншақты фурациллин ерітіндісімен 
шаю керек.
Болжамы.
Өлім қаупі 5-6%-дан 12-14%-ға дейінгі деңгейді құрайды. 
Менингитпен ауырған науқастарда астения синдромы жиі байқалады. Менингит 
энцефалитпен үйлескенде, сал ауруы мен шала салданулар білінуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет