Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет80/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Эпидемиологиясы.
 
Аурудың көзі –науқас адам. Контагиозды қасиеті 1 күн бөртпе 
пайда болғанға дейін басталып қабыршақтың әбден түскенге дейін сақталалады. Берілу 
 
жолы – аэрогенді. Алғашкы кезеңде вирус мұрын тамақтың шырышты қабатында сосын 
бөртпелердің ішінде сақталады. Бірақ контакты, инокуляциялық, трансплацентарлық 
жолдарымен жұғуы мүмкін. Вирус киімге, төсеккке түсіп кепкен түрінде айлар бойы 
сақталады. Сол себептен науқас жатқан бөлменің ауасын тазартып тұру кажет. 
Патогенез және патанатомиясы. 
1.Вирустың кіру қақпасы жоғары тыныс жолдардың шырышты қабаттары.
2.Вирустың біріншілік көбею жері – лимфа түйіндері мен бауыр.
3.Сосын біріншілік вирусемия дамиды. Вирус мононуклеарлы фагоциттердің ішінде 
көбееді. Бұл сатылары жасырын кезеңге сәйкес келеді. Аурудың көрінісі екіншілік 
вирусемиядан басталады. 
4.Екіншілік вирусемия әсерінен жайылмалы түрі дамып, гематогенді жолдармен 
вирус теріге еніп терілік тамырларының эндотелийін зақымдап ісік, периваскулит, некроз 
шақырады. Қабыну үрдісі терінің терең қабаттарын зақымдап тыртықпен аяқталады. 
Аурудың ауыр жағдайларында тромбогеморрагиялық синдром дамып (қара шешек) 
науқастың терісі, шырышты қабаттары, ішкі ағзалары қанталап тұрады. Іріңді-септикалық 
аскынулар қалыптасуы мүмкін: өкпе және т.б. ағзалардың абсцессі.
Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. 
Клиникалық көріністері

Жасырын кезеңі – 8-12 күн. 
Ауру қалтыраудан, қызудан жедел басталады, белінің, сегізкөз тұсының, аяқ 
қолдарының қатты ауыру сезімі байқалады.
Аурудың 2-4 күндері алғашқы продромальды бөртпе пайда болады: науқастың 
төсінде, шаптарында, сандарында. Алдынан қызылша тәрізді дақ, сосын олар бір бірімен 
қосылып үлкен эритемаға айналады. Сирек экзантема розеолезды немесе петехиальды 
болады. Бөртпе тез қайтады.
Аурудың 4-ші күні қызуы түсіп, науқастың жағдайы жақсарып айығып келе жатқан 
сияқты болып көрінеді. Бірақ тап осы уақытта негізгі шешек бөртпесі пайда болады.
Бөртпе алдынан науқастың бетінде, сосын білектерінде орналасады. Бұл дақ, сосын 
папулаға, везикулаға, пустулаға қабыршыққа соңында тыртыққа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет