Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Болжамы. Легионеллездің болжамы қолайсыз. Легионеллезді өкпе қабынуында  өлім қаупі 15-20% құраған. Алдын алу шаралары



Pdf көрінісі
бет86/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 Болжамы.
Легионеллездің болжамы қолайсыз. Легионеллезді өкпе қабынуында 
өлім қаупі 15-20% құраған.
Алдын алу шаралары.
Аурудың басты профилактикалық шаралары - инфекцияның 
көздерін табу және оларды дезинфекциялау. Химиопрофилактика мен ерекше 


80 
профилактика жете зерттелмеген. Жедел өкпе қабынуының өршуі және жаз-күз 
мезгілдеріндегі тыныс алу жолдарының ауруларының көбеюі эпидемиологиялық 
талдауды талап етеді. Өнеркәсіп объектілеріне, электростанцияларға, емдеу мекемелеріне 
жылына 2 рет профилактикалық тазарту және су жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізу 
қажет.
 
БАЛАЛАРДЫҢ АУА – ТАМШЫЛЫ ИНФЕКЦИЯЛАРЫ 
 
КҮЛ АУРУЫ (ДИФТЕРИЯ, DIPHTHERIA) 
Анықтамасы.
Дифтерия – коринебактериялар тобының Леффлер бактериясымен 
қоздырылатын, ағзаның улану белгілерімен және мұрын, жұтқыншақ шырышты 
қабықтарының фибринозды қабынуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Тарихи мәліметтер. 
XIX ғасырдың 20-шы жылдары француз ғалымдары Бретонно 
және Труссо күл ауруын бөлек нозологиялық түрге ажыратқан. Бретонно «дифтерит» 
терминін енгізген. «Дифтера» - қабыршақ деген сөзді білдіреді. 1846 ж. Труссо 
«дифтерия» терминін енгізген. 
1883 ж. Клебс күл қоздырғышын алғаш рет тапқан, ал Леффлер 1884 ж. күл 
бактерияларын таза дақыл түрінде бөліп, олардың қасиеттерін зерттеген. Соған 
байланысты күл қоздырғышын Леффлер бактериясы (БЛ) деп атаған.
Этиологиясы
.
Күл ауруын бактериялардың токсигенді штаммдары туғызады, олар 
экзотоксин 
түзеді. 
Экзотоксиннің 
құрамына 
дермонекротоксин, 
гемолизин, 
нейраминадаза, гиалуронидаза кіреді. Қоздырғыштың морфологиялық белгілері: грам оң 
таяқша, екі ұшы жуандаған шыны сауыт (колба) түрінде және жеке микробтар бір-біріне 
түйісе рим сандары ретінде орналасады. Сау адамдардан бөлінетін дифтерия 
таяқшасының токсигенді емес штаммдары эпидемиялық қауіп тудырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет