161
Аурудың 2-3 күнінде бауыр, 50% науқастарда көк бауыр ұлғаяды. Сарғыштану
пайда болып, конъюктивада, теріде геморрагиялар анықталады (№50-51 сүреттер).
Геморрагиялық бөртпелер аурудың сарғыштануысыз өтетін түрінде де кездеседі.
Бауырдың
тығыздығы қатты, ауру сезімімен сипатталады. Биохимиялық зерртеулерде
жалпы билирубин, тікелей және тәкелей емес
фракцияларының көрсеткіштері, АлАТ,
АсАТ, сілітілі фосфатаза ферменттерінің белсеңділігі жоғарлайды. Вирусты гепатиттер
мен салыстырғанда лептоспироз кезінде бұл көрсеткіштердің өзгеруі орташа денгейде.
Бүйректің зақымдануы – лептоспироздың өршу кезеңіне тән белгі. Олигурия,
аурудың ауыр түрінде анурия, бүйректің жедел жетіспеушілігі қалыптасуы мүмкін. Одан
басқа – протеинурия, цилиндрурия, гематурия анықталады. Бірақ АҚ жоғарламайды, ісік
болмайды. Қанда қалдық азот, креатинин көрсеткіштері жоғарылайды.
Орталық жүйке жүйесінің зақымға ұшырау салдарынан бас ауыруы,
бас айналуы,
ұйқысыздық,
сандырақтау
тәрізді
белгілер
анықталады.
Серозды
менингит,
менингоэнцефалит қалыптасуы мүмкін (10-20%).
Гемограммада нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ –ның жоғарлауы (40-60 мм\сағ.)
Айығу кезеңі
аурудың 20-25-ші күндері басталады. Бұл кезде дене қызуы қалыпқа
келеді. Мүшелердің қызметінің қалпына келуі (бүйрек, бауыр, ОЖЖ) өте баяу өтеді. 20-
60% оқиғаларда аурудың қайталануы болады. Бірақ ол тым жеңіл өтпек.
Асқынулары.
1.
Инфекциялық – токсикалық шок.
2.
Бүйрек-бауырдың жедел жетіспеушілігі.
3.
Бүйректің жедел жетіспеушілігі.
Достарыңызбен бөлісу: