Тақырыбы: Қазақ тіліндегі «У» дыбысының еоекшеліктері



Дата15.09.2017
өлшемі464,42 Kb.
#32725
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№7 орта мектебі» ММ

 

Тақырыбы:



Қазақ тіліндегі «У» дыбысының еоекшеліктері

 

Секция: қазақ тілі

 

  

Ғылыми жетекшісі: Испулова Кульбаршин Жумашевна



Қостанай қ.

13.09.16 жыл


Аңдатпа

Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы – Қазақ тіліндегі «У» дыбысының ерекшеліктері.

Зерттеу мақсаты: «У» дыбысы, әріпі қазақ тілінде өзге тілдерге қарағанда қандай өзгерістерге ұшырайтын ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

Қазақ тілінің «у» дыбысын әр түрлі жағдайда қолдануы туралы материалдарды жинақтау;

Функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында «у» дыбысының ерекшеліктерін зеррртеу.

Зерттеудің әдістері:

Қазақ тілі грамматикасын тереңдетіп меңгеру, оқушылар және мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу.



Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде Тақырып таңдалып, мақсаты, міндеттері, әдістері анықталды.

Екінші кезеңде «У» дыбысының қазақ тілі грамматикасында алатын орнын зерттеп, тәжірибе жұмыстарын жүргіздім.

Үшінші кезеңде «У»- әріп, дыбыс, жұрнақ, сөз екені туралы материалдарды жинақтап, мысалдар арқылы дәлеледеу жұмысын жүргіздім.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

-Тақырыпты жан-жақты зерттеп танысу барысында , алынған тақырыптың қазақ тілі грамматикасында алатын орнын анықтадым.

- Сауалдама жүргізу барысында «у» дыбысының ерекшеліктеріне деген көзқарастарын белгіледім.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Мазмұны


Кіріспе..............................................................................................................3

1 Бөлім.Теориялық бөлім.

1.1. Қазақ тілі фонетикасының зерртелу тарихына аңдатпа..........................4-5

1.2.Дауысты дыбыстардың жүйесі..............................................................6-10

2 Бөлім. Негізгі бөлім.

2.1.Қазақ тілінің «У» әріпі............................................................................11

2.2. Қазақ тіліндегі «У» дыбысының ерекшеліктері..................................12-15

2.3. « «У» сөз бе, дауысты ма, дауыссыз дыбыс па?»..............................16

Қорытынды ....................................................................................................................17-18

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................................19



Кіріспе
Қазақ тілін бастауыш сыныптардан бастап оқып жүрмін.Сонымен қатар орыс тілін де оқып келемін. Бір байқағаным «У» дыбысымен екі тілде де танысып бір айырмашылығын байқадым, ол меніөте қызықтырды. Өсейе келе осы қазақ тілінің өзгешілігін зерттейін деп шештім.Дыбыстык ерекшеліктер орыс. звуковые особенности — белгілі бір тілдік өзіне ғана тән Дыбыстык ерекшеліктер Олардан эр тілдің өзіндік табиғаты танылады. Мысалы, сөз ішіндегі дауыстылардың үндесіп, әуендесуі, ерін үндестігінің екінші буыннан ары аспайтыны т.б. қазақ тіліне тән дыбыстық ерекшеліктерге жатады

У, И, Ұ, Ү, О, Ө дыбыстарының тарихы. Су, бу, келу, кету сөздерінің құрамындағы у дыбысын қазақ тілі грамматикасында дифтонг дыбыс деп қарайды. Дифтонг деп танылуы алдынан көмескі болса да бірде ұ, бірде ү естіледі (бұлардың екінші сыңарлары әдетте буын құрамайтын, яғни, дауыссыз дыбыстар болады). Қазіргі тілдердің материалдарын салыстырып қарайық: хақас: суғ, тува, шор: суг, башқұрт: һыу, қазақ: су, қырғыз: суу, т.б. Бұл фактілерден мына дыбыс сәйкестігін көруге болады: уғ//ыу//уу//у. Сонда қазақ тілінде уғөзгерісі болған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі елу сөзін көне түркі тіліндегі елліг сөзімен салыстырғанда да іг>у сәйкестігі байқалады. Сонымен, у дифтонг дауыстысы көне түркі тілінде қолданылған уғ (кейде іг) дыбыс тіркесі негізінде қалыптасқан болып шығады.

Осылардың ішіндегі мені өте қызықтырған «у» дыбысының ерекшеліктері. Бұл дыбыс дауысты да дауыссыз да, жауан да жіңішке де және өзі бір сөз, бір ұғым білдіретіні зерттеу жұмысын жүргізуге жетелеп отырды.

3

Теориялық бөлім.

1.1. Қазақ тілі фонетикасының зерртелу тарихына аңдатпа

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. 



Қазақ фонетикасын зерттеуге арналған еңбектер сонау ХІХ ғасырдан басталады. Сол уақыттан бергі қазақ фонетикасын зерттеген іргелі еңбекетрге арнайы тоқталу. /Ильминский, Мелиоранский, Сазантов, Терентьев, Алтынсарин, В.Радлов, Ж.Әбуов, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамедов, І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Райымбекова, Қалиев, Қошқаров, Исаев, Сарыбаев, Омарбеков, Нұрмағамбетов, Нақысбеков, Сыздықова, Неталиева, Уәлиев, Базарбаева, Фазылжанова, Исаева, Күдеринова тәрізді ғалымдардың ғылыми көзқарастарына жүйелі түрде, кезең бойынша тоқталу.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды. 

4

Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым — қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман-кадрлар шықты. қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған — фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті.



Фонетика саласы фонология, эксперименттік (тәжірибе) фонетика, салыстырмалы фонетика, тарихи фонетика тәрізді тармақтарға жіктеле

бастады. Республикамыз өзінің даңқты елу жылдық тойын тойлағалы отыр. Осы даңқты елу жыл ішінде қазақ фонетикасы жайында нелер істелді, қандай табыстарға жеттік, алдағы кезде қандай шұғыл міндеттер тұр — осылар жөнінде өз пікірлерімізді ортаға салмақпыз.

Мектептерде қазақ тілін оқыту және жазу ережелерін (алфавит, графика, орфография) жетілдіру ісімен байланыс¬ты әуелгі кезде қазақ фонетикасы жөнінде біраз шағын еңбектер— мақалалар жарың көрді.

В.Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ фонетикасының едәуір мәселелері, атап айтңанда: дыбыс құрамы, сөзде дыбыстардың қолдану ерекшелігі, дыбыстардың дистрибуция кезеңі, ол дыбыстардың әр түрлі өзгеру заңдылықтары, сингармонизм   құбылысы, екпін категориясы сияқты өзекті мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме болады. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған.





5

1.2.Дауысты дыбыстардың жүйесі

Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады.

Дауысты дыбыстар (Вокализм) орыс. гласные звуки — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, у, у. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан—жіңішке болып бөлінеді. Жуан дауыстылар орыс. твёрдые гласные — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, у т.б.

Жіңішке дауыстылар орыс. мягкие гласные — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, у т.б.
Қысаң дауыстылар (орыс. узкие гласные, гласные верхнего подъёма) — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, у, у.
Еріндік дауыстылар (орыс. губные гласные) — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, у, у, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.


6



Дауыстылар үндестігі орыс. гармония гласных — екі немесе көп буынды сөздердегі дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан (бала, балалар), не біркелкі жінішке (кісі, әншілер), сондай-ақ не бірынғай еріндік тутун (тутін), бугунгі (бугінгі), не бірынғай езулік (әжелер, тынысты) болып үндесіп айтылуы. Мұны буын үндестігі деп те атайды.[1]
Дауыстылардың ерін үндестігі орыс. гармония губных гласных — сөздің бастапкы буынындағы о, ө, у, у ерін дауыстыларының әсерімен соңғы буындарындағы езулік ы, і, е дауыстыларының еріндікке айналуы. Мысалы: путүн — тутін, өнөр — өнер. Қазақ тілінде бірінші буындағы ерін дауыстының әсері екінші буыннан аспайды, ал үшінші буында тіпті әлсіз, жоқтын касы: бурулыс — бурылыс, көлөңке — көленке. Ерін үндестігі жазуда еленбейді. Орыс тіліндегі әдебиеттерде лабиальный сингармонизм деп аталады.

Қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, ö, у, і, и, ü),  консонантизм саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, дауыссыздарды қатаң (q, k, t, р, s, š), ұяң (γ, g, d, b, z, ž), үнді (n, m, η, r, l, Ι) және аралық немесе жарты дауысты (w, j) деп төрт түрлі акустика-артикуляциялың топқа жіктеген. В. Радлов ұсынған мына екі мәселені мақұлдай алмаймыз: оның бірі — w, j дыбыстарын  аралық  дыбыстар деп сонор дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі -бүйір (латераль) л сонорының сөзде жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема (сөз мағынасын ажырата алатын қасиеті бар) деп тануы. Қазіргі  тәжірибе фонетикасының берген мәліметіне қарағанда түркі тілдерінде оның ішінде қазақ тілінде w (у), j (й) дыбыстары  акустика-артикуля¬циялық табиғаты бойынша сонор немесе үнді дыбыстардың тобына жатады.

Қазіргі қазақ жазуындағы и‚ у‚ ю‚ я‚ ә тәрізді таңбалар бірде дауысты‚ бірде дауысты дыбыс әріптері болып‚ жазу сауатымызды арттыруға елеулі үлес қосып келеді‚ яғни оларды әріп ретінде емле ережесіне сай дұрыс қолдануды білеміз. Алайда олардың қандай дыбыстардың таңбасы екенін

7

екінің бірі біле бермейді‚ білген күннің өзінде тілдің дыбыстық жүйесіне сәйкес түсіне қоймайды. Мұның өзі осы әріптер кездесетін сөздердің дыбыс‚ буын құрамын айқындауда ағаттық‚айтуда ала-құлалық тудырып жүр. Көпшіліктің тіл жөніндегі таным-түсінігі мектеппен шектелетіні белгілі. Сол мектептің маңдай алды шәкірттерінің көбі-ақ бұл әріптерді дауысты дыбыстар түрінде танып‚ аюы‚ уы‚ суы‚ кие‚ ие‚ ая‚ ұя сияқты сөздерді а-ю-ы‚ о-ю-ы‚ у-ы‚ су-ы‚ ки-е‚ и-е‚ ұ-я түрде буындайтынынына таңдануға болмас.



“Қазақ тілі” (Ш. Бектұров‚ М. Серғалиев) оқулығын жазып отырған профессор ру сөзінің айтылуы у-ру‚ екі дыбыстан тұрады (1994‚ 20-б.) деп отырса‚ мектеп түлегіне не жорық? Сонда руы сөзі у-ру-ыболмасқа лажы жоқ. Жоғарыдағы сөздердің дыбыс‚ буын құрамын тұмшалап (бүркеп) танытпай тұрған и‚ у‚ ю‚ я әріптері екені түсінікті. Дауыстыларға жасаған шолуда и‚ у әрпі дүниеге қаулымен 1938 жылы келгені айтылды. Сонда қазақпен бірге келе жатқан сөздери мен у-ға тұтқын боп‚ жарымжан күйде қала ма‚ әлде бет пердесін ашып‚ бар болмысын таныта ма?

Фонетиканың мақсаты да‚ мәні де тілдің дыбыстық құрамын тап басып‚ дәл анықтау болуға тиіс. О баста ұу‚ үу‚ ый‚ ій сияқты қосарлы дыбыстарды таңбалау үшін алынған и‚ у әріптері көп ұзамай өзге дауыстылардан ерекше кейде жуан‚ кейде жіңішке болып келетін дауысты дыбыстар түрінде танылып‚ қатардағы оқушы тұрмақ‚ оқулық жазып жүрген тіл мамандарының өзін де біржола баурап алды. Оған себеп бұлар – орыс‚ араб‚ парсы‚ еуропа тілдерінде жалаң дауысты дыбыстар. Бұл екі әріп тілдің дыбыстық жүйесін бұзып‚ жұрттың басын қатырып болды. Оларды іштей дыбыстарға ажырату қиындығы 1983 жылы емле ережесіне: “и‚ у әріптері бар сөздер буындалғанда‚ келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын‚ су-ық‚ қу-а-қы‚

8

Дауысты дыбыстардың санын, сол сияқты сапасы мен ерекшеліктерін анықтау үшін оларды фонетикада қалыптасқан принциптер бойынша топтарға жіктеу қажет.



Дауысты дыбыстар жасалу орындарына қарай, дыбысталуына, еріннің қатысына қарай және дыбысталу процесінде тілдің көтерілу дәрежесіне қарай жіктеледі: 1) Дауыстылардың ашық және қысаң түрлері. Бұл дыбыстау мүшелерінің ашылу дәрежесіне негізделеді. Артикуляциялық мүшенің ашылу дәрежесіне сай дыбыстардың естілуі де екі түрлі: а, е, о, ө - ашық дауыстылар, ү, ұ, ы, і – қысаң дауыстылар. Бұл топтар қазіргі түркі тілдерінің бәріне тән. 2) Дауыстылардың жуан және жіңішке топтары дыбыстың айтылу тонының көтеріңкі не бәсең болуына негізделеді. Бұл принцип бойынша дауыстылар бір-біріне пар болатын екі топқа бөлінеді: а, о, ұ, ы – жуан, е, ө, ү, і – жіңішке фонемалар. Алайда қазіргі түркі тілдерінің барлығында да осы принцип түгел сақталмайды. 3) Дауыстылардың еріндік және езулік топтары. Еріндік дауыстылар түркі тілдерінің барлығында кездескенмен, көпшілік тілдерде сөз ішінде бірінші, екінші буындардан аспайды.

Қазақ тілі дауыстылар жүйесінің дамуын Ж.Аралбаев үш түрлі кезеңге бөліп қарайды: көне түркі кезеңі, орта түркі кезеңі және жаңа түркі кезеңі. Осы аталған дәуірлерде түркі тілдеріқұрамында кейін заңдылыққа айналып кеткен фонетикалық өзгерістер келіп шықты. Көне түркі кезеңінде, Ж.Аралбаевтың айтуынша, түбір сөз бір дауысты фонемадан (г), дауысты және дауыссыз фонемалардан (ГС), дауыссыз және дауысты фонемадан (СГ), дауыссыз-дауысты-дауыссыз фонемалардан (СГС) құрылған. Бұл кезеңде фонетикалық буын лексика-грамматикалық морфемамен сәйкес болған. Соған орай үш дауысты фонема: а, ы, у болған. Қазіргі қазақ тіліндегі байырғы сөздердің де басым көпшілігі осы дауысты фонемалармен айтылады. Орта ғасырда жоғарыда айтылған дауыстылар негізінде жаңа е, і, ү дауыстылары келіп шықты. Бұл фонемалар алдыңғы түбір құрамындағы а,

9

ы, у фонемаларының екінші түбір құрамындабейтараптануы, яғни, семантикалық қызметінің әлсізденуінің нәтижесі болды.

Тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде ғана бұл дауыстылар фонемалық айырым белгілерге ие болды. Түркі тілдері вокализмінің 8 дауыстыдан тұратын жүйесі осы кезеңде қалыптасса керек.

XV-XVI ғ. арасында дауыстылар жүйесі ә, и, у дыбыстарымен толығады. Ә дауыстысы шығыс тілдерінің ықпалының нәтижесі болса, и, у дыбыс қосындылары тіл құрамында болған дыбыс өзгерістерінің нәтижесі.

Қазақ тілі дауыстыларының ішінде оқшау тұратын дыбыс – ұ. Түркі негіз тілінде сөздің абсолют басында у дауысты дыбысы айтылғандығын қазіргі тарихи түркология дәлелдеді. Түркі тілдері салыстырмалы-тарихи фонетикасының авторлары у дыбысынан басталған деп 10 түбір сөз келтірген: у (ұйқы), у (ұ - сақ), удз (ұй - қас), уқ (ұқ), ул (ұл-тан), ур (ұр), ут (ұт), уч (ұшы, бір заттың ұшы), уч (ұш). Бұл сөздер қазақ тілінде ұ-дан басталады. Көне түркі тілінде сөздің басқы буынында айтылған у дыбысы қазақ, т.б. қыпшақ тілдерінде қысқа айтылатын, о мен у немесе у мен ы арасында естілетін жуан дауыстыға ауысқан. V-VІІІ ғ. жазбалары тілінде: қул-құл, уйа-ұя, уруш-ұрыс, соғыс, ур-ұр, утру-ұтыры, кезі, дәл кезі т.б. МҚ: улуғ-ұлық, ұлы, улаш-ұлас, бір-бірімен жалғас, уйат-ұят. «Түрікше-арабша сөздік»: кулағ-қулақ, құлақ, кулан-құлан, кулач-құлаш, кулун-құлын т.б. бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі сөз басында айтылатын ұ-ның арғы түбі көне түркілік осы позициядағы у дыбысы болады.

Қазіргі қазақ тілінде ұ дыбысы сөздің тек басқы позициясында тек бірінші буында ғана айтылады. Кейінгі буындардағы ұ қазақ сөзінде ы-ға жақын естіледі де, жазуда еленбейді. Бұл ерекшелік қазақ тіліндегі ерін үндестігінің әлсіздігінен туған – ерін дауыстысы езулікке айналады. Сөйтіп еріндіктен басталған сөздердің екінші буынындағы езулік ы дыбысы көбінесе көне түркілік у дыбысының көрінісі болып келеді у (ұ) – ы сәйкестігі түбір сөздер құрамында да ұшырасады: олдуруғ – отырық, оғулсуз – ұлсыз, баласыз т.б.

10

2 Бөлім. Негізгі бөлім.



2.1.Қазақ тілінің «У» әріпі

Әріп (араб «әріп») – дыбыстың жазбаша таңбасы. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.

Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатарындағы «у» 26-ншы орында тұрады, қатаң «т» әріпінен кейін және «у» әріптен кейін қазақ тілінің төл әріптері жуан «ұ», сосын жіңішке «ү» дыбыстары жазылған.

Әліпбиде таңбаланған белгісі мынадай; У, у, орфографиялық жазылуы белгісі; У,у.

Қазақ жазуында қазіргі дейін 2 түрлі әліпби қолданылады. Олар араб

Әріптеріне (төте жазуға) негізделген әліпби (1929 жылға дейін), латын әріптеріне негәзделген әліпби (1929-1940 ж.ж.). Қазіргі қолданыстағы әліпби – орыс әріптеріне (кирилицаға) негізделген әліпби 1940 жылдан бастап.

«У» әрпінің емлесі. У-дифтонг дыбыстың әрпі. Ол дауысты «у» және дауыссыз «у» әрпін де таңбалайды, жуан сөзде де жіңішке сөзде де жазылады.



У-әрпі барлық буында да жуан және жіңішке дауысты дыбыста да, қосарлы ыу,іу,ұу,үу дыбыстарын да таңбалайды. Мысалы: бару-еру, жүру-тұру, айту-кету.

Содай-ақ, мына сөздерде у дыбысы шамамен мына секілді дыбыстардың орнына таңбаланады.

Бу- бұу тоқу- тоқыу іру-іріу

Ту-тұу оқу-оқыу кему-кеміу

Қу-құу тору-торыу

Су-сұу жору-жорыу

жібу-жібұу

жүру-жүрұу 11



2.2. Қазақ тіліндегі «У» дыбысының ерекшеліктері.

Ең алдымен дыбыс деген не, дауысты дыбыстың жүйесіне назар аударып, у дыбысының ерекшеліктерін анықтаймыз.

Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергәге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.

Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.

Дауысты дыбысқа екпін түседі.

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.



Дауысты дыбыс: тіл,жақ және ерін қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

12

«У» әрпі дауыссыз дыбыстың әрпінен кейін жазылғанда, ол дауысты дыбыстың әрпі болып, буын құрайды: қу-лық, құ-ан, су-лық, ту-ған т.б.



«У» әрпі дауысты дыбыстың әрпінен кейін жазылғанда, ол дауыссыз дыбыстың әрпі болып табылады: тауқымет, тәуекел, тәуелсіз, тәулік, тәуір, тәугүл, т.б.

Етістіктің «у» дыбысына аяқталып, оған тұйық етістіктің – у қосымшасы жалғанса, етістік қос әрпімен жазылады.

Мысалы: сау+у – сауу, ту+у – туу, бу+у – буу,жу+у – жуу,қу+у – қуу, (керек),ау+у – ауу.

«У» әріпі екі дыбыстың орнына (дауысты – у және дауыссыз –у) қолданылады. бірақ бір дыбыс болып саналады. У,Ұ,Ә әріптері бірқатар жалаң сөздердің екінші буындарында да жазылады. Мұндай сөздер қазақ тілінде көп емес. Олардың кейбіреулері бір кезде қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткен араб-парсы сөздерді: мазмұн, бұлбұл, мақұл, дәстүр, мәжбүр, іңкәр, сірә, қуә, мағлұмат, дүддүл т.б.



Жеке тек қана «У» дыбысының ерекшеліктері.

  1. У –сөз.Қазақ тілінде, орыс тілінен аударғанда «у» сөздің атауын білдіреді: у-яд. Түркі тілдес сөздерде мен бір ғана әріптен, бір ғана дыбыстан тұратын толық сөздің мағынасын білдіретін дыбысты кездескен емеспін.

  2. У-жуан дауысты.«У» дыбысы кездесетін сөздерде, егер дауысты дыбыстардың басқалары жауан болса, ол да жауан болып келеді және жуан дыбысталады: жуан, таулар, бару, болу, дауысты, бастауыш,қашу.

  3. У-жіңішке дауысты.«У» дыбысы бар сөздің басқа дыбыстары жіңішке болса, бұл дыбыста жіңішке дауысталып, жіңішке дыбыс болып саналады: белбеу,жүру, кету, келу,еру, иіру, кешу, теру т.б.

13

У-дауыссыз дыбыс. Дауыссыздардың ішінде үнділер тобына жатады.

Υндi дауыссыздар деп аздап γнi бар фонемаларды айтады. Аздап γнi бар деген сөз γндi дауыссыздардың дауысты дыбыстарға жататындығын көрсетедi. Сондықтан да γндi дауыссыздар – дауысты дыбыстарға жақын дыбыстар. Осы дыбыстарға жеке-жеке талдау жасайық. Υндi дауыссыздарға р фонемасы кiредi. Р фонемасы тiл ұшы альвеольға нық тиiп, фонациялық ауа өте қарқынды шығу рақылы жасалады. Сөз ортасында р фонемасы бiр рет дiрiлдейдi де, ол сөз аяғында екi рет дiрiлдейдi. Сондықтан да бұл фонеманы вирациялық (дiрiл) дыбыс деп атайды.

Υндi фонемаларға у дыбысы да кiредi. У фонемасы интервокаль позицияда және ашық дауыстыдан кейiн де, бұрын да тұрып, таза γндi болады. Бұл γндi у фонемасы екi ерiннiң азын-аулақ дөңгелене келiп, сγйiрлнеуiнен пайда болады. Сондықтан бұл фонема ерiн γндiлерiне кiредi.


У фонемасының негiзiнен мынадай ерекшелiктерi бар, ол төмендегiдей позицияда келгенде дауыссыз, γндi фонемаға айналады:
1.У фонемасы дауыстының алдында тұрғанда 

γндiге айланады. Мысалы: уақыт, уәде, уәзiр т. б.

2.У дыбысы екi дауыстының ортасында 

келгенде γндiге айланады. Мысалы: жауап, сауап, қауiп т.б.

3.У дыбысы дауыстыдан кейiн келгенде γндiге 

айланады. Мысалы: тау, бау, сау, жеу т.б.



У фонемасы сөз басында, ортасында және соңында келе бередi. Осы у фонемасын айтқанда фонациялық ауа ауыз қуысы рақылы шығады. Сондықтан у фонемасы және р, л, й дауыссыздары ауыз жолды γндiлер деп аталады.
14 

  1. «У» дыбысы дауыссыздан кейін келсе, дауысты дыбыс болады, ашық буын құрайды

Ту, ру құ-ру,са-лу, ке-лу, бө-лу, тө-гу,ті-гу, су-ла, ту-ра,тұ-ру,а-ғу.

  1. «У» дыбысынан басқа дауыстыдан кейін келсе, дауыссыз дыбыс болып танылады да, бітеу буынды құрайды:

тау, құ-рау, сау-ық, бел-беу, дау-ыс-ты, бау-бақша, топ-тау т.б.

  1. «У» дыбысы сөз басында дауыстының алдында келсе дауыссыз дыбыс болып, бітеу буынды құрайды: уақ, уыс,уыл-дырық, т.б.

  2. «У» дыбысы сөздің алдында дауысты немесе дауыссыз дыбыстың алдында келсе, ашық буынды құрайды: у-ла,у-шыл.

  3. «У» дыбысы мына мысалдарды тұйық быунды құрайды: ау-ыз, ау-на, ау-лау,ми-яу-лау,ау-нады. Себебі дауысты «а» дыбыстан кейін, ереже бойынша «у» дыбысы дауыссыз болып тұр.

  4. «У» дыбысы тұйық етістіктің жұрнағы.бар-бару, ал-алу, кет-кету

«У» дыбысына аяқталған етістікке тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанса, екі «у» әріпі қатар жазылады: қуу,жуу,жауу,сауу,т.б

  1. Тұйық етістіктің –у жұрнағы «и» дыбысына біткен етістікке

жалғанғанда, «ю» әріпіне өзгеріп жазылады: ти+у=тию, ки+у=кию, жи+у=жию,сүй+у =сүю.

15

2.3.Практикалық бөлім. Сауалдама жүргізу.

Бұл бөлімде мен оқушылар және мұғалімдер арасында сауалдама жүргіздім. Сауалдама барысыннда төмендегі сұрақтарды ұсынып, жауапқа тарттым

1.-Бір ғана дыбыстын тұратын қазақ тілінде сөз бар ма?

2.-Қазіргі қазақ тілінде «У» дыбысы дауысты бола ала ма? Егер дауысты болса, қандай жағдайларда, мысалдар келтіріңдерші.

3.- Қазақ тілінде «у» дыбысы неге дауыссыз болады? Өз мысалдарыңызбен ділелдеп беріңізші?

4.- Қосымша ретінде «у» дыбысын білесіз бе?

5.-Қандай сөз табында қосымша «у» дыбысы? Орыс тілімен салыстыра отырып, мысалдар келтіріңдер.

6.- Неге және қандай жағдайларда «у» дыбысы «ю» дыбысының орнына жазылады?

7.-Буын жасау кезіндегі «у» дыбысының қатысы қандай?



8.У дыбысы қай уақытта дауысты болады?

Семантикалық картаны толықтыр:

Сөздер ——— Дауысты ——– Дауыссыз

Сусын —————+

Уыстау ———————————-+

Қауын ———————————–+

Ауыз ————————————-+

Умаждау ————+

Жусан —————+

16
Қорытынды


Өз жұмысымды қорытындылай келе қазіргі қазақ тілінің фонетика саласында, жоғарда көрсетіп кеткендей, фонетиканың жіктедуіне байланысты «У» дыбысы – дауысты, дауыссыз бола алады. Сонымен қатар «У» дыбысы бір сөздің ұғымын білдіреді. «У» дыбысы дауыссыз да, дауысты а болған жағдайларда, ашық, тұйық, бітеу буындарды құрастыра алады. Сондай-ақ «у» дыбысы қосымша болып, тұйық етістіктің жұрнағында көрсетіледі.

Басқа тілдерде «У» дыбысының осындай ерекшеліктерін байқаған жоқпын.

Қорытындылай отырып, бірнеше сұрақтарға жауабы әлі жоқ екенін аңғарды.

Кәдімгі бір-ақ дыбыс неге, қай себептен дауысты және дауыссыз бола алады. Бұл осы дыбыстың ерекшелігі екенін түсіндім, бірақ неге қазақ тілінде осындай өзгешіліктер бар екеніне жауап таба алмай қойдым.

Бұл жұмысты зерттеу барысында, әлі де сұрақтар туындағаннан, клесі кезеңде бұдан да тереңдетіп зерттеу, іздену жұмыстарын жалғастыру керегін түсініп, мәселенің түбіне жетіп, мені қызықтырған сұрақтарға жауабымды алсам деймін.

Өзімнің сөзімді ғаламтордан алынған мына мәліметтермен аяқтағым келеді:

-Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ  араб жазуы  пайдаланылды. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы  ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген ‘’төте жазу‘’ пайдаланылған. Қазіргі кезге дейін  Қытай  еліндегі қазақтар осы жазу үлгісін пайдаланады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін 

17

латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолданылуда. 2025 жылдан қазақ тілі латын графикасына ауысуы жобалануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуынанегізделген әліпбиді пайдаланады. 2000 жылдан бастап Тура Жазу енгізіле басталды, латын және кирилше түрінде. Тура Жазу Ахмет Байтұрсынұлы дыбыс жүйесін қолданады, оны енгізумен жекеменшік, мемлекеттік емес орталық айналысады.

Және де мына сөздерім зерттеу жұмысымды толық аяқтаймын.



18
Пайдаланған әдебиеттер

  1. Аханов К. «Тіл білімінің негіздері» Алматы «Санат» 1998 ж. 226, 234 б.

  2. Кузекова З.С. «Қазақ тілі» (фонетика,лексика,сөзжасам,морфология,синтаксис) Алматы 2004ж. 7 бет.

  3. Қ.Ибрагимов,Б.Базаргалиева «Қазақ тілі» (жооғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест) Алматы «Шын» 2006ж.8,9,10 беттері.

  4. Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада»( қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы) Алматы 1994. 400 б.

  5. Бегалиев Ғ. «Әріп, дыбыс, буын».- Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1935;

  6. Мелиоранский П.М. «Краткая грамматика казак-кингизского языка». Часть І. Фонетика и этимология. – СПб., 1894.

  7. Аралбаев Ж.А. «Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі жайында»// Кітп: Фонетика казахского языка. – Алматы, 1969. – 27-42 б.

  8. Байтұрсынов А. «Қазақ тілінің дыбыстары»// «Жаңа мектеп» журналы, №2; «Дыбыстардың жіктелуі». «Төте оқу» 1936, желтоқсан айы, №30; «Сөз үндістігі». «Төте оқу» 1937, 5 март, №7. (Байтұрсынов А. Шығармалары, Алматы, «Жазушы», 1989; «Қазақстан әйелдері», №4, 1989).

  9. Бегалиев Ғ. «Әріп, дыбыс, буын».- Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1935; «Сингорманизм деген не?»// «Халық мұғалімі», №3-4, 1941.

  10. Жұбанов Қ. «Қазақ тілі жөніндегі еңбегі»

  11. http://uz.denemetr.com/docs/768/index-93447-1.html?page=3

  12. http://ustaz.kz/kaz-

  13. www.qazaquni.kz


19

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет