Дәрістер бойынша қысқаша конспект.
№1 тақырып: Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері.
Дәріс мақсаты: Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс негіздеріне сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздеріне қысқаша сипаттама.
Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері.
Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бір бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгерісіне қарай өзгеріп отырады. Армияның бүкіл ұйымдастырылуы және олардың ұрыс жүргізу тәсілдерін қолдануы, сонымен бірге жеңістер мен жеңілісер материалдық, яғни экономикалық жағдайларға, адамдар мен қаруға байланысты.
Әскери өнердің дамуына қарай қару мен тактика арасындағы қатынаса және өзара байланысының қару-жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан-жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика-техникалық талаптар да өседі. Әскери іс дамуының қазіргі кезеңі қаруланған ұрыс пен оны жүргізу тәсілдерінің арасындағы өзара байланысының күшейтілуімен сипатталады.
Жаңа қарудың пайда болуымен байланысты командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны мен әдістері түбегейлі өзгереді. Бұрынғыдай емес, олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың, сондай-ақ өзар байланысты, ұрысты, техникалық және тылдық қамтамасыз етуді және т.б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді, стандартқа сай емес, жаңа әдістерін іздестіруде шығармашылық бастама көтеруі талап етіледі.
Мұның бәрі қазіргі кезде өзіндік ерекшелктері мен заңдылқтары бар жалпыәскери ұрыстың жаңа тактикасы туып, дамып келе жатқанын көрсетеді.
Қазіргі қару түрлерінің мүмкіндіктеріне, соғыс сипаты мен қарсыластың өзгерген әскери-стратегиялық тұжырымдамасына сәйкес, ұрысқа дайындалу мен оны жүргізудің тәсілдері жетілдірілуде.
Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалылық (маневрлілік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық-психологиялық және дене күш салуының жоғары болуы.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Қазірі заманғы ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.
Ұрыс нәтижесінде адамдар, қару мен әскери әрекеттердің материалдық негіздері сияқты қандай басымды факторлар әсер етеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10-11 сынып. Алматы, Мектеп,2004 жыл.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
№2 тақырып: Тактика және тактикалық дайындық міндеттері.
Дәріс мақсаты: Студенттерге тактикажайлы анықтама беріп онң ұрыс жүргізу барысында алатын орны туралы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Тактика – ұрыс туралы ілім.
ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы.
Тактика – ұрысты жүргізу туралы ғылым. Ол Қарулы Күштердің, әскер түрлерінің барлық бөлімшелері мен бөлімдерінің соғысты дайындауы, ұйымдастыруы және жүргізуінің теориясы мен практикасын қамтиды. Тактика бөлімше мен бөлім жауынгерлерінен жоғарғы ұрыстық дағдыны. Жеке қаруды, сондай-ақ бөлімдер мен бөлімшелердің қару-жарағы мен әскери техникасын толық ұрыстық қолдану мүмкіндіктерін, маневрлі ұрыс жүргізуін талап етеді.
Тактика дұрыстығының өлшемі – ұрыста жеңіске жету болып саналады. Бөлімдер мен бөлімше жауынгерлері игерген тактика өнері неғұрлым жоғары болған сайын, жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Кез келген ұрыс тактикалық тәсілдерден басталады, сонымен жүргізіледі және аяқталады. Қарулы Күштердегі тактикалық дайындық әскери дайындықың барлық пәндерін біріктіретін, жауынгерлерді оқытудың маңызды пәні болып есептеледі.
Тактиканы терең білу, ұрыста әрекет ете білу мен өз қаруы мен техникасын дұрыс қолдана білу – жауынгерлердің күшті қарсыластарды да жеңуіне мүмкіндік береді.
Барлық мемлекеттердегі тұрақты әскерлердің аздығын есепке ала отырып, соғыс уақытыныа қосындар шаруалар қауымынан құрылады. Мемлкетті нығайту мақсатында тұрақты әскердің саны өсті, ал қосынның рөлі түсе бастады. Армия жиі және ұзақ соғыстардың ықпал етуінен кәсіби ипатқа ие болды. Армияны кәсіби-жауынгерлермен толықтыру жүйесі ежелгі Грецияда б.з.д. ІХ ғ., Римде – б.з.д. ІІ ғ. біртіндеп милициялық жүйені ығыстырып құрылды.
XIV ғ-да Еуропа елдерінде, оның қатарында Русьте оқатар қарулар – зеңбіректер, мылтықтар пайда бола бастады. XV ғ. соңында XVI ғ-дың басында лафетке орнатылған зеңбіректер 500 м қашықтыққа шейін ата алатын қысқа ұңғылы ауыр мылтықтар білтелі мылтықтарды ығыстырып шығарады.
Жалдамалы армия орнын жалпы әскери міндеттілік негізіндегі жаппай армия басты. Бұл кезеңдегі қарулы күштер құрылысы тұрақты армия мен флотқа көшумен сипатталады. Ең алғаш мұндай армия XVII ғ-дың аяғында, буржуазиялық революция барысында Францияда, сосын Пруссия, Австрия және басқа да елдерде құрылады. Жаппай армияның құрылуы халық санының өсуіне ықпал етті. Егер біздің эрамыздың басында бүкіл жер шарында 150-200 млн адам тұрған болса, 1800 жылы халық саны 950 млн, ал 1860 жылы ол 1 млрд 300 млн адамға жетті.
XVIII ғ-дың соңында тегіс ұңғылы 250-300 м қашықтықта ататын мылтық пайда болды. XVIII ғ-дың басында бұл мылтық білтелі мылтықты ығыстырып шығарды. XVIII ғ. қарулануға иілген дүмді мылтықтардың түсе бастауы – көздеп оқ атуға мүмкіндік жасады, XVIII ғ-дың екінші жартысында жеңілдетілген лафеттер мен дала артиллериясы ойлап шығарылды. Аталған қарулардың баллистикалық жақсы жақтарының арқасында артиллерия өз әскерінің басынан асыра оқ ата алу мүмкіндігін алды.
XIX ғ-дың ортасында тегіс ұңғылы қару-жарақтың орнын ойықты қару басты. Бұл зеңбіректер мен мылтықтардың ұрыс мүмкіндіктерін арттырады. Артиллерияда ядро орнына снарядтар қолдана бастауы ату қашықтығын ұлғайтты.
ХІХ-ХХ ғғ. Аралығында әскери істе маңызды өзгерістер болды. Армияның саны шұғыл өсті – соғыс кезінде халық санының 10-20% -ы (ХІХ ғасырмен салыстырғанда 3-5 есе көп) жұмылдырылды. Тарихта тұңғыш рет көп миллиондық армия пайда болды. Майдан мен тыл арасында өзара байланыс орнады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Тактика пәні нені зерделейтінін айтып беріңдер.
XIV ғ. дейін қандай қару түрлері болды?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№3 тақырып: Қазіргі жалпы әскери ұрыстың мәні. Қазіргі ұрыстың күштері және құралдары.
Дәріс мақсаты: Студенттерге жалпы әскери ұрыстың мәні, қазіргі ұрыстың күштері және құралдары туралы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Ұрыс туралы қысқаша сипаттама.
Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі құралдары.
Ұрыс – соғысушы тараптар жауынгерлерінің, бөлімшелері (ұшақ, кеме) мен бөлімдерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір жолы және қарсыласты жою не тұтқындау, сондай-ақ маңызды аудандарды (нысандарды, шептерді) басып алу мен ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, ұтқыр әскерлер, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теіңз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери-теңіз күштері қатысады.
Қазіргі заманғы ұрыс ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қоладынп жүргізілуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.
Қарулануға ядролық қару-жарақ пен ракетаны енгізу, құрлық әскерлерін артиллерияның, танкілердің және басқа да сауытталған ұрыс машиналарының көп мөлшерімен, әуе шабуылына қарсы қорғаныстың қазіргі заманғы құралдарымен және әр түрлі электронды тезникамен жарақтау қазіргі заманғы ұрыс сипатын өзгертті.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Ұрыс деп нені айтады?
Қазіргі жалпы әскери ұрыста зақым келтірудің қандай түрлері қолданылады?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Мотострелковая (танковая) рота в бою, А.С. Носков, 1988 г.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
№4 тақырып: Жалпы әскери ұрыстың түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.
Дәріс мақсаты: Студентттерге жалпы әскери ұрыстық түрлері туралы сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Жалпы әскери ұрыс түрлері:
А) Шабуыл.
Ә) Қорғаныс.
Б) Бетпе-бет ұрыс.
Ұрыс – соғысушы тараптар жауынгерлерінің, бөлімшелері (ұшақ, кеме) мен бөлімдерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір жолы және қарсыласты жою не тұтқындау, сондай-ақ маңызды аудандарды (нысандарды, шептерді) басып алу мен ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.
Мақсаты мен оған жету тәсілдеріне қарай тактикада ұрыстың мынадай түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе-бет ұрыс.
Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыластың толық талқандалуын қамтамасыз ете алады. Шабуылдың мәні – қарсыласты қолда бар құралдардың көмегімен талқандауды барынша қолдану арқылы және алынған нәтижені тиімді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан жерге сұғына ену, адамдарды, қару-жарақты, ұрыстық техниканы қолға түсіру және қарсылас аумағын басып алу. Қарсыласқан жауға маңызды ауданды (шепті, нысанды) шабуылдап алуға қажетті жағдайда ұтымды амалдар – соққының барлық құралдарын білікті қолдану, ядролық соққылардың, әуе соққылары мен артиллериялық атқылаудансоң пайдлану, бөлімшелердің батыл қимылдары, шабуылды тереңдей ілгерілетіп жедел дамыту.
Қорғаныс – бұл қарсыласқа айтарлықтай шығын келтіре отырып, оның шабуылын тойтару, маңызды аудандарды (шепті, нысандарды) бермей ұстап тұру, сол арқылы әскерлердің қарсы шабуылға шығуына жағдай жасаау мақсатында жүргізілетін ұрыстың бір түрі. Қорғаныс, ең алдымен, қарсыласқа атыс құралдарын барынша қолданып соққы берумен немесе сыналап кірген жағдайда оны атыспен және қарсы шабуылға шығу арқылы қайтару жағдайдың бастапқы қалпын сақтап қалумен сипатталады.
Бөлімшелердің қорғанысқа көшуі қарсыласпен тікелей түйіскен жағдайда немесе онымен түйіспей тұрған уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
Бетпе-бет ұрыс – шабуылдаушы ұрыстың бір түрі болып саналады. Ол екі тараптың да алдына қойған міндетін шабуылмен орындауға ұмтылғанда пайда болады.
Бетпе-бет ұрыс – шеру жасайтын әскерлерге тән. Сондай-ақ ол ұрыс барысында: шабуылда – шабуылдаушы қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде пайда болуы мүмкін. Бетпе-бет ұрыс кезінде әскерлердің негізгі іс-әрекеті қарсыласты қолдағы бар атыс құралдарымен ол қанат жайып үлгергенше шептік қашықтыққа шабуыл жасау; оның ұрыстық ретке жазылуы және тиімді шептерді басып алуының алдын алу; тыл және қапталдан соққы беру; қарсыласты бөлшектеп талқандау.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Шабуыл қандай мақсаттармен жүргізіледі?
Қорғанысқа сипаттама беріңдер.
Ұрыстың қандай түрі бетпе-бет ұрыс деп аталады? Оны басқа ұрыс түрлерінен айырмашылығы неде?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№5 тақырып: Басқарудың мәні және оған қойылатын талаптар.
Дәріс мақсаты: Студенттерге басқару жайлы және оған қойылатын алаптар жайлы анықтама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Бөлімшенібасқарудың мәнісі және оған қойылатын талаптар.
Бөлімшені басқарудың мәнісі бқлімше командирінің бөлімшенің ұрысқа дайындығын сай ұстау жөніндег нысаналы жұмыс жүргізуге, оның ұрысқа дайындауына және жүктелген міндеттерді орындау кезінде оны басқаруына саяды. Басқарудың негізгі командирдің шешімі болып табылады.
Бөлімше командирі бөлімшенің жауынгерлік дайындығы үшін, қару-жарақ пен техниканың ұрысқа әзірленуі, жауынгерлік міндеттің белгіленген мерзімде ойдағыдай орындалуы үшін, сондай-ақ жеке құрамның тәрбиесі, әскери тәртібі мен саяси-моральдық жағдайы үшін толық жауап береді. Ол өзін бағынышты сарбаздардың қайда және қандай міндеті орындап жатқанын, мұқтажын және саяси-моральдық жағдайын әр кезде білуге тиіс.
Ұрыста бөлімше командирі ұрыс алаңын бақылауға, қарсыласты барлау жүргізуге, бағыныштыларына дер кезінде міндет қоюғ, атыс құралдарының бәрін, сондай-ақ қарсыласқа атыспен берілген соққының нәтижелерін білікті пайдалануға міндетті.
Ұрысты бөлімше командирі әдете ұрыс орында ұйымдастырады, ал ондай мүмкіндік боламағанда сызба бойынша, жергілікті жер нобайында бастапқы ауданда ұйымдастырады. Соңғы жағдайда шабуылға көшу шебінде келген кезде ұрыстық міндеттер нақтыланады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Басқарудың мәнісі неде және ол не үшін арналған?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№6 тақырып: Бөлімді басқару бойынша бөлім командирінің міндеттері, ұрысты ұйымдастыру бойынша бөлім командирі жұмысының реттілігі және мазмұны.
Дәріс мақсаты: Ұрысты ұйымдастыру бойынша бөлім командирі жұмысының реттілігі және мазмұны жайлы қысқаша сипаттама.
Қарастырылатын сұрақтар:
Атысты басқару – бөлім командирінің аса маңызды міндеті.
Нысананы көрсету.
Атысты басқару бөлімше командирінің аса маңызды міндеті болп табылады. Оған мыналар жатады: жер үстіндегі және әуедегі нысаналарпды барлау, оның маңыздылығын бағамдап, қай кезекте құртылуға тиіс екенін анықтау; қару-жарақ пен оқ-дәрі түрін, атыс (ату) жүргізу түрі мен әдісін таңдау, нұсқаудың мақсаты, атыс бастауға пәрмен беру не атыстық міндеттерді қою; атыс нәтижелерін бақылау және оны дәлелдеп туралау; оқ-дәрінің жұмсалуын бақылау.
Атысты және бөлімшелерді басқару үшін аға командтир біріңғай бағдарларды басқару, бірлсесе қимылдау, хабарлау, шақырып алу, атысты өзгерту не тоқтату сигналдарын белгілейді. Оларды ауыстыруға тыйым салынады.
Бағдарлар ретінде жақсы көрінетін жергілікті заттар таңдалады. Түнде көздеуді пайдалану үшін бағдарлар ретінде көздеудің жету қашықтығы шегінде шағылыстыру қасиеті бар жергілікті заттар таңдалады. Бағдарлар оңнан солға қарай және шептер бойынша өзінен қарсылас жаққа қарай нөмірленеді. Олардың біреуі негізгі деп белгіленеді.
Нысананы көрсету бағдарлардан (жергілікті заттардан) және қозғалыс (шабуыл) бағытынан жарқырауық оқтармен және снарядтармен, снарядтардың жарылысымен және сигналдық құралдармен, сондай-ақ аспаптар мен қаруды нысанаға көздеумен жүзеге асырылады.
Ұрыста бөлімше командирі бағыныштыларды пәрмендермен, дауыстап айтумен, сигнал құралдарымен, жеке үлгісімен басқарады. Жаяу ретпен шабуылдау кезінде бөлімше командирі тікелей бөлімшенің ұрыстық ретінде болады. Ұрыстық машинаның (бронтранспортердің) ішінде бөлімше командирі бағыныштылардың қимылдарын сөйлесетін қондырығымен не дауыстап берілетін пәрмендермен және белгіленген сигналдармен береді.
Жағдайды аға командирге және көршілер мен қарауындағыларға хабарлау бөлімше командирінің ұрыстағы аса маңызды міндеті болып табылады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Атысты басқаруға нелер жатады?
Нысананы көрсету қандай құралдармен жүзеге асады?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10-11 сынып. Алматы, Мектеп,2004 жыл.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
№7 тақырып: Бөлімше командирінің міндеттері, бөлімше командирінің жұмысы.
Дәріс мақсаты: Бөлімше командирінің жұмысы жайлы және міндеттері туралы студенттерге анықтама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Бөлімше командирінің міндеттері және жұмысы.
Бөлімше командирінің әскери бұйрығында мыналар көрсетіледі: бағдарлар; қарсыластың құрамы, жағдайы және іс-қимыл сипаты, оның атыс құралдарның орналасқан жерлері, взвод пен бөлімшенің міндеті, көршілердің міндеті, жеке құрамның: оператор көздеушінің (қару көздеушісінің, бронетранспортердің пулеметі көздеушісінің), пулеметшілердің, гранататқышының, механик жүргізушінің, ал қажет болған жағдайда қалған жеке құрамның міндеттері; хабарлау, басқару сигналдары және олар бойынша іс-қимыл жасау реті; міндетті орындауға дайын болу, орынбасары.
Жеке құрамға міндеттер жүктеген кезде бөлімше командирі әрбір адамының ұрыстық реттегі (позициядағы) орнын көрсетіп, бақылау және атыс жүргізу ретін белгілеу керек. Әскери бұйрықты бергеннен кейін бөлімше командиріьбөлімшені міндеттерді орындауға даярлауды ұйымдастырады: ракеталарды, оқ-дәріні толықтыру, жаяу әскердің ұрыс машинасына (бронетранспортерлерге) техникалық күтім жасау, инженерлік қамтамасыз ету жөнінде белгіленген жұмыстарды орындау ұйымдастырылады, одан соң жеке құрамның міндеттерді білуін, олардың ұрыс үшін қажетінің бәрімен қамтамасыз етілуін тексереді де, взвод командиріне бөлімшенің ұрысқа дайын екенін баяндайды.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Бөлімше командирі не үшін жауап береді?
Ұрыста бөлімше командирі неге міндетті?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№8 тақырып: Ұрыс кезіндегі сарбазарың әрекеті.
Дәріс мақсаты: Жауынгердің ұрыс кезіндегі әрекеті және міндеттері жайлы студенттерге қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Жауынгерің ұрыстағы міндеттері.
Ұрыста жеңіске жету жеке жауынгерлердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарның, зеңбіріктер мен мина-атқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады. Әрбір жауынгер қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жойған сайын, соғұрлым шабуылдағы бөлімшенің алға жылжуы тез және қарсылас үшін қорғаныс тұрақты және берік бола түседі.
Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік бліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолдануы тиіс. Ол ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыруға даын болуға міндетті, сондықтан ол аралас әскери мамандықты игеруі керек.
Құрлық әскерінің (взвод, бөлім, танк) Жауынгерлік жарғысында әрбрі жауынгердің ұрыстағы міндеттері нақты анықталған. Ол взвод, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті тұстарын жақсы білуі тиіс; ұрыс барысында тыңғылықты бақылау жүргізе алуы қажет; қарсыласты байқаған сәтте ол туралы дереу командирге хабарлауға, шабуылда батыл және шешімді түрде қимылдауға, ал қорғаныста өзін берік және шешімді түрде қимылдауға, ал қорғаныста өзін берік және шешімді түрде қимылдауға, ал қорғаныста өзін берік және табанды ұстауға, қарсыласты қолда бар тәсілдер мен құралдар арқылы жоюға, батырлық, бастамшылдық және тапқырлық байқатуға, жолдасына көмек көрсетуге әзір болуға, ұрыста жергілікті жердің ерекшеліктерін, қорғаныс жеке құралдары мен машинаның қорғаныс сапаларын тиімді қолдануға; оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға, бөгеттер, табиғи тосқауылдар мен жергілікті жердің зақымдалған учаскесінен өтуге; танкіге және жаяу әскерге қарсы миналар орналастыруға және оны зиянсыздандыруға, санитарлық өңдеу, дезактивизация, газсыздандыру және дизентифекция жүргізуге, әуе қарсыласын тануға және төмен ұшатын нысаналарға атыс қаруынан атыс жүргізуге міндетті. Ол ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, ал егер ол қатардан шығып қалған жағдайда бөлімшеге басшылық жасауды өз мойнына алуға, командирдің рұқсатынсыз ұрыстағы орнын тастап кетпеуге, радтоактивті немесе улағыш заттар мен өртегіш қарумен зақымданғанда немесе жаралғанда өзіндік көмектің қажетті шараларын жасап, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыруға міндеті. Егер медициналық пункте бару туралы бұйрық берілсе, жауынгер өзімен бірге жеке қаруын алып жүруі тиі, ал медициналық пунктке бару мүмкін болмаған жағдайда, қарумен тасаға дейін еңбектеп барып, санитарларды күтуі тиіс. ЖҰМ (БТР) бұзылған сәтте ол жөндеу жұмысына дереу кірісуі қажет.
Бұл міндетті табысты орындау үшін жауынгер табанды түрде оқып, табанды түрде жаттығып, жоғары моральдық-жауынгрелік қасиеттерді меңгеруі және өзінің дене дайындығы мен шыдамдылығын, төзімділігін көтеруі тиіс.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Жауынгер өз міндеттерін табысты орындауы үшін не істеуі қажет?
Жауынгердің қарсыласты байқаған сәтте не істеуі қажет?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Мотострелковая (танковая) рота в бою, А.С. Носков, 1988 г.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
№9 тақырып: Бақылаушы сарбаз.
Дәріс мақсаты: Бақылаушы жауынгердің бақылау жүргізу барысында атқаратын қызметі және мінеттері туралы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Бақылаушы жауынгердің атқартын қызметі және міндеттері.
Оқпана – бақылаушының негізгі тасалайтын орны.
Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Мүндеттерді белгілеу кезінде бақылаушыға бағдармен жергілікті заттардың шартты атаулары; қарсылас орналасқан немесе оның пайда болуы мүмкін жері, оның не істейтіндігі, өз әскері мен көршілердің алыңғы бөлімшелері орналасқан жері; бақылау орны және оны қалай жабдқтау керектігін; бақылау секторы, қай уақытта нені білу немесе анықтауы, не нәрсеге назар аударуы, бақылау нәтижелерін қалай баяндау керектігі түсіндіріледі.
Бөлімше командиріне тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті жердің сызбасын құрастырады. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жердегі орнын анықтайды да, бөлімше командиріне, баяндайды. Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты белгімен түсіндіреді де, бақылау журналына жазады.
Бақылаушы, әдетте, бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перископ), жергілікті жер картасы немесе сызбасы, бақылау журналы, компос және сағат болцы керек. Бақылаушы үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндінше көбірек естіп, көре алатындай болып орналсауы керек.
Бақылаушының негізгі тасалайтын орны - оқпана. Ядролық қарудан қорғану үшін, сондай-ақ артиллерия мен авиация шабуылынан қорғану үшін оқпана жабу тиімді, ал оның тік жерлерін тақтамен жауып, қазық және таяныш бекіту керек. Бұдан басқа оқпанада қару, оқ-дәрі және ядролық қарудың зақымдаушы факторларын бақылау аспаптарын жасыратын сөре жасауға болады. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Бақылау және жүйелі түрде жергілікті жерді бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығына қарай 2-3 аймаққа бөлінеді. Аймаққа бөлінеді. Аймақ шекаралары, әдетте, бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Бақылау ауысымы кімнің бұйрығымен жүзеге асырылады?
Жатып атуға арналған оқпананың өлшемі қандай?
Бақылаушының баяндауы қандай болуы тиіс?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№ 10 тақырып: Шабуылдағы сарбаз:
Дәріс мақсаты: Шабуыл туралы қысқаша сиапттама беріп және шабуыл барысында шабуылдағы жауынгердің негізгі іс-әрекеттері және міндеттері жайлы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Шабуыл негіздері және ұрыс алаңында шабуылдағы сарбаздың іс-әрекеті.
Шабуылды ұрыс кезінде жауынгер бөлімше құрамында әрекет етеді.Жауынгер іс- әрекетінің,қимылының табысты оның шабуылға дайындығына байланысты.
Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс. Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ- дәрінің болуы ( қажет болса құралдар мен толықтырады): жеке қорғаныс құралдары мен жабдықтарының болуын және олардың жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер бұдан басқа қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді. Қараңғы уақытта атыста дәлдеу үшін оқжатарлар трассаланған оқтары бар патрондармен қосалқы түрде жабдықталады. Жабдықтау қимылды өзгертпей және шу шығармай жасалуы тиіс.
Егер шабуыл оқпана немесе ордан, қарсыласпен тікелей түйісу жағдайынан басталса, жауынгер тез секіріп шығу үшін өзіне бейімдеулер дайындап алады. Бұл үшін оқпананың алдыңғы тіктігінде қазан шұңқыр немесе сатылар жасалады.
Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді, “Шабуылға дайындал!” пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып “П” не “З” көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.”Шабуылға,алға!” пәрмені бойынша жауынгер оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жеделдетілген адыммен алға қозғала бастайды, ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітелген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін жауынгер өз қозғалысын қарсылысқа оқ атумен үйлестіреді.
Қарсылас жаппай жою қаруын қолдану нәтижесінде ұрыс алаңында зақымданған жер учаскелері пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге, шегінуші қарсылас шабуылдаушыларды ұстап тұру үшін, олардың жолдарына улағыш заттармен зақымдалған жер учаскелерін әдейі жасап қоюы мүмкін. Сондықтан шабуылдай отырып, дер кезінде осындай жер учаскелерін байқап, ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымдалған учаскелері командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.
Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса бұл туралы дереу командирге баяндау керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер олар орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.
Ядролы жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама- қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу керек. Осы әдіспен соққылы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол біліктерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айырып қалмау үшін бетті мүмкідігінше тығыз жабуы керек. Соққылы толқын өткеннен кейін, дереу тұрып, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыру қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Шабуыл алдында сарбаз нені білу керек?
Ядролық жарылыс байқаған сәттегі сарбаздың іс-әрекеті қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№11 тақырып: Қорғаныстағы сарбаз.
Дәріс мақсаты: Қорғаныс жайлы, және де қорғаныстағы сарбаздың іс-әрекеті, міндеті жайлы студенттерге қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қорғаныстағы жауынгердің ұрыстық мүмкіндіктері және міндеттері.
Жауынгер қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайд. Оның негізгі міндеті – өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай-ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекіген бекіністі ұстап тұруы. Жауынгер қорғаныстағы өзінің орнын тек командир бұйрығымен ғана тастап кете алады. Қорғаныста әрбір жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және оның қандай қимылға бет бұратынын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше ол командир пәрменімен атыс бастаы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.
Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы керек. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік келтірсе, тізерлей және тұрып ату үшін оқпананы тереңдетеді. Тізеден ату үшін оқпананы 60 см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110 см-ге дейін тереңдету керек.
Тәуліктің күндізгі уақытында сарбаз өз қаруын және түнгі көру аспаптарын түнгі атысқа дайындайды. Иүнде автоматтан атыс жүргізу үшін топырақ қалқадан науа алынады, одан автомат берілген бағытта көзделуі тиіс және шектегіш-қазықшалар (ағаш мүйізшелер) – автоматтың дүмі мен құндағына қағылады. Автоматты жоғары қарата тесігі бар тақта, шым қыртыс арқылы бекітуге болады.
Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20 м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтті таңдап, танкінің шынжыр табаны астына танкіге қарсы гранатты лақтырады. Егер танкіге оқ тимей, оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне қарсы гранат лақтырады. Танкіні зақымдаған кейін жауынгер өз қаруын атып, танк соңынан жақындап келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машина тастап кетуі кезінде автоматтан атыс арқылы жою қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Қорағыснтағы жауынгер ненің құрамында қимыл жасайды?
Егер оқпанаға танктер жақындаса жауынгердің іс-әрекеті қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10-11 сынып. Алматы, Мектеп,2004 жыл.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
№12 тақырып: Бағдарлаудағы сарбаз.
Дәріс мақсаты: Бағдарлау жайлы студенттерге қысқаша сипаттама бере отырып оның ұрыс жүргізу барысында алатын орны туралы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Бағдарлаудағы сарбаз және оның негізгі міндеттері және атқаратын қызметі.
Барлаудың негізгі түрлері.
Барлау – кез келген жағдайда әскерлердің ұрыстық қимылын қамтамасыз етудің түрі болып табылады, ол қарсылас, жергілікті жер және бөлімшелердің алдағы қимыл ауданының ауа райы туралы мәліметтерді табу, жинау, зерттеу іс-шараларының жиынтығынан тұрады. Ұрысты дайындау және табысты жүргізуге қажетті барлау мәліметтерін алу үшін оны барлық деңгейдегі командирлер мен штабтар ұйымдастырады.
Барлау міндеттері:
қарсыластың жаппай жою құралдарын қолдану координаттарын анықтау (бұл кез келген жағдайдағы барлаушылардың бірінші міндетті);
берілген секторлар мен бақылау жолақтарында, барлау жолақтары мен бағыттарында көршілердің және өз бөлімшелерінің қимылын, қарсыласты және жергілікті жерді бақылауды жүргізу;
қарсыласты ұрыстық ретіндегі ашық қапталдарын, түйіспелерін, аралықтарын және оның әлсіз қорғалған учаскілерін анықтау;
қарсыласты табу, оның орналасу аудандарын, күштерін, құралын, топтастығын, қимыл сипатын, ниетін, ұрыс қабілетін, бөлімдер мен бөлімшелерінің нөмірленуін анықтау;
басқару пунктерінің, байланыс топтарының, радиотехникалық құралдарының, алыс құралдарының, танк (ЖҰМ, БТР, БРДМ), артиллерия, миномет, танкіге қарсы құралдары мен қарудың басқа түрлерінің нақты жағдайын белгілеу;
қорғаныс құрлыстары мен инженерлік-химиялық бөгеттерді барлау;
жергілікті жер, рельефті қорғаныштың қасиеті мен сипатын, табиғи бөгеттерді, жол, көпір, су тосқауылдарының жай-күйін, алдағы ұрыс қимылдарының ауданын және бөлімшелердің ұрыс қимылдарына жергілікті жердің әсерін зерттеу;
қарсыластың ұрыстық сапаларын зерттеу және ұрыстық қолдану тиімділігін анықтау мақсатында олардың қару-жарағының жаңа үлгілерін ұстап алу.
Барлауды ұйымдастыратын немесе жүргізетін командир әрқашан өзінің жауынгерлік міндеттерін де, аға командирдің жауынгерлік міндеттерінде орындайды.
Торылуды ұрыстың барлық түрінде барлау жүргізудің бір әдісі ретінде барлау шолғыны және барлау шолғыны жіберген шағын бөлімі, сонымен бірге осыған арнайы белгіленген сарбаз қолданады. Жақсы ұйымдастырылған және дайындалған торуыл – қарсылас үшін тор іспетті. Оған түсу оңай, бірақ құтылу өте қиын. Барлаудың бұл әдісін көбіне танк бөлімшелері қолданады. Торылу қарсыластың ұрыстық ретке тез жазылуы қиын жерлердегі бағыттарында ұйымдастырылады, бұл қарсыласты атыспен және шабулмен кенеттен жоюды қамтамасыз етеді.
Іздеуді барлау жүргізудің әдісі ретінде мотоатқыш немесе штаттық барлау сарбаз қолданады (танк взвод іздеуді жүргізбейді, өйткені ол тек жаяу ретпен жүргізіледі).
Іздеуді жүргізуге белгіленген сарбаз, әдетте бөгет құралдарыбар саперлер бөлімімен күшейтіледі және артиллериялық, миноиеттік атыстармен сүйемелденеді.
Тап беру – барлаудың бір әдісі болып табылады, ол көп жағынан іздеуге ұқсас, айырмашылығы – шолғын жіберген командир рұқсатымен барлау шолғынының барлау жүргізу барысында жүргізіледі.
Тап беру дайндық мерзімі, әдетте, өте шектеулі болады және қолдау көрсететін артиллериялық және минаатарлық атыстың орнына ЖҰМ, БТР және танк атысы қолданылады. Тап беру кезіндегішолғын әрекеті іздестіру жүргізу кезіндегі сарбаз әрекетіне ұқсас, тек айырмашылығы – кей жағдайда тап беру кезінде объект қорғанысын құрту тобы тағайындалады.
Тап беруден соң шолғыншы алдын ала белгіленген жиналу ауданына барып, алдын ала қойылған ұрыс міндетіне сай қимылдауды жалғастырады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Барлауды ұйымдастыратын немесе жүргізетін кім?
Барлау әдістерінің бірі?
ІІ дүниежүзілік соғыс уақытында не арқылы қорғаныстың бірінші кезеңіндегі қарсылас туралы барлық мәліметтердің 40%-ға жуығы алынады?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№13 тақырып: Шабуылдағы бөлімше, шабуылдағы бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері, шабуылға дайындық және ұрыс негізіндегі бөлімше командирінің жұмысы.
Дәріс мақсаты: Шабуылдағы бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері және ұрыс негізінде бөлімше командирінің жұмысы жайлы студенттерге қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Шабуылдағы бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері және ұрыс негізіндегі бөлімше командирінің жұмысы.
Мотоатқыш бөлімшесі взвод құрамында шабуылдайды. Жүріп келе жатып шабуылға дайындалу кезінде бөлімше взвод командирі белгілеген орынға орналасады. Орналасу алаңында бөлімшенің жеке құрамы үшін, әдете, саңылау, ал ЖҰМ (БТР) үшін таса қазылады.
Бөлімше командирі тапсырманы алғаннан кейін оны нақтылап алып, әскери бұйрық береді. Әскери бұйрықта ол: бағдарлар, қарсылас қимылының сипаты, құралы, жағдайы, бөлімше шабуылы бағытындағы оның атыс құралдарының орны, взвод, бөлімше, көршілердің міндеттері және жеке құрамның міндеттерін көрсетеді; оператор көздеушіге – қарудың әр түрінен ату арқылы жойылуға тиіс нысаналарды, жаяуланудан кейін бөлімшеге қолдау көрсету тәртібін; пулемет пен гранататқышқа – бөлімше тізбегіндегі орны, жойылуға тиіс нысаналарды және атыс жүргізу тәртібін; жүргізуші-механикке (жүргізушіге) – қозғалыс бағыты мен тәртібін, бөгеттер мен тосқауылдардан өту ретін нұсқап түсіндіреді. Қажет жағдайда қалған жеке құрамға бөлімше командирі тізбектегі орынды және бақылау және атыс жүргізу ретін; жаяулану орнын; бөгеттер мен тосқауылдардан ату тәртібін, хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін; шабуылға дайын болу уақытын көрсетеді.
Егер қарсылас шегіне бастаса, онда мотоатқыш бөлімшесі оны тоқтаусыз, табанды түрде, әдетте, ЖҰМ-да (БТР-да) қуады. Қудалау кезінде жергілікті жер қыртысын шебер қоладынп, бөлімше қарсылас шегінісі жолына шығады да, взводтың басқа бөлімшелерімен өзара қимылдаса отырып, оның қимылын барлық құралдардан атыс жүргізу арқылы қысады және шешуші шабуылмен оған соққы беріп, талқандайды.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Шабуылдағы бөлімше ненің құрамында шабуылдайды?
Егер қарсылас шегіне бастаса мотоатқыштар бөлімшесінің іс-әрекеттері қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Мотострелковая (танковая) рота в бою, А.С. Носков, 1988 г.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
№14 тақырып: Қорғаныстағы бөлімше.
Дәріс мақсаты: Қорғаныстағы бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері жайлы және іс-әрекеттері жайлы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қорғаныстағы бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.
Қорғаныстағы бөлімше. Қорғаныстағы бөлімше басқа бөлімшелермен бірлесе отырып атыспен қарсыласты взводтың тірек пунктінің маңдай шебінде және қапталдарында жоюға мүмкіндік беретін бекіністерге орналасады және оны жабдықтайды.
Бөлімше сарбаздары бөгеттермен табиғи тосқауылдарды жақсы көретіндей және атқылай алатындай, сонымен бірге түнде атыс жүргізіп, маневр жасай алатындай болуы тиіс.
Бөлімше бекінісінде оның арт жағы мен қапталдарында ағ командирге бағынатын пулемет, оқтар, зеңбіректер және танкілер орналаса алады. Бөлімше командирі взвод командирінен тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, өз бөлімшесін берілген бекініске шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. Осыдан кейін ол ЖҰМ (БТР), пулемет, гранататқыш орнын анықтап әскери бұйрық береді.
Әскери бұйрықта бөлімше командирі бағдарлар, қарсылас туралы мәліметтер (оның шабуылының бағыты мен мүмкін уақыты, жағдайы); взвод пен бөлімшенің міндеттері (атқылаудың қосымша секторы мен атыс жолағы, бекініс); көршілердің міндеттері; жеке құрамның міндеттері. Оператор-көздеуші, механик-жүргізуші, пулемет және атқыш-гранататқышқа – (негізгі және қосалқы атыс бекіністерін атқыштарға – атыс орнын, ұрыс барысында ауысуы мен жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына – атыс жүргізу мен бақылау тәртібін; бұдан басқа оператор-көздеушіге және пулеметшіге – әрбір атыс бекінісінен атқылаудың негізгі және қосымша секторларын хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін қорғанысқа дайын болуы уақытын көрсетеді және орынбасар тағайындайды. Осыдан кейін бөлімше сарбаздары оқпана қазуға және оны бүркемелеуге кіріседі, сондай-ақ бақылау мен атыс жүргізу жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді тазалайды. Бұл кезде бөлімше командирі бағдарларға дейінгі қашықтықты анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізу үшін мәліметер дайындалады, атыс карточкасын жасайды.
Қарсылас шабуылды бастағанға дейін бөлімше өз бекінісінде жетілдіру жұмыстарын жүргізеді. Бекіністі жабдықтау жұмысы кезінде және қорғаныс ұрысы барысында бөлімше командирі, тағайындалған бақылаушы, сондай-ақ барлық сарбаздар қарсыласты үздіксіз бақылайды. Кезекші пулеметші (атқыш) уақытша немесе қосалқы атыс бекінісіне орналасады да, барлау жасауға немесе бөгеттерде өтпе жасауға ұмтылған қарсыластың жеке топтарын жою үшін өз бетімен атыс бастауға үнемі дайын отырады. Егер бөлімшеден кезекші ЖҰМ (БТР) бөлінсе, онда бекініске уақытша орналасады. ЖҰМ-да (БТР-да) дереу атыс жүргізуге дайын жүргізуші-механик ппен оператор-көздеуші болады.
«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киіп, өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл!» сигналы кезінде – газтұмылдырық, қорғаныш плащын, шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: - «Радиациялық қауп!» сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: «Химиялық дабыл!» сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзиді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.
Қорғаныс қазіргі заманғы жағдайларда күш пен құралдардың жетіспеушілігін белгілі бір шамада толтыруы мүмкін артықшылықтарға ие. Қорғаныс үшін табиғи шептерге орналасу, жергілікті жердің қорғаныштық қасиеттерін қолдану, оның инженерлік жабдықтарын қорғанушыларға бірқатар атыстық және тактикалық басымдылық береді, сондықтан оларды шебер және дер кезінде қолдану нәтижесі қарсыластың басым күшінің шабуылына қарсы тұра алуы мүмкін.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Қарсылас шабуылды бастағанға дейін бөлімше қандай жұмыстар жүргізеді?
«Радиациялық қауіп!» сигналы кезіндегі бөлімшенің іс-әрекеті қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№15 тақырып: Марштық, шерулік және қарауылдағы бөлімше, бақылаушы бөлімше.
Дәріс мақсаты: Марш, шеру және қарауылдағы бөлімше жайлы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Марштық және шерулік бөлімшелер жорық күзетінің негіздері және ұрыстағы мақсаттары.
Қазіргі жағдайда шеру негізгі қозғалыс тәсілі және әскердің маневрі жоғары ұрыстық әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.Осыған байланысты шерудің жеңіске жетудегі шешуші күштерінің бірі ретіндегі мәні күрт артып келеді.
Марштың, шерудің негізгі мақсаттары – қарсыласқа шабуылдау жолымен ұрыс міндетін орындау үшін ұрыста қимылдап жатқан әскерді күшейту үшін қарсылас соққысын тойтару немесе ұрыс қабылетін жоғалтқан әскерлерді ауыстыру үшін берілген шепте немесе көрсетілген ауданда әскерлерді дер кезінде шоғырландыру. Марш, шеру сондай-ақ толықтыру , қалыптастыру, әр түрлі жұмыстар мен демалыс өткізу үшін жаңа ауданға шығу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.Қазіргі заманғы ұрыс жағдайында авиация санының көптігін, әуе десанттары мен диверсиялық топтарының кең қолданылатынын, дұрыс жүргізудің ошақтық сипатының мүмкін екенін ескере отырып, шерудегі әскер үнемі жоғарғы ұрыстық қимылдарды дереу жүргізуге қабілетті болуы тиіс. Барлық жағдайларда – шеру жасырын, шектеулі көру жағдайында жүзеге асырылады. Жағдайға сәйкес шеру жасайтын әскерлер көрсетілген аудан немесе шепке дер кезінде және ұрыстық міндетті орындауға толық дайын келуі тиіс.
Ұрысқа кірер алдында марш, шеру жасағанда, барлық оның ұйымдастырушылары алдағы ұрысқа бағынышты болады. Бұл кезде жорықтық ретке тұру алдағы ұрыс мәнісінде толық жауап беруі және қарсыласқа атыс соққысын беру ұрыстық ретке тез жазылу және қарсыласқа жүріс барысында күшті соққы беруді жүзеге асыруды қамтуы тиіс. Мұндай марш, шеру қозғалыстың жоғарғы қарқынына ие, өйткені ол авиацияның, артиллерияның және қарсыластың басқа да атыс құралдарының соққысына тап болады. Бұл жағдайға взвод бас (бүйір, тыл) жорық заставасына бекітілуі мүмкін, ал кейде қозғалатын лекке қарсыластың кенеттен шабуылдауына жол бермеу, оның жер үсті барлауының енуін болдырмау және ұрысқа басты күштердің кіруіне ыңғайлы жағдайлар, жасау мақсатында қозғалмайтын бүйір заставасына немесе бас шолғынға бекітіледі.
Қарсыласпен қақтығысу қатері жоқ жағдайда марш, шеру жасау кезінде жорық реті қозғалыс ыңғайлылығын, жоғары шеру жылдамдығына қол және ұрыстық техниканы сақтауды еске ала отырып құрылады.
Мотоатқыш (танк) взвод рота легінде немесе өз бетінше жорықытық күзетте шеру жасайды. Лектегі машиналар мен взводтар арасындағы қашықтық – 25-30 м.
Шектеулі көру жағдайында, көктайғақта, сондай-ақ жоғарғы жылдамдықпен қозғалған кезде арақашықтық ұлғаяды.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
Шеру дегеніміз не?
Марш және шеру қандай мақсаттарда жүргізіледі?
Ұсынылған әдебиеттер:
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
Достарыңызбен бөлісу: |