Тәрбие жұмысының бағыттары. Әскери тәрбиенің маңызы мен мәні. ҚР ҚК Қорғаныс министрінің әскери тәртіпті жетілдіру бойынша талаптары. Заманауй ұрыстың әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық және жауынгерлік сапаларына қоятын талаптарын



бет1/4
Дата19.10.2023
өлшемі43,8 Kb.
#186631
  1   2   3   4
Байланысты:
Т және ИЖӘ, 6-1-готово
?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министрлігі, 10-saba -jelektr-tizbegi-degenimiz-ne, тжа, Тактика 800100-3-такырып, Т және ИЖӘ, 6-2-готово, Саптық д-қ №1-2, Т және ИЖӘ, 5-2-готово, Т және ИЖӘ, 8-1

1 –ші оқу сұрағы.
Тәрбие жұмысының бағыттары. Әскери тәрбиенің маңызы мен мәні. ҚР ҚК Қорғаныс министрінің әскери тәртіпті жетілдіру бойынша талаптары. Заманауй ұрыстың әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық және жауынгерлік сапаларына қоятын талаптарын түсіндіру.
Тәрбие жұмысының бағыттары.

Жеке құрамды тәрбиелеу кешенді болуы тиіс және келесі бағыттар бойынша құрылады:
-идеологиялық бағыт,
-мемлекеттік-патриоттық бағыт,
-әскери бағыт,
-адамгершілік бағыт,
-құқықтық бағыт,
-халықаралық ынтымақтастық бағыт,
-экономикалық бағыт,
-эстетикалық бағыт,
-физикалық бағыт,
-экологиялық және т.б.
Мемлекеттік-патриоттық тәрбие маңызды қасиеттерге ие азаматты – бейбіт және соғыс уақытында кәсіби міндеттерін орындауға қабілетті және Қазақстанның патриоты тұлғасын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Әскери тәрбие әскери қызметшілерді қаруланған Отан қорғаушылар ретінде дайындау мүддесінде, олардың рухани және физикалық дамуына жүйелі және мақсатты әсер етуі.
Адамгершілік тәрбие әскери қызметшілерде адамгершілік қасиеттерді және сапаларды (адалдық, ар-ождан, артықшылықтары, құрмет және т.б.) қалыптастыру мақсатында олардың санасына, сезімдеріне және еркіндігіне әсер ету ретінде және әскери қызметшілерді адамгершілік, эстетикалық және экологиялық білімдермен, көзқарастармен, идеалдармен қаруландыру, әлемдік және ұлттық мәдениетке баулу туралы қарастырылады.
Құқықтық тәрбие – әскери қызметшілерде тұрақты құқықтық көзқарастар мен идеяларды, сенім мен сезімді қалыптастыру мүддесінде олардың санасы мен психикасына мақсатты, жүйелі әсер ету, құқықтық білімдерін күнделікті өмірде және қызметте практикалық қолдану дағдыларын үйрету.
Халықаралық ынтымақтастық - ол басқа мемлекеттердің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара әрекеттесуді ұйымдастырудан тұрады және халықаралық құқық бағдарламасы, оның ішінде халықаралық гуманитарлық құқық негізінде құрылады.
Эстетикалық тәрбие - әскери қызметшілердің рухани әлемінің эмоционалды-сезімдік саласын жан-жақты дамытуға бағытталған (әдемі, керемет, асыл сезімді дамытуға және т.б.).
Дене тәрбиесі денсаулықты нығайтуға және қатаюға, ерікті, жауынгерлік және психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Экологиялық тәрбие қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік мақсатында әскери қызметшілерде экологиялық ойлауды, адамның табиғаты мен ондағы орны туралы қажетті экономикалық, заңдық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруға арналған.
Тәрбие жұмысының мақсаты нақты анықталған - әскери қызметшілердің бойында әскери кәсіпқой және сенімді Отан қорғаушы қасиеттерін, қойылған міндеттерді орындауға жеке жауапкершілігін қалыптастыру және дамыту.
Қойылған мақсат оны іске асырудың тиісті құралдарын да көздейді.
Әскери тәрбиенің маңызы мен мәні.
Әскери тәрбие әскери қызметшілерді Отан қорғаушы ретінде даярлау мүддесінде олардың рухани және физикалық дамуына жүйелі және мақсатты әсер етуден тұрады. Барлық әскери қызмет процесінде жүзеге асырылады және әскери борышты орындау үшін қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерді тәрбиелеуге жіберіледі.
Әскери тәрбиенің негізгі жолдары:
-әскери қызметшілерді тәрбиелеу мен оқыту процесінің ажырамас бірлігін жүзеге асыру;
-әскери бөлімдерде (бөлімшелерде) бүкіл қызметті, тұрмысты ұйымдастыруда қатаң жарғылық тәртіпті сақтау болып табылады;
-әскери қызметтің әр түрлі түрлерінде әскери қызметтің қауіпсіздігін және әрбір әскери қызметшіге моральдық-психологиялық қолдауды қамтамасыз ету;
-оқу процесінде қазіргі заманғы ұрыстың нақты жағдайлары мен жағдайын модельдеу;
-лауазымды тұлғалардың барлық санаттарының жеке үлгі болуын қамтамасыз ету;
-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қалыптасқан әскери рәсімдер жүйесін пайдалану және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет