Мемлекеттік экологиялық саясат және оны Қазақстан өңірлерінде іске асыру тәсілдері. ҚР аймақтық экологиялық саясатының негізгі бағыттары



бет1/7
Дата14.12.2021
өлшемі3,38 Mb.
#100462
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Экология негіздері


Мемлекеттік экологиялық саясат және оны Қазақстан өңірлерінде іске асыру тәсілдері. ҚР аймақтық экологиялық саясатының негізгі бағыттары. Өңірлік экологиялық бағдарламалар: энергия үнемдеу және баламалы энергия көздерін дамыту, қалдықтарды кәдеге жарату, жерді пайдалануды аумақтық ұйымдастыру және аңтайландыру, ерекше қорғалатаны табиғи аумақтар жерлерін дамыту және биоәртүрлілікті сақтау. Аймақтың «ерекше экологиялық аймағы» мәртебесі және оның өңірлік экологиялық саясатты қалыптастырудағы рөлі. Аймақтық экологиялық саясат және Қазақстан аймақтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстанның шекаралық аудандарындағы экологиялық саясаттың ерекшеліктері.

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн — қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. 

Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы — «Радиациялық қауiпсiздiк туралы» Заңдар, ал 2002 жылы — «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы — Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданып, көптеген өзгерістерге ұшырап отырды.

Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi экологиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi.Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық проблемалар мәртебесi сол күйiнде қалып отыр. Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде. Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған мiндеттердi шешу ұсынылып отыр.

Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары — облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы қоршаған ортаны қорғау басқармалары және республикалық инспекциялық басқармасы болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жер қойнауын қорғау жөніндегі бақылау- қадағалау функциялары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітіліп, Министрліктің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті құрылды. Министрлік қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық түрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу болып табылады.

Министрліктің ведомствосы — Табиғатты қорғауды бақылау комитеті, сондай-ақ мемлекетгік мекемелердің үйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары-облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бар. Енді осы Министрліктің функцияларына тоқтал кетсек: Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеге сәйкес: —    Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі (бұдан әрi — Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi басшылықты және салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

—    Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. —    Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi Ал енді министрлiктiң негізгі құқықтарына келсек: —    қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: —    тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу; —    өз құзыретi шегінде қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат ету, лицензиялық және экологиялық-сараптама қызметi, нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн, сондай-ақ ұтымды табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдiстерi мен тетiктерi жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiруi;

—    қоршаған орта, климат пен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесін, сондай-ақ гидрометеорологиялық бақылаулар мен метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiру; —    өз құзыретi шегiнде меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттiк органдардың, шаруашылық жүргiзуші субъектілердiң табиғат қорғау заңнамасын сақтауын және орындауын қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; —    қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы заңнаманы жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру; —    оршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн қалыптастыру және дамыту, қоғамның экологиялық мәдениетiн арттыру; —    қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келiсiмдердi iске асыру аясындағы саясатты әзiрлеу;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет