Рота бойынша кезекшінің міндеттер і
Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде түрған қару-жарақтың, тапаншалар түрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жөшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші (1-сурет) рота бойынша кезекшіге бағынады.
Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіреберіс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.
Ол:
рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;
бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, сондай-ақ рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз казармадан қару-8жарақты, оқ- дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге; ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскериызметшілері арасындағы өзара қарым- қатынас ережелерін бүзушылық, байқалған ақаулар және ©рт қауіпсіздігі талаптарының бүзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
жеке қүрамды таңертеңгі түру уақыты кезінде, сондай-ақ дабыл немесе өрт болған жағдайда түнде оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;
үй-жайлардағы тазалық пен тәр-тіпті қадағалауға жөне әскери қызмет-шілердің оларды сақтауын талап етуге;
әскери кызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;
әскери кызметшілердің темекі шегуін, аяқкиім мен киімдерін тазалауын осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;
ротаға тікелей бастықтары — рота командирінен бастап, одан жоғары бастықтары, бөлім бойынша кезекші келген кезде: «Тік түр!» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның офицерлері келгенде, сондай-ақ басқа ротаның старшиналары мен әскери қызметшілері келгенде, кезекшіні шақыруға міндетті. Мысалы: «Рота бойынша кезекші, шығыңыз!»
Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарактарын алып қоюға, киімінің түймесін ағытуға тыйым салынады
Достарыңызбен бөлісу: |