193
Аренавирустар (Arenaviridae)
Буньявирустар (Bunyaviridae)
Флавивирустар (Flaviviridae
Олардың құрамында бір жіпшелі РНҚ бар.
Вирусты геморрагиялық қызбалардың патогенезінің толық зерттелмеген, негізгі
дамитын патогенетикалық механизм вирустың түрімен байланысты болады:
вирустың тікелей цитопатогендік әсері;
тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауы, олардың бүтіндігінің бұзылуы және
қандағы вазобелсенді заттардың (тромбоциттер, кининдер, адреналин және басқа
биологиялық белсенді заттардың) алмасуы;
микроциркуляцияның бұзылыстары;
иммунологиялық механизмдер, арнайы антиденеледің түзілуі, гиперэргиялық
жауаптың дамуы;
қан ұю факторларының азаюы;
ТШҚҰ-нышанының әртүрлі дәрежедегі көрінісінің құрылуы;
Вирусты геморрагиялық қызбалардың клиникалық синдромдарына жатады:
қызба
интоксикация синдромы: әлсіздік, бастың ауруы, бастың айналуы, жүректің
айнуы, құсу
айқын миалгиялар, артралгиялар, іштің ауруы
геморрагиялық синдром: геморагиялық бөртпелер, қан құйулар, қан кетулер
Қазақстанда Қырымдық геморрагиялық және бүйрек синдромымен сипатталатын
геморрагиялық қызбалар тіркелген. Олардың қоздырғыштары буньявирустар тобына
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: